• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 18-03/680 бұйрығына 2-қосымша

«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы. 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 болып тіркелген) бекітілген «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінішінің болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысып, қарар қоюы. Көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжатты қарауға беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты жұмыскерді (орындаушы) таңдауы;