• Мое избранное
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-02/923 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қарашада № 12276 болып тіркелді

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 102-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 14 қазандағы
 № 18-02/923 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидалары
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрi – Кодекс) 102-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және жеке әрі заңды тұлғалардың (бұдан әрi – орман пайдаланушылар) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы тәртiбiн регламенттейдi.
Осы Қағидалардың қолданысы, ерекше қорғалатын орман аумақтарын қоспағанда, мемлекеттiк орман қорына таралады.
2. Орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану орман ортасы жағдайында дем алу, емделу, спортпен шұғылдану арқылы адамдардың денсаулығын қалпына келтiру және нығайту, сондай-ақ бiрегей орман ландшафтарын, табиғат, мәдени және тарихи мұра ескерткiштерiн барып көрумен және зерделеумен байланысты туризм үшiн орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалануды көздейдi.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану ормандағы жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңдерiнде, селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарын, жаңғақ кәсiпшілігi мен орман жемiсi шаруашылығын жүргiзу мүддесi үшiн шектеледі.
4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуы Кодекстің 42-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік орман қорының учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшін жеке және заңды тұлғаларға Кодекстің 102-бабының 1-тармағына сәйкес беріледі. 
6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық iс-шараларды жүргізу автотұрақтармен, спорт алаңдарымен, туристік бағдарлармен және соқпақтармен, мемлекеттік орман иеленушiнiң рұқсаты бойынша басқа да объектілермен жабдықталған арнайы бөлiнген учаскелерде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығымен бекітілген Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10751 болып тіркелген) сәйкес үй-жайлар, құрылыстар және басқа да объектiлер салады.
8. Ормандардың жай-күйіне әсер ететін құрылыстарды және басқа да объектiлерді орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде орман пайдаланушылар ормандарды сарқынды сулардың, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық тастандылардың, қалдықтар мен қоқыстардың оларға терiс әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шараларды ескереді және жүзеге асырады.
9. Сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Кодекстiң 39 -41-баптарымен айқындалған тәртіппен және негiздер бойынша тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.