• Мое избранное
Құпиялылық туралы келісім жасасу
Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына 15-қосымша

  • 1
«Құпиялылық туралы келісім жасасу» мемлекеттік қызметінің стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 7 маусымнан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2019 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2020 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес 
1. Жалпы ережелер
1. «Құпиялылық туралы келісім жасасу» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен (бұдан әрі – министрлік) әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті көрсетушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті көрсетушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәтінен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн:
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілетін уақыт – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет нәтижесі – құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – келісім) жасасу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:
еркін нысандағы өтінім.
Қосымшаны жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы оған толықтыру жасалатын құпиялылық туралы келісімді және төлем тапсырмасын қоса береді.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, қызмет көрсетушінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оны қызмет көрсетушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Қызмет көрсетушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде беріледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау нәтижесі жөніндегі жауап немесе қараудан бас тарту) «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді болады, ол шағымды өңдеу барысында көрсетілетін қызметті берушімен жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана бере алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметтер, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтер көрсетілу ерекшеліктерін есепке алып басқа талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы қызмет көрсетушінің – www.geology.kz және Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
13. Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 33 05, 74 37 00. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.