Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына
7-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтінің стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 11.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi – Министрлiк) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) www.elincense.kz, www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктер тасымалына арналған шетелдiк рұқсаттар (бұдан әрі – шетелдік рұқсат) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарламасы (бұдан әрі – хабарлама) пайдаланушы кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны қағаз тасығышта алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, хабарлама басып шығарылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін алым «Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төлеу күні қолданылатын бір еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Toggle Dropdown
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесi:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс уақытымен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы броньдауға болады;
Toggle Dropdown
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларын қоспағанда, халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (хабарлма келіп түскен сәттен бастап).
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
Toggle Dropdown
2) порталда:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (жолаушыларды және багажды тасымалдауларды жүзеге асырған кезде), халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті, өкілеттігін растайтын құжатты және ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
2) портал арқылы – пайдаланушының кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен мекенжайы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту негіздері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша немесе кеңсе арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
Қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсетіле отырып, кеңседе тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.
Toggle Dropdown
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіне шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
Toggle Dropdown
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің – www.miіd.gov.kz «Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімде;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
17. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының тасымалдаушыларына
шет мемлекет аумағы арқылы жүріп
өтуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
___________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Toggle Dropdown
Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктер тасымалына арналған шетелдiк рұқсаттар алуға өтініш
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы)
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН)
_______________________________________________________________________________
Келесі жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктер тасымалына арналған шетелдiк рұқсаттар беруді өтінемін:
Toggle Dropdown
|
Р/с
№
|
Ел
|
Рұқсат түрi
|
Рұқсаттар саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Мекенжайы__________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс) Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін __________________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы) Мөрдің орны (бар болған кезде) * Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының тасымалдаушыларына
шет мемлекет аумағы арқылы
жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты
_________________________________мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Ұсынылмаған құжаттардың атауы:
Toggle Dropdown
1) __________________________________________________________;
Toggle Dropdown
2) __________________________________________________________;
Toggle Dropdown
3) … Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды.
___________________________________________ ________________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә._____________ Телефоны__________ Алдым: ______________________ _______________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 ___ жылғы «___» ___________