Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына 5-қосымша
Toggle Dropdown
Редакция 12.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтер жұмысын жүзеге асыруы жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу туралы қорытынды беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) ілеспе хат;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, метрологиялық қызметтер жұмысын реттейтін нормативтік құжат жобасы.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде – қағаз тасығышта өтінішті қабылдағанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі болып табылады.
Toggle Dropdown
9-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емесітігін анықтау болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transporttower» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 27-07-12.
Toggle Dropdown
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Toggle Dropdown
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
1) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді не заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталықтары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-33-12, 79-33-14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.