1. «Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 5-қосымша
«Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 жылғы № 288 Бұйрығымен (25.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi – Министрлiк) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым төлеу үшін құжаттарды қарастыру бойынша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабын (бұдан әрі – бас тарту туралы дәлелдi жауап) беру:
тасымалдау маршрутын келісу қажет болған жағдайда – 2 (екі) жұмыс күні;
тасымалдау маршрутын келісу қажет болмаған жағдайда – 1 (бір) жұмыс күні;
автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған жағдайда – 1 (бір) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) (он жұмыс күні ішінде алымды төлегенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап) не бас тарту туралы дәлелдi жауап – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – арнайы рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі пайдаланушы кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым (бұдан әрі – алым) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемелері бойынша республикалық бюджетке төленеді, ол:
1) автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты массасының рұқсат берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есепті қамтиды, ол 0,005 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
2) автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есепті қамтиды, ол әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген біліктер үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
3) автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есепті қамтиды, ол автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарда белгілеген нысандағы қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде оны қолма-қол ақшамен енгізу немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесi:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (хабарлма келіп түскен сәттен бастап).
Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
2) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларын қоспағанда, ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (хабарлма келіп түскен сәттен бастап).
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
3) порталда:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды беру жеке куәлікті, өкілеттігін растайтын құжатты және ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті, өкілеттігін растайтын құжатты және ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
3) портал арқылы – пайдаланушының кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен мекенжайы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша немесе кеңсе арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсетіле отырып, кеңседе тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіне шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.miіd.gov.kz «Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімде;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
17. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
«Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тарифтер
Р/с № |
Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-бен |
Рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК) |
1 |
10,0%-ға дейін қоса алғанда |
0,011 |
2 |
10,0%-тен 20,0%-ға дейін қоса алғанда |
0,014 |
3 |
20,0%-тен 30,0%-ға дейін қоса алғанда |
0,190 |
4 |
30,0%-тен 40,0%-ға дейін қоса алғанда |
0,380 |
5 |
40,0%-тен 50%-ға дейін қоса алғанда |
0,500 |
6 |
50%-дан жоғары |
1,0 |
«Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін тарифтер
Р/с № |
Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен |
Рұқсат берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК) |
1. |
Биіктігі: |
|
1.2. |
4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда |
0,009 |
1.3. |
4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда |
0,018 |
1.4. |
5-тен жоғары |
0,036 |
2. |
Ені: |
|
2.1. |
2,55-тен (изометриялық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда |
0,009 |
2.2. |
3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда |
0,019 |
2.3. |
3,75-тен жоғары |
0,038 |
3. |
Ұзындығы: |
|
3.1. |
жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда) |
0,004 |
«Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу (ұзарту) үшін өтініш
Тасымалдаушының атауы |
|
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) |
|
Мекенжайы, телефоны |
|
Жүктің атауы мен салмағы (тоннамен): |
|
Автокөлік маркасы: |
мемлекеттік нөмірi: |
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы: |
мемлекеттік нөмірi: |
Көлік құралының түрі |
|
Жүк көтергіштігі (тоннамен) |
|
Изотермиялық шанақтың болуы |
|
Әуе немесе оған балама аспаның болуы: |
|
Жүру маршруты |
|
Маршруттың жалпы ұзақтығы (километрмен): |
|
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша (километрмен): |
|
Рейстердің (жол жүру) саны: |
|
Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде): |
|
Ілесіп жүру түрi: |
мемлекеттік нөмірi: |
Жүру күні мен уақыты: |
|
Арнайы рұқсатты ұзарту немесе көлік құралын ауыстыру жағдайларында толтырылады (қажеті сызылсын) |
|
Бұрын берілген арнайы рұқсаттың нөмірі мен күні: |
|
Ауыстырылатын автокөлік маркасы: |
мемлекеттік нөмірi: |
Ауыстырылатын тіркеме (жартылай тіркеме) маркасы: |
мемлекеттік нөмірi: |
Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі нақты салмақтық және габариттік параметрлері
Параметрлерi |
Нақты |
Рұқсат етілген |
Асқаны |
|||||||||
Жол бетінен биіктігі, метрмен |
|
|
|
|||||||||
Ені, метрмен |
|
|
|
|||||||||
Ұзындығы, метрмен |
|
|
|
|||||||||
көлік құралының артқы сыртқы нүктесінен жүктің тысқары шығуы, метрмен |
|
|
|
|||||||||
шанақтың немесе платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесіне дейінгі жүкті орнатуға арналған арақашықтық, метрмен |
|
|
|
|||||||||
жүк автомобилінің артқы білігі мен тіркеменің алдыңғы білігі арасындағы арақашықтық, метрмен |
|
|
|
|||||||||
жартылай тіркеменің топсалы бекітпесінің білігі мен жартылай тіркеменің алдыңғы жағының кез келген нүктесі арасындағы арақашықтық, метрмен |
|
|
|
|||||||||
тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен құрамдастырылған автокөлік құралының артқы жағы арасындағы жол берілетін арақашықтық, метрмен |
|
|
|
|||||||||
Толық салмағы, тоннамен |
|
|
|
|||||||||
Тіркеменің толық салмағы, тоннамен |
|
|
|
|||||||||
Дөңгелек формуласы (еңістігі) |
1-білік |
2-білік |
3-білік |
4-білік |
5-білік |
6-білік |
7-білік |
8-білік |
9-білік |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
біліктердің ара қашықтығы (метрмен) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
Білікке нақты жүктеме (тоннамен) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Рұқсат қағаз тасығышта қажет/қажет емес (қажеті сызылсын).
Автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн тартылған
(Х)__________________________
Қосымша деректер: _____________________________________________
_________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар: _________________________________________
_________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)
Мөрдің орны
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді
* Ескертпе: толық емес және (немесе) анық емес ақпарат өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
«Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы) ___________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты _________________________________мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Ұсынылмаған құжаттардың атауы: 1) __________________________________________________________; 2) __________________________________________________________; 3) … Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды. ___________________________________________ ________________ Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы) Орындаушы. Т.А.Ә._____________ Телефоны__________ Алдым: ______________________ _______________________________ Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 ___ жылғы «___» ___________