Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 600 бұйрығына
1-қосымша
Рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты
1. Рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Кодекс) және DIN EN 13940 «Үзіліссіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» халықаралық стандарт талаптарын ескере отырып, электрондық форматта рецептілерді жүргізу тәртібін іске асыру және реттеу үшін талаптарды және шарттарды айқындайды.
2. Осы Стандарттың міндеттері:
1) электрондық рецептілер сервисінің (бұдан әрі – ЭРС) жұмыс тәртібін айқындау, оларды реттеу, ЭРС кезеңдерін жүзеге асыру үшін ақпараттың ең аз көлемін айқындау, рецептіні жазып беру, рецепт бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру туралы хабардар ету;
2) медициналық көмек көрсетуді қолдауды қамтамасыз ететін тараптарды сәйкестендіруге, олардың шынайылығын және пациенттің келісімін белгілеуге қатысты ЭРС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Осы Стандартта мына терминдер мен ұғымдар қолданылады:
1) бірнеше рет қолданылатын рецепт – дәрілік препаратты бірнеше рет босату жүзеге асырылатын рецепт;
2) дәрілік заттар – фармакологиялық белсенді әсер ететін заттарды білдіретін немесе қамтитын, аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған заттар, дәрілік субстанция, табиғи жолмен пайда болған дәрілік шикізат, дәрілік заттардың ангро- және балк-өнімдері, медициналық иммунобиологиялық препараттар, парафармацевтиктер;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;
5) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
6) дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;
7) дәрілік препараттардың ұлттық сәйкестендіргіші – Қазақстан Республикасында жазып беруге немесе пайдалануға рұқсат етілген дәрілік препараттардың ұлттық тіркеліміндегі белгілі бір дәрілік препараттың сәйкестендіру коды;
8) жарамды рецепт – рецептіні жазуға құқығы мен өкілеттілігі бар медициналық қызметкердің жазып берген рецептісі;
9) медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық сәйкестендіргіші – Қазақстан Республикасында жазып беруге немесе пайдалануға рұқсат етілген медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық тіркеліміндегі белгілі бір медициналық мақсаттағы бұйымның сәйкестендіру коды;
10) рецепт – электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) арқылы дәрілік заттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды электрондық форматта немесе басылып шығарылған версияда босатуға қатысты ЭДП арқылы медицина қызметкері жүзеге асырған дәрілік препараттың тағайындалуы;
11) рецепт бойынша босатылатын дәрілік препаратқа рецепт – рецепт бойынша босатылатын дәрілік препаратты белгілі бір пациентке өткізуге медициналық көрсетілетін қызметті беруші беретін рецепт;
12) рецепт бойынша босатылатын дәрілік препарат – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер пациенттің медицина қызметкері жазып берген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 тіркелген) 130/у нысан бойынша рецептісін көрсетуімен ғана босатылатын дәрілік препарат;
13) рецепт бойынша ілеспе ақпарат – дәрілік препараттарды сатып алудағы жеңілдіктерге, сырқатнамаға және осы Стандартқа сәйкес дәрі-дәрмектер мен пациент денсаулығын сипаттайтын өзге де деректерге қатысты ақпарат;
14) рецептілерді электрондық форматта жүргізу – рецептіні немесе рецептімен байланысты кез келген басқа ақпаратты ЭРС арқылы денсаулық сақтау тараптары арасында тікелей немесе ЭДП арқылы беру;
15) рецептіні жазып беретін адам – Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сай осы Стандартқа сәйкес рецептіні жазып беруді жүзеге асыратын медициналық қызмет көрсетуші;
16) тіркеу нөмері – дәрілік препараттарға, дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін тіркеу нөмері;
17) фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техникадан басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;
18) фармацевтика қызметкерлері – фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
19) электрондық рецептілер сервисі – электрондық рецептілерді құру, әкімшілендіру, жөнелту, алу, күшін жою немесе қайта жіберу мақсатында рецептілерді электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
20) тараптық медициналық ақпараттық жүйе – үш жақты әзірленген және қолданылатын медициналық ақпараттық жүйе;
21) логирлеу журналы – хронологиялық тәртіптегі оқиғалар туралы жазбалар файлы.
4. Рецептіні жазып беру Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 83) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Электрондық форматтағы рецептілерді жүргізу медициналық қызмет көрсетуші мен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер арасындағы екі тараптан ақпарат беруді, сондай-ақ дәрімен емдеумен және рецепт бойынша ілеспе ақпаратпен байланысты ақпаратты екі тараптан беруді қамтиды.
6. Екі тараптан ақпарат беру электрондық форматта рецептілерді жүргізу процесіне тартылған тараптар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін ЭДП арқылы жүзеге асырылады және басқарылады. Электрондық форматта рецептілерді жүргізу бойынша қызмет және тиісті ақпаратпен алмасу процестері ЭДП-да тіркеледі.
7. Тараптық медициналық ақпараттық жүйелерде қалыптастырылатын рецептілер екі типке бөлінеді:
1) амбулаториялық немесе стационарлық медициналық көмек көрсету нәтижесінде берілген рецептілер;
2) стационарлық медициналық көмек көрсету барысында дәрімен емдеуді тіркеу.
8. Стационарлық медициналық көмек көрсету барысында дәрімен емдеу тіркелген жағдайда, арнайы бекітілген жазба (бұдан әрі – АБЖ) түрінде электрондық рецепті жасау талап етілмейді.
9. Дәрілік препараттар туралы мәліметтер ЭДП медициналық қызмет көрсетуші медициналық жазба байланысының клиникалық маңызды элементін қамтитын ақпарат түрінде ұсынылады.
10. Стационарлық медициналық көмек көрсету барысында дәрімен емдеуді тіркеу кезінде осы Стандартқа 1-қосымшада (бұдан әрі – 1-қосымша) сипатталған дәрілік препараттарға арналған деректер жиыны және медициналық мақсаттағы бұйымдар ЭДП көмегімен автоматты түрде жаңартылады;
11. Рецепт амбулаториялық немесе стационарлық ем нәтижесінде тараптық медициналық ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жазып берілген жағдайда, рецептіні ЭДП-да тіркеу үшін электрондық рецептісі бар клиникалық-әкімшілік жазба нысанында ЭМЖ жасалады, медициналық қызмет жеткізуші тиісті элементінде ЭДП ішінде сақталынады.
12. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне сәйкес айқындалған дәрілік препараттардың ұлттық тіркелімі дәрілік заттардың ұлттық сәйкестендіргішінің көмегімен сәйкестендірілген дәрілік заттардың бірыңғай жіктемесінде белгіленген анықтамалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
13. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Мемлекеттік тізіліміне сәйкес анықталған медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық тіркелімі медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық сәйкестендіргіші көмегімен сәйкестендірілген медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай жіктемесінде белгіленген анықтамалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
2. Электрондық рецептілермен алмасу тәртібі
14. Тіркелетін, сақталынатын және ЭДП-да орталықтандырыла басқарылатын рецептілерге мынадай рәсімдер қолданылады:
1) ЭРС-ке кіруге рұқсат алуға талап білдірген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер электрондық рецептілерді пайдалану бойынша транзакция орындау мақсатында ЭРС кіруге рұқсат алуға тиісті сұрау салады;
2) Пациент қажет болған жағдайда ЭДП-дан дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы барлық субъектілер үшін жарамды рецептінің қағаз түріндегі версиясын сұрайды және алады;
3) белгілі бір пациенттің ЭРС кіруге рұқсаты бар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер осы Стандарттың 3-бөлімінде айқындалған іс-қимылдарды сақтай отырып, дәрілік заттарды беру бойынша транзакциялардың тиісті орындалуына жауап береді;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қағаз түрінде рецепт алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер мен фармацевтика қызметкерлері ЭДП-ға ЭРС арқылы осы рецептілер бойынша есеп береді.
3. Электрондық рецептілер сервисінің транзакциялары
15. ЭРС рұқсат деңгейін және осы сервисті пайдаланатын денсаулық сақтау тараптарының атқаратын рөлін реттейтін Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес транзакциялардың ерекшеліктері бойынша жиынтық ақпаратқа сәйкес электрондық рецептілерді жазып беру, жүргізу және алмастыру бойынша транзакцияларды қамтиды:
16. Медицина қызметкерінің жаңа рецептіні жазып беруі мынадай іс-әрекеттерге әкеліп соғады: