Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 501 бұйрығына
4-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 16.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды беру:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
Toggle Dropdown
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
Toggle Dropdown
«электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады (тұрғын үй иесінің арызы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде);
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
Toggle Dropdown
3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізуі және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беруі болып табылады.
Toggle Dropdown
Республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша сот тұрғын үйдi пайдалану құқығы жойылды деп таныған адамдар үшін ұсынылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттардың көрсетілетін қызметті алушыда болуы болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне: ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы басқармасының (бөлімі) (бұдан әрі - КҚПб) бөлім (бөлімше, топ) қызметкері қатысады – ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізу және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беру.
Toggle Dropdown
7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау жәңе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ХҚТ ТП жұмыс орындарындағы Мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылады, онда көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады;
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
11. Қажетті ақпаратты және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңесті мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны: (1414), 8 800 080 7777 бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы азаматтарын
тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы
Toggle Dropdown
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы
Toggle Dropdown
|
Негізгі процестің қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)
|
|
1
|
Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны)
|
1
|
2
|
|
2
|
ҚФБ-ның атауы
|
ҚАІІб
|
ҚАІІб
|
|
3
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы
|
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тексеруі
|
Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды ресімдеу
|
|
4
|
Аяқталу нысандары (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
|
ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізу және елтаңбалы паспорттық мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің қолымен куәландырылған, белгіленген үлгіде мөртабан қоя отырып, мекенжайдан кету парағын қағаз түрінде беру
|
|
5
|
Орындалу мерзімдері
|
10 минут
|
20 минут
|
Toggle Dropdown
Пайдалану нұсқалары.
Toggle Dropdown
2 - кесте. Негізгі процесс - Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды ресімдеу.
Toggle Dropdown
|
Негізгі процесс (жұмыстың барысы, ағыны)
|
|
ҚАІІб
|
ҚАІІб
|
|
1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру
|
2. Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды ресімдеу
|
|
|
3. ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізу және елтаңбалы паспорттық мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің таңбасымен куәландырылған, белгіленген үлгіде мөртабан қоя отырып, мекенжайдан кету парағын қағаз түрінде беру
|
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының азаматтарын
тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процесінің анықтамалығы
Toggle Dropdown
