• Мое избранное
Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру
Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 15 қазаннан бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес 
«Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1151 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығымен (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Стандарт жаңа редкцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі– жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алуға арналған өтініш;
Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат;
2.21-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарының типін сынау және бекітуді жүргізу тәртібі» ҚР СТ Д-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшем құралдары типін сипаттау жобасы екі данада;
ашық басылымда типтің сипатын жариялауға рұқсаты туралы көрсетілетін қызметті алушының хаты.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
10. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылдану растамасы шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) тіркеу болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы шағым жіберген кезде «жеке кабинеті» арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz порталының интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы, порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-02, 75-05-60. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Өлшем құралдарының типін 
бекіту туралы сертификат беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына қосымша
Нысан
Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алуға арналған өтініш
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жеке тұлғадан (толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғадан (толық атауы,бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)).
Мынадай өлшем құралының: ______________________________________ (өлшем құралының толық атауы және белгіленуі)
_______________________типін бекіту туралы сертификатты беруді сұраймын. (өндірушінің атауы, өндірістің аумақтық орналасқан жері)
Қосымша:
_______________________________________________________________ (қоса берілетін құжаттар атауы)
Өндірілген немесе әкелінген өлшем құралдарының бекітілген тип сәйкестігіне өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімінде кепілдік береміз.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Жеке тұлға ____________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
Заңды тұлғаның басшысы ______________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))
М.О. (болған кезде)