№
|
Құзыреттер
|
№ Қ
|
Бағдарламаны оқыту нәтижелері.
Бітіруші қабілетті болады:
|
БҚ-1.
|
Оқыту: ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, жеке және топта мақсатты белсенді оқыту қабілеті.
|
БҚ-1.1
|
Өзін-өзі дамыту: өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.
|
БҚ-1.2
|
Топта оқыту: топта қойылған топтық мақсаттарға жету үшін білім, тәжірибе және ресурстармен алмасу, ұжымдық тапсырмаларды нақты және уақтылы орындау үшін жауапкершілікті көрсетеді.
|
БҚ-1.3
|
Ақпаратты басқару дағдылары: ақпаратқа деген жеке қажеттілікті анықтайды, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада қорытады және қолданады.
|
БҚ-1.4
|
Сыни ойлау және шешім қабылдау: проблеманы және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, фактілер мен пікірлерді логикалық талдайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, қорытынды жасайды және негізделген шешімдер қабылдайды.
|
БҚ-2.
|
Кәсіпқойлық:
кәсіби этикалық қағидаттар мен құпиялылық қағидаттарына бейімділігін көрсетеді, құқықтық және ұйымдастырушылық нормаларды сақтайды, оң жұмыс ортасын қолдауға жауап береді, жалпы қызметтің тиімділігін арттыруға бағдарланады, өзінің іс-әрекеті мен соңғы нәтижесі үшін жауапты болады.
|
БҚ-2.1
|
Кәсіби этика: пациенттің/клиенттің/отбасының және қоғамдастықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіби этикалық қағидаттарға, сондай-ақ құпиялылық қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
|
БҚ-2.2
|
Рөлдер мен жауапкершілік: өз рөлін, құқықтары мен лимиттерін сезінеді; нормативтік-құқықтық актілерге және ұйымдастыру талаптарына сәйкес өзінің іс-әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін өзіне жауапкершілік қабылдайды.
|
БК-2.3
|
Рефлекторлық мінез-құлық: өз іс-әрекетінің тиімділігін, кәсіби команда мен жалпы ұйымның қызметін талдауға, іс-әрекетті түзетуге және соңғы нәтижеге жауапты болуға қабілетті.
|
БҚ-2.4
|
Оң жұмыс ортасы: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды, уақытты тиімді басқарады, күшті командалық рух пен позитивті психоэмоциональды климатты қолдауға жауапты болады.
|
БҚ-3.
|
Коммуникациялар:
технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.
|
БҚ-3.1
|
Коммуникативтік дағдылар: әр түрлі жағдайларда, мемлекеттік және орыс тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда тиімді кәсіби коммуникация дағдыларын көрсетеді.
|
БҚ-3.2
|
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсатта тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.
|
БҚ-3.3
|
Төзімділік: мәдениет, сенім, салт-дәстүрлер, ұлт, өмір салты мен дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті мен құрметін көрсетеді.
|
БҚ-3.4
|
Ағылшын тілінде коммуникация: Ағылшын тілін кемінде Интермедиат (Intermediate) деңгейінде кәсіби мақсатта пайдаланады.
|
БҚ-4.
|
Инновациялар:
әр түрлі міндеттер мен мәселелерді жеке және топта шығармашылықпен шешуге, қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қазіргі заманғы технологияларды пайдалануға және енгізуге қабілетті.
|
БҚ-4.1
|
Креативтілік: әр түрлі міндеттер мен мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарауға, жаңа жақсартылған шешімдерді табуға қабілетті.
|
БҚ-4.2
|
Инновациялық әлеуметтік өзара іс-қимыл: әр түрлі кәсіптермен, көзқараспен және тәжірибемен адамдардың командалық жұмысы нәтижесінде жаңа идеяларды құруға қабілетті.
|
БҚ-4.3
|
Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жақсарту: технологияларға қажеттілікті анықтайды, қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қазіргі заманғы технологияларды пайдаланады, жоспарлайды және енгізеді.
|
БнҚ-1.
|
Клиникалық мейіргер ісі:
қауіпсіз пациент-орталықтанған мейіргерлік күтімді жүзеге асыра алады, тәуелсіз шешімдер, әрекеттер және персоналды басқару үшін жауапкершілік қабылдайды.
|
БнҚ -1.1
|
Қауіпсіздік: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады, қауіпсіздікдік деңгейін арттыру үшін әртүрлі технологияларды қолданады, оларды күтпеген және тез өзгеретін жағдайларда, сондай-ақ дағдарыс және апат жағдайларында сыни бағалайды және бейімдейді.
|
БнҚ -1.2
|
Клиникалық дағдылар мен білім: операциялық емшаралар стандарттарына және дәлелді мейіргерлік басшылықтарға (стандарттарға) сәйкес қауіпсіз және орталықтанған мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету үшін клиникалық дағдылар мен технологиялардың кең спектрін меңгерген, денсаулықтың бұзылуы туралы терең білімді меңгерген және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарында жеке тұлғаларға, отбасыларға және топтарға тиісті мейіргерлік күтімді жүзеге асырады.
|
БнҚ -1.3
|
Пациент-орталықтанған мейіргер күтімі: заманауи теориялық және клиникалық білімді пайдалана отырып, мейіргерлік күтімге қажеттілікті дербес бағалайды, сондай-ақ пациент-мейіргерлік күтімнің орталықтанған жоспарын әзірлейді; пациентпен бірге оның отбасының пікірін ескере отырып шешім қабылдайды; жеке тұлғаға бағдарланған/пациент-емдеу нәтижелеріне қол жеткізуге баса назар аудара отырып, орталықтанған біріктірілген мейіргерлік күтім көрсете отырып, күтім жоспарын жүзеге асырады, кейінгі күтім туралы ұсыныстар береді.
|
БнҚ -1.4
|
Мейіргер ісін құжаттау: мейіргерлерді жіктеу жүйесі және қажетті компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, электрондық медициналық жазбаларды жүйелеу негізінде мейіргерлік құжаттаманы уақтылы және дәл жүргізеді; құжаттардың мониторингі мен талдауын жүзеге асырады.
|
БнҚ -2.
|
Ғылыми көзқарас және дәлелді мейіргер практикасы:
мейіргер ісінде ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеу нәтижелерін ұсынады және оларды клиникалық практикаға енгізеді, дәлелді мейіргер практикасы негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
|
БнҚ -2.1
|
Дәлелдемелерге негізделген ақпаратты түсіндіру және шешімдер қабылдау: алдыңғы қатарлы мейіргерлік технологияларды әзірлеуге бағытталған биомедициналық және мейіргерлік зерттеулер саласындағы ақпаратты бағалайды, дәлелді мейіргерлік практика негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.
|
БнҚ -2.2
|
Мейіргерлік зерттеу жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру: мейіргерлік қызметтерді қалыптастыру және іске асыру бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды жетілдіру, одан әрі дамыту мақсатында ғылыми зерттеулерді жоспарлау кезінде шығармашылықты көрсетеді.
|
БнҚ -2.3
|
Ғылыми зерттеулер нәтижелерін тиімді тарату: зерттеу нәтижелерінің тиімді ғылыми презентацияларды жүзеге асырады және оларды клиникалық практикаға енгізеді, әртүрлі презентациялар түрлерін ұсынады, зерттеу нәтижелерін түрлі аудиториялар үшін таратады.
|
БнҚ -3.
|
Менеджмент және сапа:
Өз әрекетіне және команданың жұмысына жауапты; барлық жағдайларды кәсібиаралық қызметтің тиімділігі мен сапа принциптерін ұстанады.
|
БнҚ -3.1
|
Сапасы: Ақпаратты таратудың жоғары құндылығын, озық тәжірибені мойындайды, мейіргерлік қызмет көрсету сапасын және өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін жауапты болады.
|
БнҚ -3.2
|
Мейіргер ісіндегі менеджмент: техникалық және кәсіптік білімі бар мейіргерлік персоналға және студенттерге басшылық жасауды қамтамасыз етеді; медициналық ұйым жұмысының тиімділігін арттыру бойынша басқарушылық шешімдерді әзірлеуге қатысады.
|
БнҚ -3.3
|
Коллаборация: командада басқа кәсіпқойлармен жұмыс істейді, топтық мақсаттарға жету үшін жауапкершілікті бөледі, мейіргерлік күтім сапасын арттыру мақсатында өзара тиімді кәсіби ынтымақтастыққа ұмтылады.
|
БнҚ -4.
|
Денсаулықты нығайту:
салауатты өмір салтына және жеке/отбасылық/популяциялық деңгейлерде өз бетінше күтім жасауға жәрдемдесу әдістері мен стратегияларының кең спектрін меңгерген.
|
БнҚ -4.1
|
Салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтудың мінез-құлық стратегиясы: өмір салтына ықпал ету және жеке тұлғалар мен отбасылардың өз бетінше күтуін көтермелеу арқылы денсаулық жағдайын жақсарту үшін жеке/отбасылық/қоғамдық деңгейлерде тиімді мінез-құлық стратегияларын қолданады.
|
БнҚ -4.2
|
Әлеуметтік маңызы бар ауруларды басқару: қауіп және қорғау факторларын анықтайды, жеке/отбасылық/популяциялық деңгейлерде алдын алу іс-әрекеттерін жоспарлайды, осындай іс-әрекеттердің тиімділігін бағалайды.
|
БнҚ -4.3
|
Денсаулықты нығайту саласындағы саясат: қоғам деңгейінде денсаулықты нығайту саласында әртүрлі стратегиялар мен саясатты ілгерілетуге қатысады.
|
БнҚ -5.
|
Оқыту және басшылық:
әр түрлі пациенттер мен топтарды оқыту және басшылық ету үшін мейіргерлік істегі әдістер мен материалдардың кең спектрін меңгерген.
|
БнҚ -5.1
|
Клиентті/ пациентті / отбасын клиникалық тұрғыда оқыту: индивидуум/ топ/ отбасы қажеттіліктерін және олардың денсаулығын сақтау және өзіне-өзі көмек көрсету үшін өзіндік ресурстарын анықтайды; оқыту жоспарын әзірлейді, пациентті жоспарға сәйкес олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін мейіргерлік күтім іс-шараларын дербес орындауға үйретеді және олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.
|
БнҚ -5.2
|
Оқыту әдістері мен материалдары: пациенттердің қажеттіліктеріне сәйкес, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып және олардың дербестігіне ықпал ете отырып, оқыту және басшылық әдістерін таңдауға және қолдануға қабілетті; оқыту іс-шараларының тиімділігін арттыру үшін соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде клиент/пациент/отбасы және топтар үшін оқу-ақпараттық материалдарды әзірлейді.
|