• Мое избранное
«Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығына 6-қосымша

«Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарттың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгіну кезінде:
рұқсатты беру – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні;
қайта ресімдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;
рұқсат мерзімін ұзарту – 15 (он бес) жұмыс күні;
рұқсаттың телнұсқасын беру – 2 (екі ) жүмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-1/1051 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12626 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу, рұқсаттың мерзімін ұзарту, рұқсаттың телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар тұлғалар үшін, мыналарға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызуға рұқсат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортының көшірмесі;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз түрінде берілген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалануға рұқсат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
су шаруашылығы құрылысы паспортының көшірмесі;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Кодекстің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын тарту және (немесе) пайдалануға рұқсат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортының көшірмесі;
су жинау үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
су жинауды есепке алу және жиналатын судың сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
су электр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;
гидроэнергетика мұқтаждықтарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер;
жерүсті су обьектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
кеменің техникалық сипаттамалары;
кеменің тіркелген портын (тіркелу орнын) көрсете отырып, оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
кемеде жиналатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;
су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының бары туралы мәліметтер;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) порталға:
пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызуға рұқсат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;
су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортының электрондық көшірмесі;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанда берілген жағдайда):
осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Кодекстің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалануға рұқсат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;
су шаруашылығы құрылысы паспортының электрондық көшірмесі;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):
осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Кодекстің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын тарту және (немесе) пайдалануға рұқсат алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;
су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортының электрондық көшірмесі;
су жинау үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
су жинауды есепке алу және жиналатын судың сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
су электр станциясының белгіленген қуаты туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
гидроэнергетика мұқтаждықтарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
жерүсті су обьектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
кеменің техникалық сипаттамаларын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсатын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
кемеде жиналатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының бары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):
осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептемелерді ұсынатын, ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларының есептемелері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушілерге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғаны, құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгімен расталады;
портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»;
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Кодекстің 66-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесінің келісу туралы сауалға теріс жауабы, сондай-ақ, жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы теріс санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.
Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет ресурсында корсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Арнайы су пайдалануға рұқсат»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы № 543 Бұйрығына сәйкес (15.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініштің нысаны
 Кімге:___________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы)
 Кімнен:_________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
 Өтініш иесінің мекенжайы _________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)
 Өтініш иесінің деректемелері_______________________________________________ (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi, ________________________________________________________________________ заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш
Мыналарға (тиісті ұяшықты белгілеңіз):
 пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызуға;
 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалануға;
 Кодекстің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құралдарды пайдалана отырып, жерүсті суларын тартуға және (немесе) пайдалануға рұқсат беруді сұраймын.
1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
 1) өтініш берушінің мекенжайы ___________________________________________; (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон);
 2) өтініш берушінің деректемелері _________________________________________; (жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
 3) су пайдалануға жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны _________________________________________;
 4) олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын жылжымайтын объектінің кадастрлық нөмірі, техникалық құрылғының түгендеу нөмірі немесе ұңғыманың нөмірі ______________________________.
2. Координаталары көрсетілген жерүсті суларының, ағызылатын сарқынды сулардың, жерасты су көзін алу және (немесе) пайдалану орындары көрсетілген ахуалдық схема осы өтінішке 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.
  3. Су пайдалану мақсаты______________________________________
4. Арнайы су пайдалану кезінде пайдаланылатын су объектісі туралы ақпарат осы өтінішке 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады.
5. Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, жерасты су көзінен суды алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі осы өтінішке 3-қосымшаға сәйкес (гидроэнергетика және ағысты реттеу мақсатында су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда су пайдаланудың әр түріне жеке көрсетіледі) нысанда ұсынылады.
  6. Су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептемелерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, өнімнің бір бірлігіне су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары және оларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен келісу туралы деректер ______________________________
 _______________________________________________________________________ (нормалары, келісу күні мен мерзімі)
7. Су пайдалануды бастаудың және аяқтаудың болжамды мерзімі:
  Су пайдаланудың басталған күні «___» _________ 20 ___ жыл
  Су пайдаланудың аяқталған күні «___» _________ 20 ___ жыл
  8. Су пайдаланушының өндірістік қызметінің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелердің алаңдары) _________________________
9. Осы өтінішке 4-қосымшаға сәйкес нысанда қайталама су пайдаланушылар тізбесі (арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған құжаттарға сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдер қоса беріледі) ұсынылады.
  10. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер бұлар өтініш берушіде бар болса) ______________________________________________________________
  11. Су пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтың сипаттамасы (түрі, маркасы, техникалық сипаттамалары, саны, зертханаларды аккредиттеу саласы) ____________________________________________________________________.
12. Жылу алмасу (нормативтік-таза) суларын бұруды қоспағанда, тазартылған өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызған кезде – қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру туралы деректер
 __________________________________________________________. (нөмірі, рұқсаттың қолдану мерзімі)
13. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын жинаған кезде – эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды деректері
 __________________________________________________________ (нөмірі, берілген күні)
  14. Су ресурстарын тиімді пайдалану және су шығынын қысқартуды қамтамасыз ету бөлігінде өтініш иесінің ниеті (Кодекстің 72-бабына сәйкес) ___________________________________________________________________.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш иесі
 ____________________________________________________________________ (қолы) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
 Мөр (бар болса) (өтінішті қағаз түрінде ұсынған кезде) орны 20 жылғы «___» _________
 Өтініш қарауға 20 жылғы «___» _________ қабылданды.
 ____________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Арнайы су пайдалануға
рұқсат алуға арналған өтінішке
1-қосымша
Нысан
 Жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану, сарқынды суларды төгу орындарының, жерасты су көздерінің
 АХУАЛДЫҚ СХЕМАСЫ
 Масштабы _________________ (көрсету)

Су жинау (су бұру) орнының (немесе су объектісінің) атауы

Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелермен көрсетілген жер учаскесінің алаңы

Нүктелер №№

Географиялық координаталар

бойлығы

ендігі

градус

минута

секунда

градус

минута

секунда


 

_______гектар

________шаршы километр

1


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 

...


 


 


 


 


 


 


 

_______гектар

________шаршы километр

1


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 

...


 


 


 


 


 


 


 

_______гектар

________шаршы километр

1


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 

...


 


 


 


 


 


 

Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелері көрсетілген жер учаскесінің алаңы
 _____________________________________________________________ гектарды (шаршы шақырым) құрайды.
Арнайы су пайдалануға
рұқсат алуға арналған өтінішке
2-қосымша
Нысан
Арнайы су пайдалану кезінде қолданылатын су объектісі туралы ақпарат

Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалар (су шаруашылығы құрылғыларына немесе жергілікті рельефке өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызу кезінде осы суларды ағызуға және қабылдауға арналған құрылғылардың сипаттамалары көрсетіледі)

Су көзінің (қабылдағыштың) коды*

Арнайы су пайдалану түрі

Пайдалану түрі (коды)**

1


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 


 

Ескертпе:
* теңіз – 10, өзен – 20, кеуіп бара жатқан өзен – 21, көл – 30, тоған су қоймасы – 40, құймалы су қоймасы – 40, магистральды арна – 50, магистральды құбыржол – 55, жерасты суы бар қабат – 60, шахта, кеніш, карьер – 61, тік дренаж ұңғымалары – 62, коллекторлық-дренаждық желі – 70, өзен желісімен байланысы жоқ коллекторлар – 71, жерүсті су объектілеріне жететін коллекторлар – 72, суармалы диқаншылық алаңдары – 80, жинағыштар – 81, жергілікті рельеф – 82, фильтрациялау алаңы – 83, су құбыры желілері – 90, кәріз желілері – 91.
** ША – шаруашылық-ауызсу, Ө – өндірістік, АШ – ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, ТС – тұрақты суару, ЛС – лиманды суару, ЖС – жайылымдарды суландыру, ШС – шабындықты суару, ТБШ – тоғанды балық шаруашылығы, ГҚ – арналардағы қабаттарды қолдау, ПҚ – пласттағы қысымды қолдау, ҚСТ – құймалы су қоймаларын толтыру, СТ – суды тасымалдау, ПТ – пайдаланбай тапсыру, ӨБ – өзге бассейнге берілді, ӨМ – өзге мемлекетке берілді, АШ – арналарды шаю, СӨ – санитариялық өткізгіштер, ГЭ – гидроэнергетика, ТБ – тағы басқалары.
Арнайы су пайдалануға
рұқсат алуға арналған өтінішке
3-қосымша
Нысан
Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі
  Арнайы су пайдалану түрі_________________________________________

Айлар

Текше метр/тәулігіне

Текше метр/айына

1

2

3

4

1

Қаңтар


 


 

2

Ақпан


 


 

3

Наурыз


 


 

4

Сәуір


 


 

5

Мамыр


 


 

6

Маусым


 


 

7

Шілде


 


 

8

Тамыз


 


 

9

Қыркүйек


 


 

10

Қазан


 


 

11

Қараша


 


 

12

Желтоқсан


 


 

Жылына жиыны, текше метр/жылына


 

Арнайы су пайдалануға
рұқсат алуға арналған өтінішке
4-қосымша
Нысан
Қайталама су пайдаланушылардың тізбесі

Су пайдаланушылардың атауы

Су пайдаланушының суды пайдалану мемлекеттік есебі (СПМЕ) коды (бар болса)

Есептік көлемі (текше метр/жылына)

Су пайдалану мақсаты

Шарттың нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

1


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 

3


 


 


 


 


 

4


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жылына жиыны, текше метр/жылына


 


 


 

«Арнайы су пайдалануға рұқсат»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (06.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
Кімге:___________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы)
 Кімнен:__________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш иесінің
 мекенжайы _______________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдін №, телефон)
 Өтініш иесінің деректемелері ____________________ (жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН)
ӨТІНІШ
________________________________________________ байланысты (қысқаша негіздемесі)
 ___________________________________________________________ (өтініштің мақсаты)
сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 Өтініш иесі__________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда) (қолы)
Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)
20 жылғы « »