• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 554 бұйрығына 6-қосымша

«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес 
1. «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб- порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің өтінішін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес, құжаттар топтамасы толық болған кезде қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
1) ХҚО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - сенбі аралығында жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
2-тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) немесе порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
3) дара кәсіпкер үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) техникалық байқау операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған, жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырған көшірмелері;
5) сынақ жабдықтарын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері;
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
9-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік электрөндық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға бөлатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
9-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттардың нөмірі және қабылданған күні туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
Мемлекеттік корпорация нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.
9-тармақтың жетінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берген кезде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.
1) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі;
техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу дәйексіз ақпарат беру;
механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуді қоса атқару;
механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті  техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі
3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
11-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
11-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11-тармақтың тоғызыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
4-бөлімнің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабідетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Біріңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz, («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.
«Техникалық байқау операторларының
 тізіліміне енгізу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша
__________________ облысы (қаласы)
 бойынша аумақтық көліктік бақылау
 органының басшысына
Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуге
 Өтініш
механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті
техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау операторларының
       Техникалық байқаудың стационарлық желісінің ____ бірлігі және
1
«Техникалық байқау операторларының
 тізіліміне енгізу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 2-қосымша
1. Техникалық байқау орталығында пайдаланылатын сынау жабдықтары (бұдан әрі - СЖ)
Анықтаушы сипаттамалар (көрсеткіштер) СЖ атауы, түрі (маркасы), шығарушы, зауыттық немесе түгендеу нөмірі Негізгі техникалық сипаттамалар Пайдалануға енгізу жылы СЖ аттестаттау бойынша құжаттың күні мен нөмірі, кезеңділігі
1 2 3 4 5
2. Техникалық байқау орталығында пайдаланылатын өлшеу құралдары (бұдан әрі - ӨҚ)
Анықтаушы сипаттамалар (көрсеткіштер) ӨҚ атауы, түрі (маркасы), шығарушы, зауыт немесе түгендеу нөмірі Негізгі метрологиялық сипаттамалар Пайдалануға енгізу жылы Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификатының (куәлік) күні мен нөмірі, кезеңділігі
1 2 3 4 5
«Техникалық байқау операторларының
 тізіліміне енгізу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 3-қосымша
________________________________________
 (Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
 (бұдан әрі - Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
 алушы ұйымның атауы)
_______________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының
 мекенжайы)
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
 ____________________ «Халықаралық автомобиль тасымалдарын (мекенжайды
көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын
беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес
құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.