• Менің таңдаулыларым
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 қарашада № 12267 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8644 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 282 (28221) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 14 қазандағы
 18-05/928 бұйрығымен
 бекітілген
  • 1
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарын:
1) балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – кәсіпорындар);
2) конкурстық негізде балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – жеке және заңды тұлғалар);
3) жануарлар дүниесін пайдаланушылар;
4) Заңның 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер);
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Су айдындарына балық жіберу балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) берген ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығымен (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе мемлекеттік тапсырыс аясында су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдындарына балық жіберу орнын айқындайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.08.2022 жылғы № 581 Бұйрығына  сәйкес (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Балық жіберілетін орынды түпкілікті келісу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді, ол балық жіберу басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей үш данада жасалады.
7. Су айдындарына балық жіберуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11898 болып тіркелген) сәйкес берілген ветеринариялық анықтама болған жағдайда жол беріледі.
8. Мемлекеттік кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.08.2022 жылғы № 581 Бұйрығына  сәйкес (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстардың ашықтығы мен айқындығы мақсатында олар басталардан кемінде екі жұмыс күні бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақырады.
8-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1-тармақ алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2-тармақ алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар және субъектілер жүргізетін су айдындарына балық жіберу жұмыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аумақтық бөлімше құратын комиссия қабылдайды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар, жануарлар дүниесін пайдаланушылар, субъектілер аумақтық бөлімшені немесе жергілікті атқарушы органды су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы олар басталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.08.2022 жылғы № 581 Бұйрығына  сәйкес (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік кәсіпорындардан, жеке және заңды тұлғалардан, жануарлар дүниесін пайдаланушылардан, субъектілерден ақпарат алған күннен бастап комиссия мүшелеріне су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы хабарлайды.
Аумақтық бөлімшелердің өкілдері балық отырғызу материалын түсіру және су айдындарына жіберу кезінде есептеу процестеріне қатысады.
11. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу актісімен (бұдан әрі – акт) ресімдейді.
Су айдындарына екі немесе одан да көп партиямен балық отырғызу материалдарымен балық жіберілген жағдайда, акт әрбір партияға ресімделеді.
12. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарының қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісін (бұдан әрі – жиынтық актісі) ресімдейді.
13. Кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, субъектілер су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу түсірілген электрондық жеткізгіштегі фото- және видеоматериалдар қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 25.09.2025 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (17.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Су айдындарына балық жіберу жұмыстары аяқтағаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушылар үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу түсірілген электрондық жеткізгіштегі фото- және видеоматериалдар қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.
3-тарау. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
3-тараудың тақырыбыжаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
15. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар мыналарды қамтиды:
1) балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жүргізу, соның ішінде қыс мезгілінде мұз шұңқырларын бұрғылау және мұзойықтарын ою;
2) қатты өсімдіктерді шабу;
3) балықтардың уылдырық шашу жерлеріне өтуін қамтамасыз ететін түп тереңдету және басқа жұмыстарды жүргізу;
4) табиғи уылдырық шашу жерлерін қалпына келтіру және (немесе) жасанды уылдырық шашу жерлерін жайластыру;
5) балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын қорғау.
16. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
17. Ғылыми ұсынымдарда:
1) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу орындылығының негіздемесі мен күтілетін нәтижелердің болжамы;
2) су объектілері, су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізу туралы мәліметтер;
3) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жүргізу орны, мерзімі, әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныс көрсетіледі.
18. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақ алынып тасталды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығымен (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Су объектілерінің балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарының аяқталуы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен (бұдан әрі – жұмыстардың аяқталуы туралы акті)  ресімделеді.
20. Аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізгені туралы электрондық жеткізгіште фото және видео материалдары қоса берілген су айдындарына балық жіберудің аяқталуы туралы акті он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Су айдындарына балық жіберу,
 су объектілерін балық шаруашылық
 мелиорациялау жөніндегі
 жұмыстарды жүргізу қағидаларына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі
Келісілген күн __________________________________________________ 
1. Су айдынының (учаскенің) атауы:________________________________ 
____________________________________________________________________ 
(атауы, орналасқан ауданы және басқа да деректер)   
2. Балық ресурстарының өсімін молайтуды жүзеге асыратын кәсіпорынның, 
жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы: _______________________________ 
____________________________________________________________________ 
3. Жоспарланған балық отырғызу материалы туралы мәліметтер ________ 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
4. Су айдынындағы нақты балық жіберу орны________________________ 
____________________________________________________________________ 
(схемада жіберу нүктесін көрсете отырып, отырғызу орнының (учаскесінің) толық сипаттамасы)  
Актіге қол қойғандар:

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  • 1
Су объектілерін балық жіберу,
 су обьектілерін балық шаруашылық
 мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды
 жүргізу қағидаларына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Су айдындарына балық жіберу актісі
Акт жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (25.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  Осы акт 20 __ жылы «__» ______________ жасалынды
  Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорынның, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, субъектінің атауы _______________________________________________________________________
  _______________________________________________________________________
  Су айдындарына балық жіберу _______________________________________
  _______________________________________________________________________
  (мемлекеттік тапсырысты орындау, зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)
Балық отырғызу материалының жіберу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының атауы)
  ______________________________________________________________________
  ______________________________________________________________________
  ______________________________________________________________________
Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының жас мөлшері және түрлік құрамы
  ______________________________________________________________________
  ______________________________________________________________________
Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының саны және данасының орташа салмағы
  ______________________________________________________________________
  ______________________________________________________________________
  Балық отырғызу материалының жай-күйі______________________________
  ______________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша басқа да мәліметтер (жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу және аяқталу уақыты, судың температурасы, ауаның температурасы, жеткізу кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны)
  ______________________________________________________________________
Актіге қол қойғандар:

_________________

Лауазымы

_____________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________

қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік

субъектісі болып табылатын

адамдарды қоспағанда)

_________________

Лауазымы

_____________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________

қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік

субъектісі болып табылатын

адамдарды қоспағанда)

_________________

Лауазымы

_____________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________

қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік

субъектісі болып табылатын

адамдарды қоспағанда)

_________________

Лауазымы

_____________________

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________

қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік

субъектісі болып табылатын

адамдарды қоспағанда)

  • 1
Су айдындарына балық жіберу,
 су объектілерін балық шаруашылық
 мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды
 жүргізу қағидаларына
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі

р/с

Балық жіберу уақыты және акт №

Балықтардың түрлері

Жас құрамы және орташа салмақ

Жалпы саны (мың дана)

Жіберу орны (су айдынының aтауы)

дернәсілдер (мың дана)

бір жазғылар (мың дана)

орташа салмақ (грамм)

екіжылдықтар (мың дана)

орташа салмақ (грамм)

1.


 


 


 


 


 


 


 


 


 

2.


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны


 


 


 


 


 


 


 


 

Комиссия мүшелерінің қолдары:

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  • 1
Су айдындарына балық жіберу,
 су объектілерін балық шаруашылық
 мелиорациялау жөніндегі
 жұмыстарды жүргізу қағидаларына
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 жылғы № 154 Бұйрығына сәйкес (14.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі 
жұмыстарды жүргізетін ұйымның атауы _________________________________ 
____________________________________________________________________ 
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі 
жұмыстарды жүргізу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су 
айдынының атауы ____________________________________________________ 
Су объектілеріне балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі келесі 
жұмыс түрлері жүргізілді:______________________________________________ 
____________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының қолы:

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйымның лауазымды адамының қолы:

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

Жергілікті атқарушы орган өкілінің қолы:

_________________ Лауазымы

__________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_____________________________ қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)