Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына
13–қосымша
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингтеу саласындағы жұмысты жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасы бойынша қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингтеу саласындағы жұмысты жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасы бойынша қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) жұмыстардың мына түрлеріне арналған жобалау-сметалық құжаттама үшін:
алаңдарды жете зерттей отырып, геологиялық түсіру, бұрғылау жұмыстарынсыз геохимиялық – 10 жұмыс күні;
алаңдарды жете зерттей отырып, геологиялық түсіру, бұрғылау жұмыстарымен қоса геохимиялық – 13 жұмыс күні;
өңірлік геологиялық түсіру жұмыстары, түсіру кезіндегі жалпы іздестірулер, терең геологиялық карталау, геологиялық-минерагендік карталау және басқалары – 14 жұмыс күні;
жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйін мониторингілеуді жүргізу – 6 жұмыс күні;
жер қойнауын геологиялық зерделеу бойынша іздестіру-бағалау жұмыстары – 18 жұмыс күні;
іздестіру-барлау жұмыстары – 12 жұмыс күні;
геофизикалық жұмыстар (сейсмобарлаудан басқа) – 10 жұмыс күні;
гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстар – 14 жұмыс күні;
сейсмобарлау жұмыстары – 13 жұмыс күні;
жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестердің мониторингін жүргізу бойынша жұмыстар – 11 жұмыс күні;
мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстар – 11 жұмыс күні;
дала жұмыстарынсыз тақырыптық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, конструкторлық жұмыстар – 9 жұмыс күні;
дала жұмыстарымен қоса, тақырыптық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, конструкторлық жұмыстар – 11 жұмыс күні;
терең бұрғылау – 16 жұмыс күні;
құрылымдық бұрғылау – 10 жұмыс күні;
барлық жұмыс түрлеріне жеке бағалар каталогтары – 11 жұмыс күні;
уақытша жобалау-сметалық нормалар – 7 жұмыс күні;
геоэкологиялық жұмыстар – 11 жұмыс күні;
жобаны толықтыру (өзгерту) бойынша жұмыстардың сметалық құнының жиынтық есебін қайта есептеу – 5 жұмыс күні.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингілеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасы бойынша қорытынды.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға түскі үзіліс, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) экономикалық сараптама жүргізуге еркін нысандағы өтініш;
2) барлық қосымшаларын (алқа немесе Кеңес мәжілісінің хаттамасы, геологиялық тапсырмасы немесе Техникалық ерекшелік) қоса алғанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингілеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттама (жобалау-сметалық құжаттаманың түпнұсқасы).
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттардың бәрін (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде қағаз түрінде өтінішті қабылданғанын растау құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қоя жеткізе алады, ол мемлекеттік органда өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылып тұратын ақпаратқа да қоя жеткізе алады.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардын мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.geology.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 19 50, 74 35 50. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414 нөмірі бойынша.
«Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатындарын қоспағанда,
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық
зерделеу және мониторингілеу саласындағы
жұмыстарды жүргізуге арналған
жобалау-сметалық құжаттаманың
экономикалық сараптамасы бойынша
қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
______________________________________________________________ жобасы
№_____ экономикалық сараптама қорытындысы
Орындаушы: ________________________________
Жоспар бөлімі: ____________________________
Геологиялық тапсырма беруге негіздеме: _______________________
1. Жұмыстардың нысаналы мақсаты, объектінің кеңістіктік шекаралары:
2. Геологиялық міндеттер, оларды шешудің дәйектілігі және негізгі әдістері:
4. Жұмыстарды жүргізу мерзімі:
Жоба __________________________________________________ қаралды
Тексеруге ____________ теңге сомасына ЖСҚ ұсынылды.
Жобаның есептелген бөлігі мен смета бойынша мынадай лер бар:
1_________________________________________________________
2_________________________________________________________
3_________________________________________________________
_________________жобасы бойынша жобаның есептелген бөлігі және смета
_______________ теңге сомасында бекітуге ұсынылады.
ЖСҚ _______________________ бекіту үшін жіберіліп отыр.
Уәкілетті органның басшысы Т.А.Ә.А.