• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 520 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қарашада № 12273 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің
2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша» ішкі сыныбында:
«18 Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар»;
1 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында:
«21 Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу»;
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобында:
381 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
002 «Жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткiзу» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
2) «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар» кіші сыныбында:
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар 2 01 7 18   100 100 100  
1 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кіші сыныбында:
Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 5 01 1 21   100 100 100  
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.