Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің м.а.
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 647 бұйрығына 1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің максималды көлеміне, білім алушыларды даярлау деңгейіне және білім алу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) академиялық кезең – семестр нысанның бірінде өз бетінше белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқыту кезеңі;
2) академиялық сағат – кесте бойынша оқыту сабақтарының барлық түрінде оқытушы мен білім алушының арасындағы байланыс жұмыс уақыты;
3) бағалау критерийлері – құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес оқытудың нәтижелерін бағалау жөнінде шешім қабылдауға арналған көрсеткіштер;
4) базалық құзыреттілік – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
5) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқаруға, өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы;
6) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға білім, даярлық деңгейі;
7) біліктілік сипаттамасы – маманның жеке тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жалпы талаптарды айқындайтын құжат; белгілі бір жұмыс істеуде кәсіби даярлықты талап ететін қызметкердің моделі;
8) бітіруші – медициналық және фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда білім алған адам;
9) жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы шегінде оқу траекториясын таңдауға жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;
10) кәсіби модуль – білім алушылардың құзыреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеттілігін игеруге бағытталған ТжКБ білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы.
11) кәсіби құзыреттілік – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
12) кредит – білім алушының (оқытушының) оқу жұмыстары көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
13) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау – білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және оқыту кезеңіне сәйкес білімнің, іскерліктің және дағдының қалыптасуын бағалау;
14) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
15) модульдік оқыту – ТжКБ модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
16) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім алушы оқу бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын кредиттердің ең аз көлеміне сәйкес келетін оқу пәндері мен модульдер тізімі;
17) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнында көрсетілген негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
18) оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) – оқу жұмыс жоспарының нақты модулі (пәні) үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
19) оқу жұмыс жоспары – ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесін, бірізділігін және көлемін, бақылау нысанын регламенттейтін құжат;
20) оқу мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі) бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі;
21) таңдау бойынша компонент – пререквизиттер мен постреквизиттерді ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде білім алушылар өз бетінше таңдайтын кредиттік оқыту технологиясы кезінде ТжКБ ұйымы ұсынатын кредиттердің ең аз көлеміне (немесе академиялық сағаттардың) сәйкес келетін, оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізімі;
22) тәлімгер – клиникалық және кәсіптік/ дипломалды практикадан өту кезеңінде клиникалық базада білім алушыларға теориялық білім мен практикалық дағдыларды бекітуге ықпал ететін білікті мейіргер;
23) тьютор – білім алушылардың дайындық деңгейін қамтамасыз ететін, оқыту процесін дараландыру үшін жағдай жасайтын (жеке оқу жоспарларын құру және жеке білім беру-кәсіби траекторияларды жоспарлау) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың тәлімгері қызметін орындайтын маман;
24) үлгілік оқу жоспары – осы стандарт негізінде әзірленген, модульдер және (немесе) циклдер (оқу пәндерінің тізбесі) бойынша оқу уақытының көлемін (еңбексыйымдылығын), кәсіби практиканы, білім алушының оқудағы іс-әрекеттерінің басқа да түрлерін, бақылау нысандарын, мамандықтар мен біліктіліктерге байланысты оқыту мерзімін регламенттейтін құжат;
25) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні және (немесе) модулі бойынша меңгерілуге тиіс білім, дағды, іскерлік және құзыреттілік мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
26) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы;
27) эдвайзер – оқу кезеңінде оқу траекториясын таңдауға және кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру бағдарламасын игеруге ықпал ететін, тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері функциясын орындайтын оқытушы;
28) элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогы – таңдау бойынша компонент пәндерінің және (немесе) модульдерінің қысқаша сипаттамасы қамтылған тізбесі.
3. Техникалық және кәсіптік білімі бар (бұдан әрі – ТжКБ) кадрларды даярлау бойынша оқу процесін ұйымдастыру:
1) мамандық бойынша ТжКБ білім беру бағдарламалары;
2) оқу-бағдарламалық құжаттамалар – үлгілік және оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарларына, жеке оқу жоспарларына, сондай-ақ осы стандарт талаптарына сәйкес әзірленген оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету кешені негізінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар
4. ТжКБ деңгейінде оқыту мазмұны ТжКБ білім беру бағдарламаларымен айқындалады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны:
білікті кадрларды даярлау кезінде:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін және базалық және кәсіби модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқытудан және кәсіби практикадан өтуді;
4) аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуді.
орта буын мамандарының даярлау кезінде:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін және базалық кәсіби модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) кәсіптік практикадан өтуді;
4) аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуді көздейді.
5. ТжКБ білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
6. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру:
1) оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық білім беру контентінің (электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдардың және модульдер (пәндер), кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, білім алушының өзіндік жұмысы;
2) базалық жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін және жүйелі түрде педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қызметпен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. Практикалық денсаулық сақтаудан мамандық бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі базалық білімі бар білікті мамандарды тартуға рұқсат етіледі.
7. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламалары мен жоспарлары үлгілік, жұмыс және жеке болып бөлінеді.
8. ТжКБ ұйымдарының үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары нақты мамандықтар бойынша әзірленеді.
Оқу процесін жоспарлау кезінде үлгілік оқу жоспарлары ТжКБ-ның оқу жоспарының моделі, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу жаспары негізінде әзірленеді.
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша үлгілік оқу жоспарларында міндетті компоненттің және оқу қызметінің әрбір түрінің еңбек сыйымдылығы кредит бойынша анықталады (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, аралық және қорытынды аттестаттау), ал таңдау бойынша компонент кредиттер мен сағаттардың жалпы санымен көрсетіледі.
9. Білім беру ұйымы оқу жұмыс жоспарларын белгілі бір бейін, мамандықтар мен біліктіліктер бойынша оқыту нысаны мен мерзімін көрсете отырып, ол болмаған жағдайда ТжКБ оқу жоспарының модельдері негізінде, модульдік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспарларының моделі негізінде әзірлейді.
Оқу жұмыс жоспары барлық оқыту кезеңіне әзірленеді және ТжКБ ұйымының басшысы бекітеді.
ТжКБ ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:
1) эксперименттік режимдегі жұмыс;
2) кәсіптік білім беру базасында біліктілігі жоғары деңгейдегі орта буын мамандарын даярлау;
3) мамандарды өңірдің және ТжКБ ұйымдарының ерекшелігін ескере отырып, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.
10. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде:
1) үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бірнеше деңгейлерді немесе мәндес біліктіліктерді игеру қажеттідігін ескере отырып;
2) элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогын әзірленеді.
ТжКБ ұйымдары бір мамандықтың басқа біліктіліктері үшін үлгілік оқу жоспарын қолдана отырып, жұмыс оқу жоспары әзірлейді.
Білім алушы жұмыс оқу жоспары мен мамандық бойынша элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен жеке оқу жоспарын құрастырады.
Жеке оқу жоспарына міндетті компоненттің пәндері және (немесе) модульдері және білім беру қызметінің түрлері (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, аралық және қорытынды аттестаттау, немесе таңдау бойынша компоненттің пәндері және (немесе) модульдері) кіреді.
Элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогының, жеке оқу жоспарының нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін ТжКБ ұйымдары өз бетінше айқындайды.
11. Жұмыс оқу бағдарламалары үлгілік оқу бағдарламалары (бар болған жағдайда) негізінде немесе барлық пәндер және (немесе) оқу жоспарының модульдері бойынша әзірленеді және ТжКБ ұйымы бекітеді.
12. ТжКБ ұйымдары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру кезінде:
1) міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізеді;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын,әдістерін таңдайды;
3) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау жүргізу нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдайды.
13. Оқу пәнін және (немесе) модулін зерделеу мен интеграциялаудың бірізділігі, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын пәнаралық байланыстарды ескере отырып, курстарға және семестрлерге бөлу.
Оқу пәнінің және (немесе) модульдің атауы мен мазмұнын қалыптастыру кезінде ұқсас біліктілік бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту мен кредиттердің сабақтастығын және нәтижелерін көшіруді қамтамасыз ету.
14. Негізгі орта білім базасында оқыту үшін жалпы білім беретін пәндер жалпы орта білімнің үлгілік оқу жоспарларының инварианттық бөлігіне сәйкес айқындалады.
Жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде айқындайды.
ТжКБ ұйымдарының қалауы бойынша жалпы білім беретін пәндер модульге біріктіріледі.
«Дене тәрбиесі» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат (мамандыққа байланысты) жоспарланады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні 100 сағат көлемінде өткізіледі, оның ішінде 36 сағат оқу-далалық жиындарды өткізуге бөлінеді. Оқу-далалық жиындар кезеңінде білім алушылар (қыз балалар) медициналық-санитариялық дайындықтан өтеді. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» интеграцияланған білім беру бағдарламасы «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсы шеңберінде іске асырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша ТжКБ ұйымдарының қалауымен жалпы білім беретін пәндер базалық және (немесе) кәсіби модульдерге біріктіріледі.
15. Әлеуметтік-экономикалық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер 180 сағаттан аспайтын оқу уақыты көлемінен орта буын маманын даярлау кезінде іске асырылады.
16. ТжКБ білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен және (модульдермен) қатар, ТжКБ ұйымдары айқындайтын пәндерді және (немесе) модульдерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
17. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды, сондай-ақ оқу, симуляциялық орталықтарда, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында өтетін өндірістік оқуды және кәсіби практиканы қамтиды.
Кәсіптік практика оқу, өндірістік, клиникалық және кәсіптік болып бөлінеді.
Оқу практикасы зертханаларда, оқу-клиникаға дейінгі кабинеттерде және симуляциялық орталықтарда арнайы пән оқытушыларының басшылығымен өткізіледі.
Кәсіптік практика кәсіпорындарда (ұйымдарда) шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын мамандық бейініне сәйкес келетін жұмыс орындарында өткізіледі және құзіреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Клиникалық тәжірибе медициналық ұйымдарда жұмыс берушілер шарттық негізде ұсынатын жұмыс орындарында оқытылған тәлімгердің басшылығымен жүргізіледі және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
Жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері студенттерге сапалы клиникалық білім беруге кепілдік беру және медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын дамыту үшін ынтымақтастықта тәлімгерлікті оқытуды ұйымдастыруға жауапты.
Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларында айқындалады.
18. Алынған білім, іскерлік, дағды мен құзырет деңгейін айқындайтын бақылаудың әртүрлі түрлері бар.
Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
2) қорытынды аттестаттау көрсетіледі.
ТжКБ ұйымдары білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың ағымдағы үлгерімдеріне бақылауды жүзеге асырады және аралық аттестаттаудан өткізеді.
Білім беру ұйымы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және аралық аттестаттаудан өткізу нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдауда дербес.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді оқуға бөлінген оқу уақытының есебінен, соның ішінде модульдерге біріктірілген немесе модуль бойынша емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушылардың біліктілігіне, іскерлігі мен құзыретіне қойылатын талаптар негізге алына отырып айқындалады.
Жалпы білім беретін пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және ТжКБ ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.
ТжКБ білім беру бағдарламасы толық аяқталған соң қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Әрбір біліктілік деңгейін аяқтаған соң білім алушыларды қорытынды аттестаттау үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылады.
Біліктілік емтихандары өндірістік алаңдарда, зертханаларда немесе әрбір біліктілік бойынша қондырғылармен жарақтандырылған оқу, симуляциялық орталықтарда өткізіледі.
Тізбесі оқу жоспарына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде жекелеген жалпы кәсіптік және арнайы клиникалық пәндер бойынша сабақтарды, өндірістік оқытуды өткізу кезінде оқу топтары 13 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді.
19. ТжКБ ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
20. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар апталық оқу жүктемесін, оқу жылының ұзақтығын, міндетті оқу уақытының көлемін қамтиды.
21. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында аптасына кемінде 36 сағат міндетті оқу жүктемесін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
22. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
23. Міндетті оқу уақытының көлемі жылына 1440 сағатты құрайды.
24. Факультативтік пәндер және (немесе) модульдер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде жоспарланады. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде факультативтер ТжКБ ұйымының қалауы бойынша білім алушының таңдау бойынша компонентіне енгізеді.
Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер және (немесе) модульдер бойынша жоспарланады.
25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды.
26. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практика және демалыстан тұрады.
Академиялық кезең ұзақтығы 15 аптадан тұратын семестрден тұрады.
27. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде білім алушының оқу жүктемесінің көлемі игерілген кредит бойынша әрбір оқу пәні және (немесе) модулі немесе басқа да оқу жұмысының түрлерімен өлшенеді.
4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
28. Кадрларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны мен білім берудің деңгейіне сәйкес базалық және кәсіби құзыреттіліктермен анықталады.
29. ТжКБ білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылар даярлығының көзделген біліктілік деңгейіне байланысты мынадай құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған:
1) белгілі бір деңгейде дербес әрекет ете отырып, оқытушының жетекшілігімен жұмыс жүргізу, негізгі базалық білімді қолдану, практикалық тапсырмаларды орындау, нұсқаулықпен берілген алгоритм бойынша іс-әрекет тәсілін таңдау, жұмыс жағдайының шарттарына сәйкес іс-әрекеттерді түзету;
2) қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету;
3) маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.
30. ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білікті кадрларды даярлау бағдарламасы толық аяқталған кезде немесе аралық аттестаттау қорытындылары бойынша біліктілік емтиханын және білім алушы еңбек нарығына шыққан кезде жұмыс біліктілігін беру;
2) қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша орта буын мамандарын даярлау бағдарламасы толық аяқталған кезде орта буын маманының біліктілігін беру мүмкіндігін қамтиды.
31. ТжКБ түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалауды білім алушылардың білімі мен дағдыларын және оқу мамандықтары бойынша медициналық білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалауды жүргізуге уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді, сондай-ақ оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес екі кезеңді қамтиды:
Түлектердің кәсіби даярлығын бағалау қорытынды аттестаттау (мемлекеттік емтихан) құрылымына кіреді.
32. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бітірушілерді қорытынды аттестаттаудың оң нәтижелері маман сертификатын алуға құқық береді.
5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар
33. Оқыту мерзіміне қойылатын талаптарда ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімдері көрсетілген.
34. Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды.
ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі:
1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алумен – 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 айды;
2) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 айды құрайды.