• Мое избранное
Фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 4-қосымша

4-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес 
  • 1
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.07.2016 жылғы № 661 Бұйрығымен (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-12/2020 Бұйрығына сәйкес (29.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан, оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖОО) оқу мерзіміне бағдарланып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:
1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысының көлемін өлшеудің біріздендірілген бірлігі;
2) бейіндік магистратура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, оның білім беру бағдарламалары тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар денсаулық сақтау үшін басқару кадрларын даярлауға бағытталған;
3) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
4) біліктілік – алған кәсібі мен мамандығы бойынша белгілі бір қызмет түрін құзыретті орындауға оқу, дайындық деңгейі;
5) біліктілікті беру – тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттердің, кәсіптік білімнің, шеберліктің және дағдылардың жиынтығын растау рәсімі;
6) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;
7) докторант – докторантурада білім алатын адам;
8) докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 акдемиялық кредитті міндетті меңгеру арқылы тиісті бағыт бойынша философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
9) докторлық диссертация – докторанттың жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде тануға болатын теориялық ережелер әзірленген немесе ғылыми проблемасы шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы;
10 ) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушының білім беру бағдарламасының және элективті пәндер каталогының негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына жеке жасайтын оқу жоспары;
11) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
12) кәсіби құзыреттер – маманның кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке басының қасиеттері негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеті;
13) клиникалық базалар – медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық бөлімшелері (клиникалары), сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарымен шарттар бойынша медицина және фармацевтика кадрларын даярлау үшін тиісті жағдайлар беретін денсаулық сақтау ұйымдары.
14) клиникалық тәлімгер – білім алушылардың және медициналық білім беру бағдарламаларының түлектерінің кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымның немесе медициналық білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, қызметін білім, ғылым және практика үштұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медициналық қызметкер;
15) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;
16) магистр – магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;
17) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
18) магистратура – кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгеру арқылы тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;
19) магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;
20) магистрлік жоба – бейінді магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасының өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және(немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бітіру жұмысы;
21) мамандық – білім туралы тиісті құжатпен расталған белгілі бір қызмет түрін анықтау үшін қажетті мақсатты бағыталған даярлығы және жұмыс тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен дағды жолымен алынған кешен;
22) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау (бұдан әрі – білім мен дағдыларды бағалау) – білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және медициналық қызмет көрсету үшін қажетті құзыреттердің (білім мен дағдыларды) қалыптасу деңгейін бағалау;
23) міндетті компонент – жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген және білім алушылардың оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
24) МВА бағдарламасы – бизнес саласындағы заманауи білімдер мен дағдыларды меңгерген, процестер мен кадрлық активтерді басқаруға, компанияның стратегиясын жасауға, стратегиялық және оперативті міндеттерді анықтай білуге және ғылыми аспаптарды қолдана отырып, оларға қол жеткізе білуге қабілетті басқарушы кадрлар даярлау бағдарламасы;
25) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру бағдарламасы мен резидентура тыңдаушысының жеке оқу жоспарлары негізінде ұйым дербес әзірлейтін оқу құжаты;
26) оқыту нәтижелері – білім алушы білім беру бағдарламасын игеру бойынша алған, көрсететін білім, білік, дағды бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастар;
27) постреквизиттер – аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
28) пререквизиттер – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
29) резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
30) резидентура базасы – денсаулық сақтау министрі белгілеген тәртіппен резидентура бағдарламасын немесе оның бір бөлігін іске асыруға құқық алған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының клиникасы;
31) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;
32) резидентура тыңдаушысының жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – резидентураның білім беру бағдарламасы негізінде басшының көмегімен әрбір оқу жылына өзі дербес қалыптастыратын резидентура тыңдаушысының оқу жоспары;
33) резидентураның білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асырудың тәсілдері мен әдістерін, академиялық және кәсіптік персоналды оқыту үшін тартылатын материалдық ресурстарды, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
34) таңдау компоненті (бұдан әрі – ТК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ұйым дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
35) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін міндетті компонент пәндерінің және практикалардың барлық түрлерінің, қорытынды аттестаттаудың тізбесі мен кредиттерінің ең аз көлемін көрсете отырып, білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін оқу құжаты;
36) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
37) іскерлік әкімшілендіру магистрі – МВА бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже.
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлай отырып резидентураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар
3. Резидентураның мақсаты қандай да бір мамандық бойынша өз бетінше жұмыс істеу үшін маман дәрігерлердің сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Резидентура тыңдаушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар білім алушылардың қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелері негізінде айқындалады:
1) пациентті күту: клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
2) коммуникация және коллаборация: пациент үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында пациентпен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады;
3) қауіпсіздік пен сапа: медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;
4) қоғамдық денсаулық сақтау: өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіптік топтар құрамында жұмыс істеуге қабілетті;