Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 11 маусымдағы
№ 376 бұйрығына 3-қосымша
«Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 25.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік қызмет жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 11286 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) «Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхан беру» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті корсету өтінішті қабылдау мен нәтижені беру:
1) көрсетілетін қызметті берушімен;
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама (бұдан әрі - жолдама).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
Көрсетілетін қызметтің қағаз түрі:
1) құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кеңсесінің қызметкері (бұдан әрі - кеңсе) 15 минут ішінде қабылдайды, тіркейді және жинақтайды;