Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 18-03/680 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының саудасы үшін таңбаны бекіту және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында саудалауға арналған таңбаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының саудасы үшін таңбалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында оның саудасына арналған таңбалар беру.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының саудасы үшін таңбаны бекіту және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында саудалауға арналған таңбаны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінішінің болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы не қағаз жеткізгіште мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі.
Өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен жағдайда, орындаушы ол портал арқылы келіп түскен күні барлық жолдарын толтыра және қағаз жеткізгіште ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу жүргізеді;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысып, қарар қойып, құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерге (орындаушы) беруі;
орындаушының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың шынайылығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарауы;
берілген құжаттар толық және шынайы болған жағдайда:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
кеңсенің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеуі;
1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.