Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 369 бұйрығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 05.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген) «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тиісті жылдық кезеңіне озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) сәйкес озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Toggle Dropdown
4. Стандарттың 9-тармағына бекітілген құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
Toggle Dropdown
озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күнінен бастап тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде беруі (егер қызмет алушыдан жұмыс күнінен кейін 18-30 өтініш келіп түссе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндері өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
Toggle Dropdown
орындаушының құжаттар толықтығын 3 (үш) сағат ішінде тексеруі;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) әрекет ету мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы 4 (төрт) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
Toggle Dropdown
қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
Toggle Dropdown
лицензия алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде сәйкестігіне қарастырады;
Toggle Dropdown
орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауды жүргізеді;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне келісуі;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
Toggle Dropdown
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
Toggle Dropdown
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
Toggle Dropdown
танысқан және салынған бұрыштама;
Toggle Dropdown
қарастырылған құжаттар топтамасы;
Toggle Dropdown
дайындалған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
Toggle Dropdown
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
Toggle Dropdown
2) қөрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
Toggle Dropdown
3) орындаушы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері.
Toggle Dropdown
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің арасындағы рәсiмдердің (iс-қимылдардың) бірізділігі сипаттамасы:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкері 1 (бір) сағат ішінде өтінішті келіп түскен күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды береді;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде орындаушыны анықтайды;
Toggle Dropdown
орындаушы 3 (үш) сағат ішінде құжаттардың толықтығын тексереді;
Toggle Dropdown
өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 2 (екі) сағат ішінде дайындау және беру;
Toggle Dropdown
сәйкестігіне қарау және лицензияны 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде беру.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
Toggle Dropdown
«Озонды бұзатын заттарды және құрамында
озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден
одағына кірмейтін елдерден Қазақстан
Республикасының аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының аумағынан осы
елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Toggle Dropdown
«Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Toggle Dropdown