Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
2
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 31.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру туралы оң қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша электрондық кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті www.egov.kz электрондық порталы арқылы «броньдауға» болады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар Мемлекеттік корпорацияға бір данада:
Toggle Dropdown
1) сәйкестендіру үшін жеке куәлігін;
Toggle Dropdown
2) ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалану негіздемесіне қатысты мәліметтерді, су пайдалану мақсатын, жерасты суларын өндірудің жылдық және маусымдар бойынша есептік көлемін, сондай-ақ пайдаланылатын және резервтік ұңғымалардың санын қамтитын, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтінішті қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттардың электрондық көшірмелерін түсіреді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация жұмыскері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі берілетін күнді көрсетеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді оның жұмыскері азаматтың жеке басын куәландыратын құжат көрсеткен кезде (не оның өкіліне сенімхат бойынша, заңды тұлғаға өкілдігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
Toggle Dropdown
2) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 90-бабының 6-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не тиісті жергілікті атқарушы орган басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда почтамен не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15 және 17-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша беріледі.
Toggle Dropdown
Қолма-қол, сол сияқты почтамен келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Toggle Dropdown
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің www.mcx.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары» кіші бөлімінде;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mcx.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Toggle Dropdown
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу
сапасындағы жерасты суларының жеткілікті
қоры бар аумақтарда ауызсумен және
шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға
байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу
сапасындағы жерасты суларын пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініштің нысаны
Toggle Dropdown
Кімге:__________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы)
Toggle Dropdown
Кімнен:_________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Toggle Dropdown
Өтініш иесінің мекенжайы ________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)
Toggle Dropdown
Өтініш иесінің деректемелері______________________________________________ (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi, ________________________________________________________________________ заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
Toggle Dropdown
Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
Негізі: _________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
Өтініш иесі _____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Toggle Dropdown
Мөр орны (бар болса) (заңды тұлғалар үшін)
Toggle Dropdown
20 жылғы «____» ___________
Toggle Dropdown
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініштің нысаны
Toggle Dropdown
Кімге:__________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы)
Toggle Dropdown
Кімнен:_________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Toggle Dropdown
Өтініш иесінің мекенжайы ________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)
Toggle Dropdown
Өтініш иесінің деректемелері______________________________________________ (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi, ________________________________________________________________________ заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
Toggle Dropdown
Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
Негізі: _________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
Өтініш иесі _____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Toggle Dropdown
Мөр орны (бар болса) (заңды тұлғалар үшін)
Toggle Dropdown
20 жылғы «____» ___________
Toggle Dropdown
1
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу
сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры
бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық
сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар
үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын
пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, ________________________________________________________ мекенжайында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №____ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
1) _______________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
2) _______________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
3) _______________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
4) _______________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
5) _______________________________________________________________________
Toggle Dropdown
ұсынбауыңызға байланысты, «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
Осы қолхат, әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы) Орындаушы:_______________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) Телефоны _________________________________________________________________ Алдым: ___________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы)
Toggle Dropdown
20___жылғы «____» __________