• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына 3-қосымша

1
«Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.12.2017 жылғы № 468 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 02.06.2020 жылғы № 130 Бұйрығына сәйкес
 1. «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін    (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті   (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген) «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағына бекітілген құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкері озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алуға өтінішті келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) сағат ішінде беруі (егер өтініш жұмыс күні 18-30 кейін, демалыс және мереке күндері келіп түссе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушының құжаттар толықтығын 3 (үш) сағат ішінде тексеруі;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолдану мерзімі өткендігі анықталған жағдайда орындаушы 3 (үш) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
қызметті берушінің басшылығы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, орындаушы мынадай бірізді іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
орындаушы 3 (үш) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті аумақтық бөлімшесіне өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізу үшін сұрату дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының сұратуды 1 (бір) сағат ішінде келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 1 (бір) сағат ішінде сұратуға қол қоюы;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері сұратуды Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде 1 (бір) сағат ішінде тіркейді;
тиісті аумақтық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды сәйкестігіне тексереді және оның нәтижесі бойынша қорытынды ұсынады;
орындаушы аумақтық бөлімшенің қорытындысы негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қорытынды келіп түскен күні мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде рұқсатты келісуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 1 (бір) сағат ішінде рұқсатқа қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қойған соң өтініш беруші автоматты түрде берілген нөмірмен порталда, жеке кабинетінде жауапты алады.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің арасындағы рәсiмдердің (iс-қимылдардың) бірізділігі сипаттамасы:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 (бір) сағат ішінде түскен құжаттарды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығына береді (егер өтініш жұмыс күні 18-30 кейін, демалыс және мереке күндері келіп түссе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының 2 (екі) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды береді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 (екі) сағат ішінде орындаушыны таңдауы;
орындаушы 3 (үш) сағат ішінде құжаттарды толықтығына тексереді;
өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайындау және беру;
6 (алты) жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сәйкестігіне қарау және рұқсатты береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Озонды бұзатын заттарды пайдалана 
отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында 
озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды 
жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет 
көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.03.2019 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы