Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 19-1/615 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану»
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – электрондық және (немесе) қағаз нысанындағы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинауға және (немесе) пайдалануға арнайы су пайдалануға арналған рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу, рұқсат мерзімін ұзарту, рұқсаттың телнұсқасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11765 тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында аталған құрылыстар мен техникалық жабдықтарды қолданумен жерүсті суларын алу және (немесе) пайдалану» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына қағаз немесе электрондық тәсілмен құжаттары қоса берілетін сәйкес өтініштің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы не қағаз жеткізгіште мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі – құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен жағдайда, портал арқылы өтініш келіп түскен күні кеңсе барлық жолдарын толтыра және қағаз жеткізгіште ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу жүргізеді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және оған бұрыштама қоюы және жауапты қызметкерге (орындаушыға) құжатты беруі – 1 (бір) жұмыс күні;
орындаушының берілген құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарастыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап – 21 (жиырма бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және кеңсенің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күні;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту үшін:
көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы не қағаз жеткізгіште мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі – құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап 1 (бір) жұмыс күні;
өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен жағдайда, портал арқылы өтініш келіп түскен күні кеңсе барлық жолдарын толтыра және қағаз жеткізгіште ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу жүргізеді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және оған бұрыштама қоюы және жауапты қызметкерге (орындаушыға) құжатты беруі – 1 (бір) жұмыс күні;
орындаушының берілген құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарастыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап – 12 (он екі) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және кеңсенің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күні;
рұқсат телнұсқасын беру үшін:
қызмет берушінің кеңсе жұмыскерінің қағаз жеткізгіште мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қарауға беруі, көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжат мазмұнымен танысуы, құжатқа бұрыштама қоюы және жауапты жұмыскерге (орындаушыға) беруі – 1 (бір) жұмыс күні;