• Мое избранное
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 20.06.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына 1–қосымша

  • 1
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.05.2016 жылғы № 442 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2019 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес (26.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2020 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 07.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімді:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минутты құрайды;
3) қызмет көрсетуді күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді түрдегі жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жер бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондау мүмкін болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) су объектілерінің сарқылуын болдырмауға бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады.
Өтінішті берген кезде, көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі куәландырылған сенімхат) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылданғандығы туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация немесе Министрлік басшысының атына шағым беру жолымен жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының мекенжайы және телефоны: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 32 үй, 204/1 кабинет, телефоны: 8 (7172) 39-02-32 .
Шағымдар жазбаша түрде пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорациясының кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Сондай-ақ шағымды не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды портал арқылы жібергеннен кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауап) шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Бейнеконференцбайланыс тәсілімен шағымның жолдануы «электрондық үкімет» порталы арқылы іске асырылады.
Бейнеөтініш тәсілімен шағымның жолдануы Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы іске асырылады.
Жеке тұлғаның шағымда – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымда оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Шағымға көрсетілетін қызмет алушы немесе оның сенімхат бойынша өкілі қол қоюға және оны енгізуге тиiс.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды қажет болған жағдайда, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің www.geology.miid.gov.kz;
3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
«Су объектілерінің сарқылуына жол 
бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ____________________________
 (қаласы)
аумақтық бөлімшесінің басшысына
 _____________________________
 (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) кімнен_______________________________
 (өтініш берушінің толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. және жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, телефоны)
Өтініш
Сізден жерасты су объектілерінің сарқылуын болдырмауға бағытталған қорғау іс-шараларын келісуіңізді сұраймын.
  Объектінің орналасқан жері: _________________________ (облыс)
Қосымша:
  ______________________________________________________
  ______________________________________________________
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
  Қолы: ________________
Мөр орны* (бар болған жағдайда)
  20__ жылғы «____»_____________
Ескерту:
* - Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қою талап етілмейді.
«Су объектілерінің сарқылуына жол 
бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
 (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе оның ұйымының атауы)
 ____________________________
 ____________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) Сіздердің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда: ___________________________________________:
Жоқ құжаттардың атауы:
  1) __________________________________________________________;
  2) __________________________________________________________;
3)… ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат тараптардыңң әрқайсысына бір данадан берілетін екі данада жасалды.
  ___________________________________________ ________________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)
  Орындаушы. Т.А.Ә. _____________
  Телефоны __________
  Алдым: ______________________ _______________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
  20 ___ жылғы «___» ___________