Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 11 маусымдағы
№ 376 бұйрығына 4-қосымша
«Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасуы конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11286 тіркелген).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кафедраға жолдама (бұдан әрі - жолдама).
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет корсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс- қимылдар):
1) 15 минут ішінде құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кадр басқармасының қызметкері (бұдан әрі - кадр басқармасы) қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғары оқу орны басшысының қолы қойылу үшін жолданады;
2) жоғары оқу орны басшысының қолы қойылғаннан кейін, 2 (екі) күн ішінде сәкес кафедраға қарауға жолданады.