• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020 г

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 4-қосымша

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (25.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес
1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi – Министрлiк) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 5 (бес) жұмыс күн;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күн;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі пайдаланушы кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
1) лицензияны беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%;
3) лицензияның телнұсқасын беруге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 100%.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс уақытымен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
өтініш берушінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес өтiнiші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
өтініш берушінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
өтініш берушінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
лицензияны қайта және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
өтініш берушінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттар, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, бюджетке баж төлегенің растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
1) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті және өкілеттігін растайтын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
2) портал арқылы – пайдаланушының кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен мекенжайы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту негіздері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге уақытша тыйым салған;
6) өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша немесе кеңсе арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсетіле отырып, кеңседе тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіне шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.miіd.gov.kz «Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімде;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
17. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
«Жолаушыларды облысаралық 
қалааралық, ауданаралық
 (облысішiлiк қалааралық) және 
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен 
тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты тасымалдау
жөніндегі қызметпен айналысу
 құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
 ____________________________________________________________________ 
(лицензиардың толық атауы) 
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) 
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ 
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын. 
Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта __________________________________________________ 
Телефондары _______________________________________________________
Факс _______________________________________________________________ 
Банк шоты __________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы 
_________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен:
 көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті ЭЦҚ-мен растауына келіседі. _________ __________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» ____________ * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді
«Жолаушыларды облысаралық
 қалааралық, ауданаралық
 (облысішiлiк қалааралық) және 
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен 
тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты тасымалдау
жөніндегі қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы) ____________________________________________________________________ 
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз т асығышта ______ (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы___________________________ ____________________________________________________________________ 
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта __________________________________________________ 
Телефондары _______________________________________________________ 
Факс _______________________________________________________________ 
Банк шоты __________________________________________________________ ____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _________________________________________________________ ____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші Мемлекттік копрорация қызметкерінің өтінішті ЭЦҚ-мен растауына келіседі. __________ __________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы «___» ____________ * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді
«Жолаушыларды облысаралық 
қалааралық, ауданаралық
 (облысішiлiк қалааралық) және 
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен 
тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты тасымалдау
жөніндегі қызметпен айналысу 
құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары

р/с №

Біліктілік талаптары

мыналарды қамтиды:

Құжаттар

1

Кеден одағының комиссиясымен 2011 жылғы 9 желтоқсандағы

877 шешімімен қабылданған «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобус пен (немесе) шағын автобустар

жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері

2

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері

3

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (автомобиль көлігі саласында арнайы жоғары немесе орта білімі туралы) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері

4

автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат

тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері

5

автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының

автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері

6

автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат

жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін - жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері

7

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрық

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері

«Жолаушыларды облысаралық 
қалааралық, ауданаралық
 (облысішiлiк қалааралық) және 
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен 
тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты тасымалдау
жөніндегі қызметпен айналысу
құқығына лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
 _______________________________________________________________________________ 
(лицензиардың толық атауы) _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _________________________________________________________________ жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы) 20___ жылғы «___» _______________ № ________________, ________________ ____________________________________________________________ берілген (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы 2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____ 3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____ 4) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____ 5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____ 6) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____ 7) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта ____________________________________________
Телефондары __________________________________________________ 
Факс _________________________________________________________
Банк шоты ____________________________________________________ ______________________________________________________________ 
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті ЭЦҚ-мен растауына келіседі. _________ __________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» ____________ * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді
«Жолаушыларды облысаралық 
қалааралық, ауданаралық
 (облысішiлiк қалааралық) және 
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен 
тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты тасымалдау
жөніндегі қызметпен айналысу 
құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
 __________________________________________________________________________________ 
(лицензиардың толық атауы) __________________________________________________________________________________ 
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 
жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы) 20___ жылғы «___» _______________ № ________________, ________________ ____________________________________________________________ берілген, 
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______; 2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______; 3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______; 4) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______; 6) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________; 7) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы_______________________________________ ________________________________________________________________________________ 
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) 
Электрондық пошта ___________________________________________
Телефондары ________________________________________________ 
Факс _______________________________________________________ 
Банк шоты __________________________________________________
____________________________________________________________ 
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
 _____________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші Мемлекттік корпорация қызметкерінің өтінішті ЭЦҚ-мен растауына келіседі. _________ ___________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20___ жылғы «___
» ____________ * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
«Жолаушыларды облысаралық 
қалааралық, ауданаралық
 (облысішiлiк қалааралық) және 
халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен 
тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық
қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты тасымалдау
жөніндегі қызметпен айналысу 
құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
6-қосымша
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы)
 ___________________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты _________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Ұсынылмаған құжаттардың атауы: 1) __________________________________________________________; 
2) __________________________________________________________; 
3) … Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды. ___________________________________________ ________________ 
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы) 
Орындаушы. 
Т.А.Ә._____________ Телефоны__________ Алдым: ______________________ _______________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 ___ жылғы «___» ___________