1. «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 521 бұйрығына 3-қосымша
«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – таратылған қорды пайдалануға рұқсат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) тарату немесе консервациялау жобасы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органдардың келісу хаттарының көшірмелері;
Көрсетілетін қызметті алушы келісімшарт аумағын немесе оның бөліктерін зерттеп-қарау актісін немесе қайтару актісін берген жағдайда тарату немесе консервациялау жобасын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органдармен келісу хаттарының көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауы учаскесінің аумағы шекараларының шегінде арнайы су пайдалануға рұқсат алуға берген кезде жою немесе консервациялау жобасын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органдардың келісу хаттарының көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Құжаттар көшірмелермен және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды (қолма қол не пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсетіліп отырып, тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін: болуы
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігің анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе берлігі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің).
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданутәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану департаменті» кіші бөлімінде орналасқан.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 983414; 8 (7172) 983416, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |