Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
3-қосымша
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 21.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді.
1) машинаға техникалық паспорт бергені үшін – 50 пайыз;
2) тіркеу (қайта тіркеу) үшін – 25 пайыз;
3) машинаға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін – 100 пайыз.
1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) тіркеу пунктіне мыналарды ұсынады:
осы стандартқа 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасы және мекенжай анықтамасы;
заңды тұлғалар үшiн – құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар төленгені туралы құжат;
мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:
кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса);
машинаны тіркеу пунктіне қарап тексеруге алып келуге кедергi болатын объективті мән-жайлар (бұзылып қалуы, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермеуі) болса, инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық қарап тексеру актісін машинаның тұрған жерi бойынша беруге рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды;
шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарыз) түпнұсқасы мен көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе қарапайым мәміле нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – қарапайым мәміле нысаны;
машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының (кедендік декларация) көшірмесі.
Меншiк иесiнің немесе иеленушiнің атынан тiркеу іс-қимылдарын олардың өкiлдерi жүзеге асырған жағдайларда, тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттардан бөлек меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiру өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Егер, мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгiленген құжаттардан бөлек бұрынғы тіркеу құжаты ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттардан бөлек тіркеу пунктіне шарттардың (жалдау, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру) және машинаны қабылдау-беру актiсiнің түпнұсқасы мен көшiрмесiн немесе машинаны иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары тиісті тіркеу іс-қимылын жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаның бірінші орынбасары (заңды тұлғалар үшін) қол қойған, мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін) машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады.
Егер, тiркеу iс-қимылдары жүргізілетін машина ортақ меншiкте болса, тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар машинаның барлық иелерiнің атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншіктен шығаруға негіз болып нотариалды куәландырылған мәміле саналады.
Егер, меншік иелері 14 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тiркеу іс-қимылдарын ата-аналары (асырап алушылары) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдары жасайды.
Меншік иелері 14-тен 18 жасқа дейінгі адамдар болған жағдайда, тіркеу іс-қимылдарын ата-аналарының (асырап алушыларының) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жазбаша келісімімен осы адамдар жасайды.