• Мое избранное
1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру
Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 8-қосымша

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.01.2016 жылғы № 62 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 826 Бұйрығына сәйкес (25.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес
Редакция 19.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi – Министрлiк) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – 1, 6, және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі пайдаланушы кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс уақытымен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушіге (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
Жеке басты куәландыратын құжаттар, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу куәлігі туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
2) Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәлік (қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік);
Жеке басты куәландыратын құжаттар, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу куәлігі туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тартылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезінде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
3) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы электрондық куәлік (қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік);
Жеке басты куәландыратын құжаттар, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу куәлігі туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тартылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы келісімін береді.
Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті және өкілеттігін растайтын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
2) портал арқылы – пайдаланушының кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен мекенжайы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша немесе кеңсе арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсетіле отырып, кеңседе тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіне шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.miіd.gov.kz «Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімде;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
17. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
«1, 6 және 7-сыныптағы 
қауіпті жүкті тасымалдауға 
арнайы рұқсат беру» мемлекеттік
​ көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысан
 Тіркеу нөмірі және күні _________________________________________________ (Аумақтық орган ресімдейді) ______________________________________________________________________ (аумақтық көліктік бақылау органының атауы)
 Өтініш ______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің және жеке тұлғаның Т.А.Ә., паспорт деректері) қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат ресімдеуді (қайта ресімдеуді) сұрайды. ______________________________________________________________________ (тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету) Тасымалдау _______________________________________ көлік құралымен (көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірін көрсету) ______________________________________ жүзеге асырылады. (тасымалдау бағытын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін, тиеу және түсіру орнын көрсету) Қосымша мынаны хабарлаймын: _________________________________________ (қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты почталық мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық почта мекенжайы) Қажетті құжаттар өтінішке коса беріледі. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығын және дәйектілігін растаймын. Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ___________ бастап ________ дейін сапарға белгілеуді сұраймын. Лауазымы Қолы Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады. 20 ___ ж. «_____» ___________
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті т
асымалдауға арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
 (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы)
 ___________________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты _________________________________мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Ұсынылмаған құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________; 
2) __________________________________________________________;
3) … Осы қолхат 2 данада әр тарапқа бір данадан жасалды. 
___________________________________________ ________________ 
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы) 
Орындаушы. Т.А.Ә._____________ Телефоны__________ Алдым: ______________________ _______________________________ 
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 ___ жылғы «___» ___________