Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 501 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 22.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелді) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдау «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің паспорттық елтаңбалы мөрімен және қолымен куәландырылған уақытша жеке куәлік беру болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қоса беріліп отырған құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушыдан алынған өтініштің болуы болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімнің (бөлімше, топ) (бұдан әрі – КҚҚб) қызметкері қатысады – ол көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды береді және Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдейді, Мемлекеттік корпорация қызметкері – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды береді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы, мемлекеттік көрсетілетін процестің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, олардың орындалу ұзақтығы мен реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияда жұмыс орындарында жүзеге асырылады, онда КҚҚб қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы) КҚҚБ қызметкері қатысады – ол Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдейді және Мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты береді.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ХҚКО-мен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
12. Қажетті ақпаратты және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңесті мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны: (1414), 8 800 080 7777 бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасының азаматтарына
уақытша жеке куәліктер беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы
Toggle Dropdown
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы
Toggle Dropdown
|
Негізгі процестің қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)
|
|
1
|
Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны)
|
1
|
2
|
|
2
|
ҚФБ-ның атауы
|
Мемлекеттік корпорация
|
ҚАІІб
|
|
3
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы
|
|
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін қабылдау және тексеру, Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдеу, күнін қою, лауазымын көрсету және қол қою
|
|
4
|
Аяқталу нысандары (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін беру
|
Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін беру есебін жүргізу журналында тіркеу
|
|
5
|
Орындалу мерзімдері
|
15 минут
|
2 жұмыс күні ішінде
|
Toggle Dropdown
Қолдану нұсқалары.
Toggle Dropdown
2-кесте. Негізгі процесс - Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдеу
Toggle Dropdown
|
Негізгі процесс (жұмыстың барысы, ағыны)
|
|
Мемлекеттік корпорация
|
ҚАІІб
|
|
Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тексеру
|
1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін қабылдау және тексеру, Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдеу, күнін қою, лауазымын көрсету және қол қою
|
|
3. Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін беру
|
2. Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін беру есебін жүргізу журналында тіркеу
|
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасының азаматтарына
уақытша жеке куәліктер беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процесінің анықтамалығы
Toggle Dropdown