Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 19-1/615 бұйрығына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 22.08.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-1/1051 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12626 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта рәсімдеу, рұқсаттың мерзімін ұзарту, рұқсаттың телнұсқасы не «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11765 болып тіркелген) бекітілген «Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-1-тармағында көзделген бас тарту туралы негіздер бойынша дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағазбен.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес қағаз немесе электрондық тәсілмен құжаттары қоса берілетін өтініштің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы не қағаз тасығышта мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі – құжаттардың келіп түскен сәтінен бастап екі сағат ішінде;
Toggle Dropdown
өтініш қағаз тасығышта келіп түскен жағдайда, портал арқылы өтініш келіп түскен күні кеңсе барлық жолдарын толтыра және қағаз жеткізгіште ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу жүргізеді;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және оған бұрыштама қоюы және жауапты қызметкерге (орындаушыға) құжатты беруі – құжаттар келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде;
Toggle Dropdown
орындаушының берілген құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарастыруы – құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде;
Toggle Dropdown
берілген құжаттардың стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеуі белгіленген жағдайда:
Toggle Dropdown
орындаушының өтінішті әрі қарай қарастырудан бас тарту туралы уәждемелі жауап дайындауы;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшылығымен өтінішті әрі қарай қарастырудан бас тарту туралы уәждемелі жауапқа қол қоюы және кеңседе тіркелуі – 1 (бір) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге берілген құжаттар сәйкес келген жағдайда:
Toggle Dropdown
көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы және кеңсенің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы не қағаз тасығышта мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі – құжаттар келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде;
Toggle Dropdown
өтініш қағаз тасығышта келіп түскен жағдайда, портал арқылы өтініш келіп түскен күні кеңсе барлық жолдарын толтыра және қағаз жеткізгіште ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу жүргізеді;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және оған бұрыштама қоюы және жауапты қызметкерге (орындаушыға) құжатты беруі – құжаттар келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде;
Toggle Dropdown
орындаушының берілген құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарастыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап – 13 (он үш) жұмыс күні;