Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің м.а.
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 647 бұйрығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
1
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларының мазмұнына, оқу жүктемесінің максималды көлеміне, білім алушыларды даярлау деңгейіне және білім алу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) академиялық кезең – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы мынадай үш нысанның біреуінде дербес белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқу кезеңі: семестр, триместр, тоқсан.
Toggle Dropdown
2) академиялық сағат – оқу сабақтарының барлық түрінде кесте бойынша білім алушының оқытушымен қарым-қатынас жұмыстарының уақыты;
Toggle Dropdown
3) бағалау өлшемшарттары – құзіреттілікке қойылған талаптарға сәйкестікке оқу нәтижелерін бағалау бойынша шешім қабылдауға арналған көрсеткіш;
Toggle Dropdown
4) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
Toggle Dropdown
5) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқару, өзін-өзі ынталандыру мен ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толық тарауы немесе оқыту кезеңі;
Toggle Dropdown
6) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға білімділік, даярлық деңгейі;
Toggle Dropdown
7) бітіруші – медициналық және фармацевтикалық білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда білім алған адам;
Toggle Dropdown
8) дипломдық жұмыс – орта білімнен кейінгі білім берудегі білім беру бағдарламаларының білім алушылардың игеруінің нәтижелер қорытындылау және бітіруші курста олардың орындалуын көрсететін студенттердің жеке шығармашылық жұмысы;
Toggle Dropdown
9) жеке оқу жоспары – білім берудің тіркелген кезеңінде, білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін және білім беру жолдарын таңдауға, оның ішінде білім беру бағдарламаларының игеру шегінде жеделдетілген оқуға академиялық құқықтарын іске асыруға ықпал ететін, білім алушының оқу жоспары;
Toggle Dropdown
10) кәсіби модуль – білім алушының құзіреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілетін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толық тарауы немесе оқыту кезеңі.
Toggle Dropdown
11) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
Toggle Dropdown
12) кредит – білім алушының (оқытушының) оқу жұмыстары көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
Toggle Dropdown
13) кредиттік оқыту технологиясы – академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
Toggle Dropdown
14) қолданбалы бакалавриат – білім бағдарламалары «қолданбалы бакалавриат» біліктілігін тағайындаумен мамандар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
Toggle Dropdown
15) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау – білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және оқыту кезеңіне сәйкес білімнің, іскерліктің және дағдының қалыптасуын бағалау;
Toggle Dropdown
16) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
Toggle Dropdown
17) модульдік оқыту – модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
Toggle Dropdown
18) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
Toggle Dropdown
19) оқу жоспарының моделі – орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін көрсететін оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
Toggle Dropdown
20) оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) – оқу жұмыс жоспарының нақты пәні және (немесе) модулі үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
Toggle Dropdown
21) оқу жұмыс жоспары – оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі, оқудың бірізділігі мен көлемін, бақылау нысанын регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының немесе осы стандарттың негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
Toggle Dropdown
22) оқыту мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі;
Toggle Dropdown
23) тәлімгер – клиникалық және кәсіби /дипломалды тәжірибелерден өту кезеңінде клиникалық базада студенттің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын бекітуге ықпал ететін білікті мейіргер;
Toggle Dropdown
24) таңдау бойынша компонент – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ұсынатын пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде білім алушылардың өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
Toggle Dropdown
25) транскрипт – білімді бағалаудың әріптік және сандық жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген оқудың тиісті кезеңінде игерілген пәндер мен (немесе) модульдердің тізбесі бар құжат;
Toggle Dropdown
26) тьютор – білім алушылардың даярлық деңгейін қамтамасыз ететін оқу процесін даралау (жеке оқу жоспарын құру және білім беру-кәсіби треакториясын жоспарлау) үшін жағдайлар жасайтын ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың тәлімгерлік функциясын атқаратын маман;
Toggle Dropdown
27) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні (модулі) бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
Toggle Dropdown
28) үлгілік оқу жоспары – мамандықтар мен біліктіліктерге қатысты білім алушылардың модульдер бойынша оқу уақытының, кәсіби практикаларының және оқу қызметінің басқа да түрлерінің, бақылау нысандарының, оқу мерзімдерінің көлемін (еңбек сыйымдылығын) регламенттейтін осы стандарт негізінде әзірленетін құжат;
Toggle Dropdown
29) эдвайзер – тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде кредиттік оқыту технологиясы бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
Toggle Dropdown
30) элективті және (немесе) модульді пәндер каталогы – таңдау бойынша компоненттері бар пәндер және (немесе) модульдердің тізбесі, олардың қысқаша сипаттамасы.
Toggle Dropdown
3. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ:
Toggle Dropdown
1) оқу-бағдарламалық құжаттамамен – осы стандарттың оқу жоспарының моделімен, үлгілік және жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жоспарларымен, жеке оқыту жоспарларына;
Toggle Dropdown
2) орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлай отырып орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
4. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін қоса алғанда, техникалық және кәсіптік білім берудің модульдеріне интеграцияланған білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.
Toggle Dropdown
Орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын нақты қызметті орындау және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін қажетті білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұндық аспектілерін біріктіру негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді. Интеграцияланған білім беру бағдарламаларының түрлері: пәнаралық, деңгейаралық, жоғары оқу орындары аралық және халықаралық
Toggle Dropdown
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы:
Toggle Dropdown
1) базалық және кәсіптік модульдерді игеруді;
Toggle Dropdown
2) клиникалық және кәсіби/диплом алды практикадан өтуді;
Toggle Dropdown
3) дипломдық жұмысты орындау;
Toggle Dropdown
4) аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуді қамтиды.
Toggle Dropdown
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру:
Toggle Dropdown
1) оқу әдебиетінің кітапханалық қорының және оқу-әдістемелік құралдарының, оның ішінде модульдер (пәндер), білім алушының дербес жұмыстары, курстық және дипломдық жұмыстар (жобалар) бойынша цифрлық білім беру ресурстарының болумен;
Toggle Dropdown
2) базалық жоғары білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес келетін және жүйелі түрде педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қызметпен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. Мамандық бейініне сәйкес келетін базалық жоғары білімі немесе «мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бар орта білімнен кейінгі білімі бар практикалық денсаулық сақтаудан білікті мамандарды тартуға рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
5. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриоттық және азаматтықты қалыптастыруға, білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілетін дамытуға бағытталған.
Toggle Dropdown
6. Орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламалары кредиттік-модульдік технологияны қолдана отырып, құзыреттілік тәсіл негізінде құрылады.
Toggle Dropdown
7. Базалық және кәсіби модульдер міндетті және таңдау бойынша компоненттерді қамтиды.
Toggle Dropdown
Міндетті компонент модульдерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады.
Toggle Dropdown
Таңдау компоненті модульдерінің тізбесін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес айқындайды.
Toggle Dropdown
Базалық және кәсіптік модульдердің міндетті компонентінің көлемі оларды оқуға бөлінген уақыттың жалпы көлемінің кемінде 70%-ын құрайды.
Toggle Dropdown
Базалық және кәсіптік модульдерді таңдау компонентінің көлемі 30% - дан аспайды және бұл:
Toggle Dropdown
1) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгерген бітіруші дайын болуы тиіс қызметтің негізгі түрлерін кеңейтуге;
Toggle Dropdown
2) міндетті компоненттің мазмұнымен анықталатын білім алушының дайындығын тереңдетуге;
Toggle Dropdown
3) аймақтық еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес бітірушінің бәсекеге қабілеттілігін және тиісті мамандық бойынша білімін келесі деңгейде жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша құзыреттіліктерді алуға мүмкіндік береді.
Toggle Dropdown
8. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін және еңбек нарығының қажеттілігін, сондай-ақ білім алушының жеке мүдделерін ескереді.
Toggle Dropdown
Таңдау компоненті жұмыс берушілер мен орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әріптестерінің, пәндік-циклдік комиссиялардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
9. Базалық модульдер жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің мазмұнын қамтиды.
Toggle Dropdown
10. Кәсіптік модульдер жалпы кәсіптік, арнайы пәннің, клиникалық және кәсіптік/диплом алды практиканың мазмұнын қарастырады.
Toggle Dropdown
11. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін жоспарлау, білім беру мазмұны, оқу сабақтарын өткізу тәсілдерін таңдау, білім алушылардың өзіндік жұмысы, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлері арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Оқу бағдарламалары мен жоспарлары үлгілік, жұмыс және жеке болып бөлінеді
Toggle Dropdown
13. Үлгілік оқу жоспарларында міндетті компоненттің және оқу қызметінің әрбір түрінің еңбек сыйымдылығы (кәсіптік практиканың, аралық және қорытынды аттестаттаудың, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың кредит пен сағаттарда еңбек сыйымдылығы анықталады, ал таңдау компоненті кредиттер мен сағаттардың жалпы санымен) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
14. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы жұмыс оқу жоспарларын әрбір оқу тобына оқыту нысаны мен мерзімін көрсете отырып осы стандартқа және осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді.
Toggle Dropdown
Оқу жұмыс жоспары оқу процесінің кестесінен, уақыт бюджеті бойынша жиынтық деректерден, түсіндірме жазбадан және оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің тізбектілігі мен көлемін, бақылау нысанынан, семестр бойынша теориялық оқыту мен кәсіптік практиканың сағаттарын (кредиттерін) бөлуді реттейтін жоспар-кестеден тұрады.
Toggle Dropdown
Жұмыс оқу жоспары оқудың барлық кезеңіне әзірленеді және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Toggle Dropdown
Жұмыс оқу жоспары білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу үшін негіз болады.
Toggle Dropdown
15. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде:
Toggle Dropdown
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдайды;
Toggle Dropdown
2) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндерді кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50%-ға дейін өзгертеді. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша модульдер енгізеді;
Toggle Dropdown
3) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және білім алушылардың аралық аттестаттаудың нысандарын, тәртібін және кезеңділігін таңдайды.
Toggle Dropdown
16. Оқу жұмыс жоспарларына қосымша орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары элективті пәндер және (немесе) модульдердің каталогын әзірлейді
Toggle Dropdown
17. Үлгілік және оқу жұмыс жоспарының және элективті пәндер және (немесе) білім алушының мамандығы бойынша модульдердің негізінде эдвайзердің көмегімен жеке оқу жоспары жасалады.
Toggle Dropdown
Жеке оқу жоспары әр білім алушының жеке білім траекториясын анықтайды.
Toggle Dropdown
Жеке оқу жоспарына міндетті компоненттің пәндері және (немесе) модульдері және оқу қызметінің түрлері (кәсіптік практика, аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау, таңдау компонентінің пәндері және (немесе) модульдері) енгізіледі.
Toggle Dropdown
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған жеке оқу жоспары олардың психофизикалық дамуының ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.
Toggle Dropdown
Тьютордың көмегімен ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға арналған жұмыс оқу жоспарлары негізінде жеке оқу жоспары жасалады.
Toggle Dropdown
18. Жеке оқу жоспарының нысанын, құрылымын әзірлеу, бекіту тәртібін элективті пәндер каталогын және (немесе) модульдерді білім беру ұйымы дербес айқындайды.
Toggle Dropdown
19. Оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша әзірленеді. Бұл ретте міндетті компоненттің пәндері және (немесе) модульдері бойынша оларды әзірлеу үлгілік оқу бағдарламалары негізінде олар болған кезде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Оқу жұмыс бағдарламаларының (силлабустардың) нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес айқындайды.
Toggle Dropdown
20. Әрбір пән және (немесе) модуль аяқталғаннан кейін емтихан нысанында оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау рәсімі өткізіледі. Өндірістік оқытудың барлық түрлерін (клиникалық және диплом алдындағы практикаларды) орындау нәтижелерін бағалау бағалау әңгімелесу (сынақ) түрінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
21. Өндірістік оқыту:
Toggle Dropdown
1) Өндірістік / клиникалық практика;
Toggle Dropdown
2) диплом алдындағы практика қамтиды.
Toggle Dropdown
Өндірістік (клиникалық) практикадан өтудің міндетті орындарының тізбесі кәсіби біліктілігін тану туралы еуропалық директиваларға (2013/55/EU директивасы) сәйкес келеді: жалпы және мамандандырылған медицина; жалпы және мамандандырылған хирургия; балаларға күтім жасау және педиатрия; акушерство; психикалық денсаулық және психиатрия; қарт адамдар мен егде жастағы адамдарды күту және гериатрия; үйде күтім жасау.
Toggle Dropdown
22. Өндірістік оқыту жұмыс берушілердің медициналық ұйымдарында ментордың (тәлімгердің) басшылығымен жұмыс берушілердің шарттық негізде ұсынатын жұмыс орындарында жүзеге асырылады және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.
Toggle Dropdown
Клиникалық және дипломалды практикалардың мерзімі мен мазмұны оқу жұмыс жоспарларымен және оқу жұмыс бағдарламаларымен анықталады.
Toggle Dropdown
Кәсіптік модульдерге біріктірілген клиникалық практика осы стандарттың үлгілік оқу жоспарында айқындалған.
Toggle Dropdown
23. Симуляция (оқу практикасы) арнайы пәндер оқытушысының басшылығымен арнайы пәндер кабинеттерінде және симуляциялық орталықтарда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
24. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін дипломдық жұмыстарды қорғау нысанында қорытынды аттестаттау өткізіледі. Оны өткізуге арналған оқу уақытының көлемі екі аптадан аспайды.
Toggle Dropdown
25. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары білім алушылардың жеке сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған консультациялар мен факультативтік сабақтарды қамтиды.
Toggle Dropdown
26. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
27. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір оқу пәні және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін кредиттерде өлшенеді.
Toggle Dropdown
Студенттердің жекелеген санаттары үшін оқытудың нысаны мен технологиясына байланысты оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу жылы ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп санын игеруге жол беріледі.
Toggle Dropdown
28. Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстың, практиканың барлық түрлерінің, аралық және қорытынды аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.
Toggle Dropdown
29. Оқу жұмысының көлемін жоспарлауда бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.
Toggle Dropdown
30. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестация кезеңінен, практика және каникулдардан тұрады. Соңғы курстағы оқу жылына қорытынды аттестациялау кезеңі қосылады.
Toggle Dropdown
31. Академиялық кезең семестрді құрайды.
Toggle Dropdown
32. Өндірістік оқытудың ұзақтығы білім алушының 36 сағатқа тең апта ішіндегі белгіленген жұмыс уақытын негізге ала отырып, апталарда айқындалады (6 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат).
Toggle Dropdown
33. Орта білімнен кейінгі білім берудің аяқталуының негізгі крийтерийі студенттердің оқу кезеңінде барлық кредит кезеңдерін қоса алғанда, толық білім бағдарламалары бойынша оқу түрлерін толық игеру болып табылады.
Toggle Dropdown
34. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде түскен студенттерге кредиттердің саны мен орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының қажетті көлемін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы алдыңғы білім беру деңгейінің бейінінің және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінің сәйкестігін ескере отырып дербес айқындайды.
Toggle Dropdown
35. Орта білімнен кейінгі білім берудің қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша:
Toggle Dropdown
1) оқытудың қол жеткізілген нәтижелеріне, алдыңғы білім беру деңгейінде игерілген пререквизиттерге байланысты өзінің Жеке оқу жоспарын қалыптастырады, оларды орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы міндетті түрде қайта оқиды және оның транскриптіне енгізіледі;
Toggle Dropdown
2) оқытудың жеке мерзімдері мен орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы қолданыстағы орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы негізінде дербес айқындайтын білім беру бағдарламасының көлемі болады.
Toggle Dropdown
36. Оқу қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
Toggle Dropdown
37. Күндізгі оқу нысаны кезінде білім алушылардың міндетті жүктемесінің көлемі аптасына кемінде 36 сағатты құрайды.
Toggle Dropdown
4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
38. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларына, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды қамтиды.
Toggle Dropdown
39. Орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары мынадай құзыреттіліктерді иеленуге бағытталған: ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары шеңберінде еңбек және оқу қызметінің үдерістерін өз бетінше басқару және бақылау жүргізу, мәселелерді талқылау, қорытындыларды дәлелдеу және ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, кәсіби салада теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын қолдану, кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздестіруді орындау, шешу тәсілдерінің алуан түрлілігін және оларды таңдауды болжайтын, шығармашылық тәсілді қолдану (немесе кәсіби проблемаларды шешудің әртүрлі, оның ішінде балама нұсқаларын өз бетінше әзірлеу және ұсыну шеберлігі мен дағдысы), ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзетуді орындау.
Toggle Dropdown
40. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіби құзыреттілікті меңгеруді көздейді.
Toggle Dropdown
Базалық құзыреттер мамандық үшін анықталады және ұлттық сананы қалыптастыру, рухани жаңғырту әлеуметтік жауапкершілік, жұмысты ұйымдастыру, жұмыс орнындағы басқа адамдармен өзара қарым-қатынас, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілік контекстінде әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымды дамытуға бағытталған.
Toggle Dropdown
Кәсіптік құзыреттер жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұрауын ескере отырып, әрбір біліктілік бойынша кәсіби стандарттар (болған жағдайда) немесе еңбек нарығын жекелеп талдау негізінде анықталады.
Toggle Dropdown
41. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «Мейіргер ісі бойынша қолданбалы бакалавр» біліктілігі тағайындалады.
Toggle Dropdown
42. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалауды білім алушылардың білімі мен дағдыларын және оқу мамандықтары бойынша медициналық білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалауды жүргізуге уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді, сондай-ақ оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес екі кезеңді:
Toggle Dropdown
1) білімді бағалауды;
Toggle Dropdown
2) дағдыларды бағалауды қамтиды.
Toggle Dropdown
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау қорытынды аттестаттау құрылымына кіреді.
Toggle Dropdown
43. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын бітірушілерді қорытынды аттестаттаудың оң нәтижелері маман сертификатын алуға құқық береді.
Toggle Dropdown
5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
44. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімін қамтиды және білім беру бағдарламаларының мазмұнымен, оқыту нәтижелерімен және игерілген кредиттердің көлемімен анықталады.
Toggle Dropdown
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды.
Toggle Dropdown
45. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеруге ниет білдірген тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі осы стандарттың қосымшасында көрсетілген.
Toggle Dropdown
Жалпы орта білім базасында орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 3 жыл 6 айды, техникалық және кәсіптік білім базасында жеделдетілген оқу бағдарламасы бойынша – 1 жыл 6 айды құрайды.
Toggle Dropdown
Орта білімнен кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға бірдей міндетті
стандартына қосымша
Toggle Dropdown
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеруге қызығушылық танытқан тұлғаларға білім берудің алдыңғы деңгейіне қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
|
Мамандығы
|
Оқу мерзімі
|
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасына түсетін тұлғалар үшін талап етілетін білім деңгейі
|
|
0302000 «Мейіргер ісі» Біліктілігі 0302054 «Мейіргер ісі қолданбалы бакалавр»
|
3 жыл 6 ай
|
Жалпы орта білім немесе техникалық және кәсіптік білім
|
|
0302000 «Мейіргер ісі» Біліктілігі 0302054 «Мейіргер ісі қолданбалы бакалавр»
|
1 жыл 6 ай
|
«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Жалпы практика мейіргері», «мамандандырылған мейіргер» біліктілігі бойынша немесе «Емдеу ісі» («Акушерлік іс») техникалық және кәсіптік білім, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты және үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.
|