Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің м.а.
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 647 бұйрығына 8-қосымша
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Білім беру бағдарламасының паспорты
1. Резидентураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175 - бабының 5-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 36-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында (бұдан әрі – ұйымдар) резидентурада медицина кадрларын даярлау тәртібін айқындайды.
2. Резидентурада мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін тұлғалардың білім деңгейі – базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.
4. Резидентураның білім беру бағдарламасы теориялық және клиникалық даярлаудан, аралық және қорытынды аттестаттаудан тұрады.
Осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес резидентураның медициналық мамандықтары бойынша оқу бағдарламасының моделі келтірілген.
Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Бағдарламаға 2-48-қосымшаларға сәйкес тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарлары және оқыту нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
5. Клиникалық дайындыққа басшылық ету үшін ұйым белгілеген тәртіппен клиникалық тәлімгерлер тартылады.
6. Резидентура тыңдаушыларының оқу жетістіктерін бағалау ұйым дербес айқындайтын бақылаудың және аттестаттаудың әртүрлі нысандарымен жүзеге асырылады.
7. Резидентура тыңдаушыларын аралық аттестаттау ұйымның ғылыми (әдістемелік) кеңесі бекіткен нысандағы жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін аралық аттестаттау қорытындысы негізінде ұйым басшысының бұйрығымен резидентура тыңдаушыларын курстан курсқа ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта аудару балы анықталады.
8. Резидентура тыңдаушыларын қорытынды аттестаттау жұмыс оқу жоспарында және ұйымның ғылыми (әдістемелік) кеңесі бекіткен нысанда академиялық күнтізбеде көзделген мерзімде өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауға жеке оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған резидентура тыңдаушылары жіберіледі.
9. Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курс резидентура тыңдаушылары жазғы семестрсіз қайта оқу жылына қалдырылады. Қайта оқу жылы ақылы негізде жүзеге асырылады.
10. Денсаулық сақтау магистрі және медицина ғылымының магистрі магистратурасының үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлауды көздейді.
11. Мамандарды даярлау медицина саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
12. Білім беру бағдарламасы:
1) базалық және бейінді пәндер циклдерін және таңдау компонентін зерделеуді қамтитын теориялық оқытудан;
2) аралық және қорытынды аттестаттаудан тұрады.
13. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім беру ұйымы өз бетінше анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандарымен жүзеге асырылады.
14. Білім алушыларды аралық аттестаттау ұйымның ғылыми (академиялық, әдістемелік) кеңесі бекіткен нысандағы жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
15. Қорытынды аттестаттауға Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартына сәйкес бекітілген жеке оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған магистранттар жіберіледі.
Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курстың білім алушылары жазғы семестрсіз қайта оқу жылына қалдырылады.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (МАК) құрылады.
16. Бейіндік және ғылыми және педагогикалық магистратура бағдарламалары бойынша оқу ұзақтығы 1 және 1,5 және 2 жылды құрайды.
Магистратураның білім беру бағдарламасының және MBA білім беру бағдарламасының құрылымы осы Бағдарламаның 49-52, 54-қосымшаларына сәйкес анықталады.
17. «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргер ісі» бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын бітірген түлек осы Бағдарламаға 53, 55-қосымшаларда айқындалған негізгі құзыреттерін көрсетеді.
18. Философия докторларын (PhD) және медицина докторларын даярлау докторантурасының үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесі және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу секторы үшін мамандарды іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлауды көздейді.
19. Мамандарды даярлау медицина саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
20. Білім беру бағдарламасы:
1) базалық және бейінді пәндер циклдерін және таңдау компонентін зерделеуді қамтитын теориялық оқытудан;
2) аралық және қорытынды аттестаттаудан тұрады.
21. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім беру ұйымы өз бетінше анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандарымен жүзеге асырылады.
22. Білім алушыларды аралық аттестаттау ұйымның ғылыми (академиялық, әдістемелік) кеңесі бекіткен нысандағы жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
23. Қорытынды аттестаттауға Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартына сәйкес бекітілген жеке оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған докторанттар жіберіледі.
Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курстың білім алушылары жазғы семестрсіз қайта оқу жылына қалдырылады.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (МАК) құрылады.
24. Бейіндік және ғылыми және педагогикалық докторантура бағдарламалары бойынша оқыту ұзақтығы 3 жылды құрайды.
25. Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы Бағдарламаның 56, 57, 59-қосымшаларына сәйкес анықталады.
26. «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргер ісі» бойынша докторантураның білім беру бағдарламаларын бітірген түлек осы бағдарламаға 58, 60-қосымшаларда айқындалған негізгі құзыреттерін көрсетеді.
Медициналық және фармацевтикалық
мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің үлгілік
кәсіптік оқу бағдарламасына
1-қосымша
Резидентураның медициналық мамандықтары бойынша оқу бағдарламасының моделі
№
|
Пәндер мен қызмет түрлерінің атауы
|
Академиялық сағат көлемі (кредиттер)
|
2 жыл оқу
|
3 жыл оқу
|
4 жыл оқу
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Кәсіптік пәндер циклы (КП)
|
4080/136
|
6120/204
|
8160/272
|
1)
|
Міндетті компонент (МК)
|
3960/132
|
5880/196
|
7680/256
|
2)
|
Таңдау бойынша компонент (ТБК)
|
120/4
|
240/8
|
480/16
|
2
|
Аралық аттестаттау (АА)*
|
60/2
|
120/4
|
180/6
|
3
|
Қорытынды аттестация (ҚА)*
|
60/2
|
60/2
|
60/2
|
|
Барлығы
|
4200/140
|
6300/210
|
8400/280
|
Ескертпе: * Аралық және қорытынды аттестаттауға бөлінетін академиялық сағаттар (кредиттер) саны жалпы еңбек сыйымдылығына кіреді