Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 11 маусымдағы
№ 376 бұйрығына 1-қосымша
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 25.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі 189 бұйрығы (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоманттандырылған)/қағаз түрінде.
Электронды - көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) расталған құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны алу.
Қағаз түрінде - қабылдау емтихандары қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрықты және құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты беру.
Өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) Жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО);
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - түсу емтихандарының нәтижесі бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі - құжаттар топтамасы).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
Көрсетілетін қызметтің қағаз түрі:
1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі - ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын 15 минуттан аспайтын уақытта қабылдайды және оның толықтығын тексереді;
2) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы 15 минуттан аспайтын уақытта көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, қолхат береді;
3) жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) деректер базасына енгізеді және көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін береді;
4) көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау емтихандарын тапсырады;
5) қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша ЖОО-ның басшысы 25 тамыздан кешіктірмей қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шығарады;
Көрсетілетін қызметтің электронды түрі: