• Мое избранное
Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау
Внимание! Документ утратил силу с 28.05.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 1-қосымша

«Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт алынып тасталды 2016 жылғы 28 мамырдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті беруші тапсырған сәттен бастап, екі жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды алу сәтінен бастап, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі белгіленген жағдайда көрсетілген мерзімде алдағы өтінішті қарау туралы дәлелді бас тартуды жазбаша түрде береді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiмшартты тiркеу актiсi.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.
Көрсетілетін қызметті алушы актіні қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне», көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасың (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00- ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін қызмет алушының жолдауынан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
барлық қосымшаларымен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (түпнұсқа үш данада);
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалармен және көшірмелермен ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
порталда белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі: Көрсетілетін қызметті алушы өкілдігінің өкілетін растайтын құжат.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет алушының барлық құжаттарын беру кезде:
қызмет көрсетушімен (пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол) – өтінішті қағаз жүзінде қабылдау құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсетуімен қызмет көрсету кеңсесінде оның көшірмесіне тіркеу туралы таңбасын растайтын болып саналады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған сұрау салудың мәртебесі көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы «жеке кабинетінен» жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жанартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mir.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» кіші бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)754467, 8 (7172)754469. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жер асты суларын, емдік балшықты
 және қатты пайдалы қазбаларды барлауға,
 өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге
 жер қойнауын пайдалануға арналған
 келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша
Үлгі
Жер қойнауын пайдалану операциясын жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу АКТІСІ
20___ жылғы «__» ________                     №_____
 ________________________
       (қала, аудан)
_______________________________________________________ негізінде
                   (келісімшарт жасау негізі)
жасалған
құзыретті орган _____________________________________________________
                             (құзыретті органның атауы)
                                       мен
мердігер ____________________________________________________________
                              (мердігердің атауы)
арасында _________________________________________________келісімшарт
                            (келісімшарт атауы)
тіркеледі.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекттік тіркеу актісін берген мемлекеттiк орган басшысының Т.А.Ә., қолы
«Жер асты суларын, емдік балшықты
 және қатты пайдалы қазбаларды барлауға,
 өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге
 жер қойнауын пайдалануға арналған
 келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
 2-қосымша
Үлгі
(көрсетілетін қызметті алушының тегі,
 аты, бар болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
 ___________________________________________
 көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы
ӨТІНІШ
Сізден жер қойнауын пайдалану операцияның түрін пайдалы қазбалар тобының хаттама күні, хаттама нөмірі келісімшартты жасасу негізінде келісімшарт қызметінің мерзімі (жыл) кен орнының облыс/аумақ басқармасының толық атауы.
Көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды және көмірсутек шикізатын өндіруге және бір мезгілде орындалған барлауға немесе барлауға арналған келісімшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тіркеуді өткізуді сұраймыз.
20_____ ж. «_______» _____________ ақпараттық жүйеде болған, құпия заңмен қорғауды жасайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін (қолы)
Осы өтініш әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалады.
_____________________________________________________________________
 Т.А.Ә. (қызметкер)                                 (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ____________
 Телефон_________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__жылғы «___» ___________