• Мое избранное
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу
Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 5-қосымша

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 жылғы № 80 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес) 17.05.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2019 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы аркалы жүзеге асырылады.
2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға жүгінген кезде тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі- ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының өтініші кезінде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кейінгі жұмыс күнмен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (құжат бойынша куәландыратын адам бойынша не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі порталға:
белгіленген тәртіпте қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың электрондық көшірмесі:
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды беру кезінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсетумен мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар болуы:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бірмемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-бөлім. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне әрекетіне (әрекетсіздігіне), шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы басшысының атына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тікелей өкілдеріне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекет корпорация басшысына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады
Көрсетілетін қызметті алушы мемелекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-бөлім. Мемлекеттік қызмет корсету, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өтырып, өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің телефоны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауға, өндiруге
жер қойнауын пайдалану
құқығының кепiл шартын
тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шарттын тіркеу 
КУӘЛІГІ
 20____ жылғы «___»_____________ № __________________________________ 
____________________________________________________________________ 
(қала, аудан)
 Кепіл беруші: ____________________________________________________________________ 
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), 
мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) 
Кепіл ұстаушы: ____________________________________________________________________ 
(заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды мекенжайы) 
Кепіл шарты: ____________________________________________________________________ 
(нөмірі, күні) Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: 
____________________________________________________________________ 
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы) 
Келісімшарт/лицензия: ____________________________________________________________________ 
(келісімшарттың/лицензияның нөмірі мен жасалған күні)
Міндеттеменің сомасы: ____________________________________________________________________ 
(санмен және жазумен) 
Міндеттемені өтеу мерзімі: ____________________________________________________________________ 
(күні)
Ескертпе:
 ___________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлікті берген мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қол