• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына 2-қосымша

2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 15 қазаннан бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес 
«Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1151 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ««Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
сертификаттың телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетуде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе сертификаттың телнұсқасы, не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –  көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығымен сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігін және оның өкілеттігін растайтын құжатты (көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхат көшірмесі немесе түпнұсқасы) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш беруші (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты уақтылы берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, алынбаған құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхатты береді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сімен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
3-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:
11-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығымен сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы болуы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Комитеттің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініш жасауын өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өндеу барысында жаңарып тұратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескертіле отырып, өзге де талаптар
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
13-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығымен сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған;
14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді іске асыру, өздігінен қозғалу және толық немесе ішінара қабілеттілігін және мүмкіншілігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына – 1414 жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерімен тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізіледі.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы, порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 28-29-99. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өлшем құралдарын метрологиялық
 аттестаттау туралы сертификат беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 1-қосымша
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алуға өтініш
«Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу
жеке тұлғадан (толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), заңды тұлғадан (толық
       (өндірушінің атауы, өндірістің аумақтық орналасқан жері)
метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
Өлшем құралдарын метрологиялық
 аттестаттау туралы сертификат беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 2-қосымша
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология
институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
жеке тұлғадан (толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), заңды тұлғадан (толық
Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген мынадай өлшем құралын
метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың телнұсқасын беруді
Ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
«Өлшем құралдарын метрологиялық
 аттестаттау туралы сертификат беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
__________________________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
 әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.А.)
 немесе ұйымның атауы)
 __________________________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Нысан
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының  2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мекенжайын көрсету) филиалының № ______________ бөлімі ______________________ Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
       1) _______________________________________;
       2) _______________________________________;
       3) ____________ ….
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
______________________________________________      ______
 Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)         қолы
      Орындаушы: Т.А.Ә.А. __________________________
       Телефон _______________________________________
       Алдым: ________________________________________
                (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы
      20____ жылғы «____»___________