«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 07.12.2015 жылғы № 685 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 12 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхатты беру және 25 тамызға дейінгі түсу емтихандарының қорытындылары бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық.
Портал арқылы жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдағандығы туралы электрондық-цифрлық қолымен (әрі қарай – ЭЦҚ) куәландырылған сенімхатын алу.
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгіну кезінде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).