|
№
|
Құзіреттілік
|
№ К
|
Бағдарламаны оқытудың нәтижелері.
Бітіруші қабілеттілігі:
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1
|
Медициналық білім: биомедициналық, клиникалық, эпидемиологиялық және әлеуметтік-мінез-құлық ғылымдары саласындағы білімді, жалпы қабылданған, дамып келе жатқан және үнемі жаңаратын білімді қоса, тәжірибеде көрсету және қолдану
|
1.1.
|
Денсаулық сақтау жүйесінде пациенттер мен халық үшін іргелі маңызы бар базалық биомедицина ғылымдары саласындағы белгіленген және жаңа ғылыми қағидаттарды қолдану
|
|
1.1.1
|
Қалыпты жағдайдағы адам ағзасының құрылысы мен қызметін түсіндіру
|
|
1.1.2
|
Базалық ғылымдар тұрғысынан мамандану саласындағы негізгі аурулардың пайда болуын негіздеу
|
|
1.1.3
|
Базалық ғылымдар тұрғысынан зерттеудің тиісті әдістерін таңдауды негіздеу
|
|
1.1.4
|
Зерттеудің таңдалған әдістерінің негізінде жатқан іргелі ұстанымдарды түсіндіру
|
|
1.1.5
|
Дәрілік заттардың әсер ету механизмін, терапиялық әсерді және фармакокинетиканы, жанама әсерлерді және препараттардың өзара әрекеттесуін, популяциялық деңгейдегі әсерлерді қоса алғанда, ұзақ емдеу әсерлерін білу.
|
|
1.1.6
|
Базалық ғылымдар тұрғысынан клиникалық деректерге сыни талдау жүргізу.
|
|
1.2.
|
Клиникалық ғылымның диагностикалық және терапиялық үдеріске, клиникалық проблемаларды шешуге және дәлелді медицинаның басқа да аспектілеріне белгіленген және жаңа принциптерін қолдану
|
|
1.2.1
|
Пациенттің сауалнамасы мен физикалық тексеруінің стандартты схемасын пайдалану
|
|
1.2.2
|
Дәлелдемелерге негізделген практика принциптерін түсінуді көрсету және пациенттермен жұмыс істеу және медициналық көмек көрсету кезінде осы қағидаларды қолдану
|
|
1.2.3
|
Практика саласында жиі кездесетін синдромдар мен жағдайларда дифференциалды диагностика алгоритмін түсінуді көрсету
|
|
1.2.4
|
Зерттеу әдістерінің көрсеткіштерін, қарсы көрсетілімдерін, тәуекелдерін және диагностикалық маңыздылығын түсіндіру
|
|
1.2.5
|
Негізгі ауруларды емдеу мен алдын алудың тиісті әдістерінің әсер ету механизмі мен тәуекелдерін түсіндіру
|
|
1.2.6
|
Алдын ала/ клиникалық диагнозды анықтау және негіздеу үшін аурулардың диагностикалық критерийлерін білу
|
|
1.2.7
|
Дәлелді медицина тұрғысынан тиімді фармакотерапияның негіздерін білу.
|
|
1.3.
|
Денсаулық мәселелерін, қауіп факторларын, емдеу стратегиясын, ресурстарды және аурулардың алдын алу, пациенттер мен халық топтарының денсаулығын нығайту үшін эпидемиологиялық ғылымдар принциптерін қолдану
|
|
1.3.1
|
Денсаулықтың жалпы детерминанттары мен тәуекелдерін қоса алғанда, денсаулықты жақсартудың негізгі принциптерін талқылау
|
|
1.3.2
|
Аурудың дамуындағы экологиялық және кәсіби тәуекелдердің рөлін түсіну және оларды жеңу тәсілдерін талқылау
|
|
1.3.3
|
Денсаулықты сақтаудағы тамақтанудың рөлін талқылау
|
|
1.3.4
|
Ең жиі кездесетін аурулардың бастапқы, екінші және үшінші алдын алу принциптерін талқылау
|
|
1.3.5
|
Ауруханалық жағдайда және халық арасында инфекциялық ауруларды бақылаудың негізгі принциптерін түсіндіру және қолдану
|
|
1.3.6
|
Пациенттің және қоғамның эпидемиологиялық деректерін талдаудың негізгі принциптерін бағалау және қолдану.
|
|
1.4.
|
Денсаулыққа, емдеуге, құпиялылықты сақтауға және емдеуге қарым-қатынасқа әсер ететін психоәлеуметтік және мәдени әсерді бағалауды қоса алғанда, пациенттерге сапалы күтімді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мінез-құлық ғылымдарының принциптерін қолдану
|
|
1.4.1
|
Жеке деңгейде және қоғамда адамның қалыпты мінез-құлқын түсіндіру
|
|
1.4.2
|
Денсаулық пен аурудың психологиялық және әлеуметтік концепцияларын талқылау
|
|
1.4.3
|
Пациенттің, халық топтарының және қоғамның ауруларға әртүрлі реакциясын түсіндіру үшін психология мен социологияның теориялық концепцияларын қолдану
|
|
1.4.4
|
Аурудың дамуына және емдеудің табыстылығына ықпал ететін психологиялық және әлеуметтік факторларды түсіндіру
|
|
1.4.5
|
Мінез-құлықтық өзгерістердің психологиялық және әлеуметтік аспектілерін және емдеуді ұстануды талқылау.
|
|
2
|
Коммуникация: пациенттермен, олардың отбасыларымен және медицина қызметкерлерімен тиімді ақпарат алмасуға және ынтымақтастыққа әкелетін тұлғааралық және коммуникативтік дағдыларды, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып көрсету
|
2.1.
|
Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дәстүрлерді назарға ала отырып, жағдайға байланысты пациенттермен, олардың отбасыларымен және жұртшылықпен тиімді қарым-қатынас жасау
|
|
2.2.
|
Қиын әңгімелерде, оның ішінде өлім, қолайсыз оқиғалар, нашар жаңалықтар хабарларында, медициналық қателерді ашуда және басқа да нәзік тақырыптарда адалдық пен жанашырлық көрсету
|
|
2.3.
|
Тұлғааралық өзара іс-қимылдарды құруға және басқаруға мүмкіндік беретін эмоцияларға адамның эмоциялары мен реакцияларын сезу және түсінуді көрсету
|
|
2.4.
|
Әріптестермен немесе денсаулық сақтау саласындағы басқа да мамандармен тиімді қарым-қатынас жасау
|
|
2.5.
|
Команда мүшесі немесе денсаулық сақтау тобының немесе басқа кәсіби топтың жетекшісі ретінде басқа адамдармен тиімді жұмыс істеу
|
|
2.6.
|
Пациентке және халыққа қауіпсіз, тиімді күтім жасауды оңтайландыру үшін кәсіби командаға қатысу қабілетін көрсету
|
|
2.7.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу, пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты жазбаша түрде дер кезінде, ұқыпты және қысқа түрде көрсету
|
|
2.8.
|
Пациентті күтуді және әріптестермен коммуникацияны оңтайландыру үшін тиімді қолда бар ақпараттық технологияларды пайдалану (интернатура бітірушінің құзыреттеріне 3.6-қосымша)
|
|
3
|
Клиникалық дағдылар: тиімді пациентті қамтамасыз ету-ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған тиісті және тиімді іс-шараларды қамтитын орталықтанған күтім
|
3.1.
|
Практика саласында қажетті деп саналатын барлық медициналық, диагностикалық және хирургиялық рәсімдерді орындау
|
|
3.2.
|
Анамнез жинау, физикалық тексеру және зертханалық деректерді пайдалану, диагностиканың визуалды әдістері және басқа да зерттеу әдістері көмегімен пациенттер және олардың жалпы жағдайы туралы маңызды және нақты ақпаратты жинау
|
|
3.3.
|
Зертханалық мәліметтерді интерпретациялау, практика саласына қатысты зерттеудің визуалды және басқа әдістеріне талдау жүргізу
|
|
3.4.
|
Практикада жиі кездесетін аурулар бойынша пациенттерді емдеу жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру
|
|
3.5.
|
Пациенттер мен олардың отбасыларына кеңес беру және оларды емдеуге қатысуға мүмкіндік беру және бірлескен шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін оқыту
|
|
3.6.
|
Емдеуге дейінгі кезеңде пациенттің өміріне қауіп төндіретін шұғыл жағдайларда практика саласында кең таралған алғашқы көмекті тану және көрсету
|
|
3.7.
|
Бір маманнан екіншісіне ауысу кезінде емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, пациенттерді қажетті емдеуге тиісті жіберуді қамтамасыз ету, прогресті және емдеу нәтижелерін бақылау
|
|
4
|
Кәсіпқойлық: кәсіби міндеттерді орындауға және этикалық қағидаттарды сақтауға бейілділігін көрсету
|
4.1.
|
Пациентке қауіпсіз, тиімді және білікті көмекті басымдыққа қою
|
|
4.2.
|
Өз рөлдеріне, қабілеттері мен біліктілігіне сай міндеттерді орындау, еліктеуге үлгі болу
|
|
4.3.
|
Әріптестеріне пациенттерді күтуді жүзеге асыру кезінде өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік беретін сенімді көрсету
|
|
4.4.
|
Кері байланысты күнделікті тәжірибеде қолдану
|
|
4.5.
|
Басқа адамдарға жанашырлық, тұтастық және құрмет көрсету
|
|
4.6.
|
Жеке мүдделерін ауыстыратын пациенттердің қажеттіліктеріне деген қайырымдылықты көрсету
|
|
4.7.
|
Пациенттердің құпиялылығы мен автономиясына құрмет көрсету
|
|
4.8.
|
Пациенттер, қоғам және мамандық алдында жауапкершілікті көрсету
|
|
4.9.
|
Жынысына, жасына, мәдениетіне, ұлтына, дініне, мүгедектігіне, жыныстық бағдарлануына және басқа сипаттамаларына қарамастан әр түрлі пациенттерге сезімталдық пен қайырымдылықты көрсету
|
|
4.10.
|
Тиісті заңдарды, саясат пен ережелерді сақтауды қоса алғанда, пациентке күтім көрсетуге, құпиялылыққа, ақпараттандырылған келісім мен іскерлік тәжірибеге қатысты этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсету
|
|
4.11.
|
Өзара құрмет климатын, қадір-қасиетін, әртүрлілігін, этникалық тұтастығы мен сенімін құруға және қолдауға қатысу
|
|
4.12.
|
Пациенттерді, отбасыларды, студенттерді, практиканттарды, әріптестерді және басқа да медицина қызметкерлерін оқытуға қатысу
|
|
4.13.
|
Стрессті еңсерудің сау тетіктерін көрсету
|
|
4.14.
|
Жеке мүдделер мен кәсіби міндеттер арасындағы қақтығысты басқару
|
|
5
|
Жеке және кәсіби даму: үздіксіз жеке және кәсіби өсуді қолдау, өмір бойы тұрақты өзін-өзі бағалау және оқыту негізінде медициналық қызмет көрсету сапасын үнемі жақсарту үшін қажетті сапаны көрсету
|
5.1.
|
Әріптестеріне көмек көрсету үшін өз білімін, дағдылары мен шектеулерін өзіндік бағалау қабілетін дамыту
|
|
5.2.
|
Одан әрі оқыту және өзін-өзі жетілдіру үшін мақсат қою, білімдегі, дағдылардағы және оқыту арқылы тәсілдегі олқылықтарды жою
|
|
5.3.
|
Жүйелі түрде өзінің практикалық қызметін талдау және оны жақсарту мақсатында өзгерістерді жүзеге асыру
|
|
5.4.
|
Өзгерістерге бейімделу кезінде икемділік пен жетілу таныту, өз мінез-құлқын өзгерту қабілетін дамыту
|
|
5.5.
|
Команданың жұмысын, оқыту ортасын және медициналық көмек көрсету жүйесін жақсартатын көшбасшылық қасиеттерді көрсету
|
|
5.6.
|
Пациенттерді, Отбасын және денсаулық сақтау командасының мүшелерін еркін өзара әрекеттесуге итермелейтін өзіне сенімділік көрсету
|
|
5.7.
|
Пациенттер мен халық топтары үшін медициналық-санитарлық көмекке қажеттілікті тиісінше бағалау және қанағаттандыру үшін денсаулық сақтау саласындағы басқа мамандардың өз рөлі мен рөлін білуді пайдалану
|
|
5.8.
|
Қауіпсіз, уақтылы, тиімді және әділ болып табылатын пациент-бағдарланған күтімді қамтамасыз ету үшін кәсіби топтарды құру, дамыту және үздіксіз жетілдіру үшін командада жұмыс істеу
|
|
5.9.
|
Біртекті емес клиникалық медициналық көмектің бір бөлігі болып табылатындығын мойындау және белгісіздікпен күресу үшін тиісті ресурстарды пайдалана отырып әрекет ету
|
|
6
|
Нормативтік-құқықтық білімдер: Денсаулық сақтау жүйесінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздері шеңберінде өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну және көрсету және оңтайлы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін оларды өзінің практикалық қызметінде басшылыққа алу
|
6.1.
|
Клиникалық мамандыққа жататын медициналық көмек көрсетудің қазіргі жүйесінде тиімді жұмыс істеу
|
|
6.2.
|
Медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздеріне сүйене отырып, денсаулық сақтау жүйесінде пациенттерге қызмет көрсетуді үйлестіру
|
|
6.3.
|
Қолданыстағы құқықтық жүйе шеңберінде пациенттер мен халық топтарын емдеудің шығындары, тәуекелдерін талдау және пайдасы туралы хабардар болуға, оның ішінде МӘМС жүйесі шеңберінде пациенттің мәртебесін, көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен көлемін анықтауға ерекше назар аудару
|
|
6.4.
|
Пациенттерге қызмет көрсету сапасын және пациенттерге оңтайлы күтім жасау жүйесін қорғау
|
|
6.5.
|
Жүйелік қателерді анықтауға және әлеуетті жүйелік, оның ішінде қолданыстағы нормаларды қайта қарауды талап ететін шешімдерді енгізуге қатысу
|
|
6.6.
|
Денсаулық сақтау жүйесінде өзінің рөлімен, қабілеттерімен және біліктілігімен өлшенетін әкімшілік және практикалық басшылық міндеттерін орындау
|
|
7
|
Зерттеулер: өз пациенттерін емдеу нәтижелерін зерттеу және бағалау қабілетін көрсету, ғылыми деректерге негізделген емдеу принциптерін бағалау және енгізу
|
7.1
|
Ақпараттық деректер базасында емдеу мен диагностиканың қазіргі ғылыми-негізделген әдістері бойынша ақпаратты тиімді іздестіруді жүзеге асыру
|
|
7.2
|
Пациенттердің денсаулық проблемаларымен байланысты ғылыми зерттеулерге негізделген деректерді белгілеу, бағалау және ассимилизациялау
|
|
7.3
|
Пациенттер және олардың қалауы, өзекті ғылыми деректер және клиникалық пайымдаулар туралы ақпаратқа негізделген диагностикалық және терапиялық араласулар туралы негізделген шешімдер қабылдау
|
|
7.4
|
Клиникалық жағдайларға зерттеу және талдау тәсілін көрсету
|
|
7.5
|
Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жекелеген пациенттер, олардың отбасылары немесе пациенттер тұратын қауымдастықтар туралы ақпаратты жүйелеу және ғылыми жалпылау
|
|
7.6
|
Соңғы нәтижелерді жақсарту үшін қажетті басшылық принциптерді, стандарттарды, технологиялар мен қызметтерді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласында жаңа білім мен тәжірибені жасауға, таратуға, қолдануға және аударуға ықпал ету
|