• Мое избранное
Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекiту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қазанда № 12193 болып тіркелді

Редакция 20.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
  • 1
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрі 
_____________________ Б.Т. Сұлтанов 
2015 жылғы 18 қыркүйекте
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік 
даму министрінің 
_____________________ Т. Дүйсенова 
20__ жылғы «___» ____________
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 
_____________________ Әбіқаев Н.Ә. 
2015 жылғы 31 наурызда
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 міндетін атқарушысының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 162 бұйрығымен
 бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалары
Тарау 1. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 941 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағида:
1) порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзудi;
2) кемелердiң портқа кiруiн және олардың порттан шығуын;
3) кемелердiң портта тұруын;
4) порт акваториясында кемелердiң жүзуi және тұрақта тұруы кезiнде құрылыстардың қауiпсiздiгiн және сақталуын қамтиды.
3. Кемелер теңiз порттары акваториясында және оларға кiреберiстерде жүзген және тұрақта тұрған кезде осы Қағиданың ережелерi және порт капитанының өкімі, соның ішінде Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережесiн (бұдан әрi – КҚАХЕ-72) ескере отырып, порт бойынша мiндеттi қаулылар сақталады.
3-1. Теңіз портына кіру (шығу), оның акваториясында жүзу және тұру кезінде теңіз кемелерінен теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтері үшін алым алынады, оның тізбесі «Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10906 болып тіркелген) бекітілген.
Осы Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 941 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Теңіз портының иесімен (теңіз терминалының операторымен) онымен айқындалған шарттарда және тәртіпте осы портта тіркелген кемелерге және халықаралық тасымалдар жүргізетін кемелер үшін кеменің теңізде автономдық жұмысының мерзімінен асып тұруына байланысты жүк тасымалдаудан тыс қызметтерге (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе басқа мәжбүр еткен қажеттілік) теңіз портының міндетті түрде көрсетілетін қызметтеріне мемлекетпен реттелмейтін жеңілдіктер беріледі.
4. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) арнайы жұмыстармен айналысатын кеме – мина қаупiн жоюмен айналысатын кемелердi қоспағанда, теңiзде мұнайдың төгiлуiн жоюмен, су асты кабельдерiн жүргiзумен немесе көтерумен, навигациялық белгiлердi қоюмен немесе алумен, гидрографиялық, су асты немесе басқа да арнайы жұмыстармен айналысатын кеме;
2) кемелiк рөл - кеме келген және кеткен кездегi экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтерден тұратын кеме құжаты.
3) сыртқы рейд – теңiз портына кiреберiстерде арнайы бөлiнген және кемелердiң тұрақта тұруына, қызмет көрсетуге және оларды ресiмдеуге арналған су кеңiстiгi;
4) теңiзде жүзушiлерге жiберелетiн хабарлама - навигациялық карталарды, теңiзде жүзу үшiн әдiстемелер мен нұсқауларды түзету жөнiндегi гидрографиялық деректердiң өзгерiсiн қамтитын құжат.
Осы Қағидада Заңға сәйкес өзге де ұғымдар пайдаланылады.
Тарау 2. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу тәртiбi
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 941 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Жалпы ережелер
5. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу кезiнде белгiленген қозғалыс жолдарын ұстану, әскери корабльдермен және су түбiн тереңдету кемелерiмен айырылысатын жер ерекшелiктерiн ескеру және жүзу режимi туралы кемелердi хабардар ету жүзеге асырылатын корабльдердiң, брандвахталардың және жағалау посттарының ерекшелiк сигналдарын бiлу керек. Кемелердiң портқа кiруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдар Қағидаға 1-қосымшада көрсетiлген.
6. Егер порт капитанының өкімімен өзгеше көзделмесе, онда портқа кiретiн немесе өзен фарватерi бойынша ағысқа қарсы жүзетiн кеме ағыс бойынша жүзген немесе порттан шығатын кемеге жол бередi. Ағысқа қарсы жүзген немесе портқа кiретiн кеме:
1) басқару және маневрлеу мүмкiндiгi шектеулi болған және КҚАХЕ-72 сәйкес шамдар мен белгiлердi алып жүрген;
2) өз шөгуiмен ығыстырылған және КҚАХЕ-72 сәйкес сигналдар берген жағдайлар ерекшелiктi құрайды.
7. Қарсы бағыттардан екi кеме тар орынға, бұрылысқа немесе бiр тұстамадан екiншi тұстамаға өткен орынға жақындаған кезде осындай жерден екi кеменiң бiр мезгiлде өтуi мүмкiн болмағанда немесе қауiптi болғанда, онда басқа кемеге жол беруге мiндеттi кеме алдыңғысының одан қауiпсiз қашықтықта тұрып, бұрылуды аяқтауына мүмкiндiк беруi тиiс.
8. Тар жерлерде арнайы және су түбiн тереңдету жұмыстарымен айналысатын кемелерден алшақтау олардан еркiн өту мүмкiндiгi туралы растау алғаннан кейiн жүзеге асырылады.
9. Арнайы жұмыстар жасап тұрған кемеге жақындаған кезде онымен алдын ала ультрақысқа толқынды радиобайланыстар (бұдан әрі – УҚТ) бойынша байланыс орнатылады және қауіпсіз өту келісіледі, одан әрі КҚАХЕ-72 сәйкес әрекет жасай отырып, бұл ретте қауіпсіз қашықтықты және жылдамдығын КҚАХЕ-72 сәйкес сақтайды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 941 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Суда қауiптi толқын көтерiлуiн болдырмау үшiн капитан алдын ала кеменiң жылдамдығын:
1) тiркеп сүйреу керуендерi мен шағын өлшемдi кемелерден алшақтағанда;
2) жүзу крандарының, дебаркадерлердiң, жүзу доктарының, қайта тиеу және басқа да арнайы жұмыспен айналысқан құю кемелердiң жанынан өткенде;
3) зәкiрде немесе қайраңда тұрған кемелердi айналып өткенде;
4) су асты, гидротехникалық және басқа арнайы жұмыс орындалатын жерден өткенде;
5) су түбiн тереңдету кемелерiн айналып өткенде;
6) айлақта, кеме бортында жұмыс iстейтiн адамдары бар салдар мен шлюпкалардың маңынан өткенде азайтады.
11. Су асты қанаттары бар кемелерге көрiнiм 5 кабельт және одан төмен болған кезде фарватерлер мен каналдар бойынша тек су ығыстырғыштық жағдайларында қозғалуға рұқсат етiледi.
12. Каналда немесе фарватерде кеменi зәкiрге қою мынадай:
1) одан әрi қозғалу анық қауiп төндiргенде;