Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 18-02/937 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қарашада № 12296 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 18-02/937 от 2015-10-21г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 77-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 18-02/937 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) орман тұқымы плантациялары (бұдан әрі – ОТП) – тұқым қуалаушылық қасиеттері құнды тұқымдар алуға арналған екпелер селекциясының әртүрлі әдістерін қолдану негізінде жасанды жолмен құрылатын плантациялар;
2) тұрақты орман тұқым учаскелері (ТОТУ) – ұзақ уақыт кезеңі бойына қалыпты және жақсартылған тұқымдар алу үшін арнайы қалыптастырылған аналық екпелер. ТОТУ шығу тегі табиғи (жасанды сирек жағдайда) жоғары өнімді, жоғары сапалы екпелерде отырғызылады;
3) артықшылығы бар екпелер – орман өсірудің белгілі бір жағдайларына арналған өнімділігі жоғары және тұрақты екпелер;
4) аналық плантациялар – оларды жаппай көбейту және шабыққа кейіннен ұластыру үшін сап дайындау мақсатында артықшылығы бар ағаштардың вегетативтік тұқымын пайдалана отырып құрылатын плантациялар;
5) клондық ОТП – артықшылығы бар немесе элиталық ағаштардың вегетативтік ұрпағын (клондарын) пайдалана отырып құрылатын ОТП;
6) тұқымдас ОТП – артықшылығы бар ағаштардың тұқымдарынан өсірілген екпелерді немесе көшеттерді отырғыза отырып құрылған ОТП;
7) вегетациялық кезең – өсімдіктердің өсуі және өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;
8) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау тәртібі
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауды осы салада маманданған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) жүзеге асырады.
4. Мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен мынадай құрамда аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылады:
1) мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының орынбасары (комиссияның төрағасы);
2) мамандандырылған ұйымның мамандары;
3) уәкілетті органның аумақтық органының өкілі;
4) аумағынан селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер анықталған орман иеленушінің өкілі.
5. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау:
1) анықталған және құрылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің дайындығына қарай кез келген уақытта вегетациялық кезең ішінде өткізіледі;
2) осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді алдын ала есепке алу және іріктеу бойынша карточкалар болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Комиссия селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтаған ұйым өкілдерінің және мемлекеттік орман иеленуші өкілдерінің қатысуымен олардың нысаналы мақсатына сәйкес келуін орынға барып айқындайды.
7. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді зерттеп қарау нәтижелері бойынша Комиссияның қорытындысы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді зерттеп қарау нәтижелері және орман иеленушіге қабылдау-беру актісінде (бұдан әрі – акт) көрсетіледі. Комиссия оң қорытынды шығарған жағдайда Комиссия актіге қол қойғаннан кейін күнтізбелік үш күн өткен соң селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объект аттестацияланған болып есептеледі.
8. Анықталған және құрылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер өздерінің нысаналы мақсатына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия теріс қорытынды береді.
9. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді орман иеленушіге беру актіге қол қою кезінде бір мезгілде жүзеге асырылады.
10. Актіге қол қойылғаннан кейін Комиссия аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерге осы Қағидаларға 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша паспорттарды толтырады. Паспорттарға орамдық желіге немесе басқа тұрақты бағдарларға байланыстырылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің орналасуының сызбалық жоспарлары қоса тіркеледі.
11. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерге паспорттар алты данада: біріншісі – мемлекеттік орман иеленуші; екіншісі – қарауында мемлекеттік орман иеленуші болатын мемлекеттік орган; үшіншісі – уәкілетті органның аумақтық органы, төртіншісі – мамандандырылған ұйым, бесіншісі – уәкілетті орган және алтыншысы - селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтаған ұйым үшін толтырылады.
12. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер:
1) жергілікті жерде арнайы белгілерімен шектеледі, оларға осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген орман шаруашылығы таңбалары басылады;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомосқа енгізіледі. Жиынтық ведомосін мамандандырылған ұйым толтырады және жүргізеді.
3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді есепке алу тәртібі
13. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді есепке алу, олардың жай-күйіне және нысаналы пайдаланылу дәрежесіне талдау жасау үшін мамандандырылған ұйым уәкілетті органның аумақтық органдарының және орман иеленушілердің өкілдерімен бірлесіп жыл сайын оларды зерттеп қарауды жүргізіп отырады.
14. Вегетациялық кезеңде көзбен қарап тексеру барлық аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерде жүргізіледі.
15. Тексеру көлемі олардың ауданына байланысты және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес айқындалады.
16. Әрбір селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объект бойынша оның қаз-қалпында ресімделуі (шекаралық белгілердің және оларда жазбалардың болуы), оның жай-күйі (ағаштарды зиянкестердің бүлдіруі және ауруға шалдығу, механикалық зақымдар нышандарының болуы, ұшарбаста кеуіп бара жатқан бұтақтардың сипаты және болуы, екінші қабаттың өсуі, ағаш астында өсімдіктердің өсуі), нысаналы пайдаланылуы (бүрлер, жемістер, тұқымдар, қалемшелер дайындау), сондай-ақ паспорттағы немесе жиынтық ведомостағы жазбалардың нақты деректерге сәйкестігі айқындалады.
17. Мамандандырылған ұйым материалдарды қорытып, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі жайында осы Қағидаларға 11 және 12-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша уәкілетті орган мен олардың аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жыл сайын ақпарат беріп отырады және оларды одан әрі пайдалану, қорғауды жақсарту, қаз-қалпында ресімдеу, реконструкциялау (қалпына келтіру) немесе есептен шығару жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.
18. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы ақпаратты қарағаннан кейін уәкілетті орган олардың жай-күйін одан әрі жақсарту мен пайдалану немесе есептен шығару жөніндегі шаралар туралы уәкілетті органның бұйрығы нысанындағы шешімін қабылдайды.
19. Уәкілетті органның шешімі негізінде мамандандырылған ұйым селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің жиынтық ведомостары мен паспорттарына өзгерістер енгізеді және орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалану үшін оларды мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жеткізеді.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 1-қосымша
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен