Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына
3–қосымша
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 07.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды (еркін нысанда) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді түрдегі жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорацияда – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғандағы аралықта, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсететін қызметті берушіге, мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызмет алушының заңды тұлғасының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттары туралы мәліметтерді, жер учаскесіне меншік құқығын растайтын құжатты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне берген кезде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсететін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіне қойылған белгі өтініштің қағаз түрінде қабылданғандығын растау болып табылады.
Өтінішті берген кезде көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация басшыларының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беру жолымен жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының мекенжайы және телефоны: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 32 үй, 204/1 кабинет, телефоны: 8 (7172) 39-02-32.
Шағымдар жазбаша түрде пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорациясының кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Сондай-ақ шағымды электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) көрсетіле отырып, оны тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымды портал арқылы жібергеннен кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауап) шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Бейнеконференцбайланыс тәсілімен шағымның жолдануы «электрондық үкімет» порталы арқылы іске асырады.
Бейнеөтініш тәсілімен шағымның жолдануы Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы іске асырылады.
Жеке тұлғаның шағымда – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымда оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Шағымға көрсетілетін қызмет алушы немесе оның сенімхат бойынша өкілі қол қоюға және оны енгізуге тиiс.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды қажет болған жағдайда, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) Мемлекеттік қызметті көрсетушінің www.geology.gov.kz;
3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
«Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін
объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға,
қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға,
жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ____________________________
аумақтық бөлімшесінің басшысына
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) кімнен ________________________
(өтініш берушінің толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. және жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, телефоны)
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беруді сұраймын.
Объектінің орналасқан жері: ___________________________
Қосымша: ___________________________________________
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Мөр орны* (бар болған жағдайда)
20__ жылғы «____»_____________
* - Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қою талап етілмейді.
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін
объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта
жарақтандыруға, қайта бейіндеуге),
пайдалануға, консервациялауға, жоюға
(кейіннен кәдеге жаратуға)
қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе ұйымының атауы) ___________________________________
___________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы: ___________________________________) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты_______________________________________мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
Осы қолхат 2 данада, әр тарап үшін бір данадан жасалды.
___________________________________________ ________________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә. _____________
Алдым: ______________________ _______________________________
Т.А.Ә. көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ жылғы «___» ___________