• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығына 4-қосымша

«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 15.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгіну кезінде:
келесуді беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мыналарға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
тасымалдайтын желілердегі, су тұтыну нүктелерiндегi судың шығынын, ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайынғы талдау жөніндегі деректер;
су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларының есептері;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары;
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
тасымалдайтын желілердегі, суды тұтыну нүктелеріндегі, судың шығынын, ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемдерін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау жөніндегі деректердің электрондық көшірмесі;
су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары есептерінің электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларының электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратан құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау, мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушілерге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғаны, құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгімен расталады;
портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) бекітілген Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.
Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет ресурсында корсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
Кімге:___________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы)
 Кімнен:__________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш иесінің
 мекенжайы _______________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Өтініш иесінің
 деректемелері ___________________________________ (жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН)
 Бұрын келісілген су тұтынудың үлестік нормалары туралы деректер (нөмірі, берілген күні, мерзімі, егер бұлар өтініш иесінде бар болса) _____________________
ӨТІНІШ
Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісуді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш иесі
 _______________________________________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)
Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)
20 жылғы « »
«Су тұтыну мен су бұрудың
 үлестік нормаларын келісу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына 2-қосымша
Өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін өнімнің бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары
2-қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өнім түрі Өнімнің өлшем бірлігі Сумен қамту жүйесі Су тұтынудың жеке нормасы, текше метр/өнім бірлігі
Технологиялық қажеттіліктерге Қосалқы және қосымша қажеттіліктерге
Барлығы оның ішінде су Барлығы Оның ішінде
Таза су айналымда келесі пайдалануда   Таза су айналымда келесі пайдалануда
техникалық ауыз су жиыны техникалық ауыз су жиыны
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Кестенің жалғасы
Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне барлығы оның ішінде бірқалыпсыз су Маусымдық тұтынудағы бірқалыпсыз коэффициент
Барлығы Соның ішінде су
Таза су айналымда келесі пайдалануда Таза су айналымда келесі пайдалануда
техникалық ауыз су жиыны техникалық ауыз су жиыны
16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
«Су тұтыну мен су бұрудың
 үлестік нормаларын келісу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына 3-қосымша
Өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін өнімнің бірлігіне су бұрудың үлестік нормалары
3-қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өнім түрі Өнімнің өлшем бірлігі Шығынның жеке нормативтері, текше метр/өнім бірлігі Басқа тұтынушыларға берілген жеке нормативтер немесе кері қайтарылмайтын суды тұтыну нормативтері м3/өнім бірлігі Суды пайдалану бағыты бойынша суды бұрудың жеке нормалары, текше метр/өнім бірлігі
Технологиялық қажеттіліктерге Қосалқы өндіріс қажеттіліктеріне Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне барлығы Технологиялық қажеттіліктерге Қосалқы және қосымша өндіріс қажеттіліктеріне Шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер барлығы Оның ішінде ағынды сулар
Тазалауды қажет ететін Нормативтік таза жиыны Тазалауды қажет ететін Нормативтік таза Жиыны     Тазалауды қажет ететін Нормативтік таза
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
«Су тұтыну мен су бұрудың
 үлестік нормаларын келісу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына 4-қосымша
4-қосымша алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығымен (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Таза судың есептік шығынын, соның ішінде өнеркәсіптің түрлі салалары үшін оны пайдаланумен ауыз су сапасын салыстыру
«Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тұрақты суармалау кезінде су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары

Ык, агроклиматтық аймақтардың шифры

Көрсет кіштер

Нетто суландыру нормасы, текше метр/гектар

Суару тәсілдері

Су ысырабы, текше метр/гектар

Су тұтыну, текше метр/гектар

Су бұру, текше метр/гектар

суару кезінде

тасымалдау кезінде текше метр/гектар

атауы

жалпы ауданнан %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Су шаруашылығы бассейні

1.1 Су шаруашылығы ауданы


 

Вегетациялық суару

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы және ауданы


 

Үстіңгі бетін


 


 


 


 


 


 

Жаңбырлатып


 


 


 


 


 


 

Тамшылап


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Вегетацияаралық суару

Ылғал зарядтылар


 


 


 


 


 


 


 

Шаю


 


 


 


 


 


 

«Су тұтыну мен су бұрудың
 үлестік нормаларын келісу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына 6-қосымша
Көлтабандап суару кезіндегі су тұтыну және су бұрудың үлестік нормалары
6-қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ку, агроклиматтық аймақтар шифры Лиман түрлері Лимандағы өсімдік өсуі Лиманды суару нормасы, (салмағы), текше метр/га Су тұтыну (салмағы, текше метр/га) Су тарту, текше метр/га
СКД жатуы
терең жақын терең жақын терең жақын
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Су шаруашылығы бассейні
Су шаруашылығы ауданы

 
Ұсақ сулы Табиғи шалғындар
 
         
Дақылдарды себу            
Терең сулы Табиғи шалғындар            
Дақылдарды себу            
«Су тұтыну мен су бұрудың
 үлестік нормаларын келісу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына 7-қосымша
Жайылымдарды суландыру кезінде малды суару үшін су тұтынудың үлестік нормалары
7-қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
К У, ҚР өңірі Жануарлар Жылдың маусымы бойынша суды тұтынудың тәуліктік нормалары, литр/тәул. 1 мал басына
жазда Көктемде және күзде қыста
1 2 3 4 5
Оңтүстік өңір Жануарлар түрлері      
Солтүстік өңір Жануарлар түрлері