• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 08.03.2017 г

Отправить по почте

Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамызда № 9-3/726 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 қарашада 12305 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 8 наурыздан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.02.2017 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануын; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________ Б.Т. Сұлтанов 
2015 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е.А. Досаев 
2015 жылғы 30 қазан
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 7 тамыздағы
 № 9-3/726 бұйрығымен
 бекітілген
1
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары
1. Осы Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.
2. Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капиталды көп қажет етуді төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен АӨК-нің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (07.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) АӨК-нің басым бағыттары (секторлары) – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес басымды бағыттар тізбесінде көрсетілген едәуір даму әлеуеті бар АӨК бағыттары (секторлары);
2) АӨК-дегі инвестициялық жоба (бұдан әрі – инвестициялық жоба) – жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге инвестициялар салуды көздейтін іс-шаралар кешені;
3) АӨК-дегі инвестициялық салымдар (бұдан әрі – инвестициялық салымдар) – жер учаскелерін сатып алуға арналған шығындарды қоспағанда, инвестициялық жоба шеңберінде жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындар;
4) АӨК-дегі инвестициялық субсидиялар (бұдан әрі – инвестициялық субсидиялар) – инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;
5) АӨК инвесторы (бұдан әрі – инвестор) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АӨК-нің басым бағыттарына (секторларына) инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын АӨК субъектісі;
6) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
7) жобаның паспорты – инвестициялық субсидиялауға жататын негізгі қаражаттар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі инвестициялық салымдардың тізбесі және субсидияларды есептеу үшін барынша жол берілген құны;
8) жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылықтарды кеңейту – жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылықтарды жетіспеген немесе қажетті жабдықпен (техникамен) жарықтандыруды, өндірістік қуаттылықтарды ұлғайтуды және (немесе) өндіріс көлемін арттыруға, өндірілетін өнімнің өзіндік құнын азайтуға және (немесе) өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, оның орамасын өзгертуге және (немесе) ассортиментті кеңейтуге бағытталған өзге де іс-қимылдарды көздейтін іс-шаралар сондай-ақ, мақсаты нарықта жаңа тауарлық тауашаға орнығу, өткізу нарықтарын кеңейту және басқалар болып табылатын іс-шаралар;
9) инвестициялық субсидиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – инвесторлардың өтініштерін қарауға және инвестициялық субсидиялар беру/беруден бас тарту туралы шешімдер қабылдауға арналған тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
10) инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы;
11) инвестициялық субсидиялау шарты – жұмыс органы, инвестор және оператор арасында жасалатын, инвестициялық субсидиялар қаражатын аударудың тәртібі мен шарттарын, мониторинг барысын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін жазбаша келісім;
12) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер;
13) оператор – инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бойынша операторлық қызметтерді жүзеге асыратын ұйым;
Қызметтер көрсету жөніндегі шартты жасасқанға дейін, осы Қағидаларда көзделген оператордың функцияларын жұмыс органы жүзеге асырады.
14) өндірістік кешен – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, өңдеуге, сақтауға, буып-түюге бағытталған өзара байланысты өндірістік қуаттылықтар (ғимараттар, құрылыстар, монтаждалатын жабдық, инженерлік желілер және басқалары) жиынтығы;
15) эскроу-шот – осы Қағидалардың 37, 38-тармақтарына сәйкес инвестициялық субсидиялау шартының талаптарын қамтамасыз ету үшін инвестициялық субсидиялардың сомалары аударылатын инвестордың қаржы институтындағы/екінші деңгейдегі банктегі шоты.
2. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау тәртібі
1 Параграф. Инвестициялық субсидиялаудың жалпы шарттары
4. Инвестициялық субсидиялар инвесторларға осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген, субсидиялауға жататын инвестициялық паспорттар тізбесінің 5-бөлімін қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген басым бағыттар (секторлар) тізбесі бойынша инвестициялық жоба шеңберінде сатып алынған немесе пайдалануға берілген объектілер, жабдықтар мен техника бойынша төленеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (07.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Субсидиялауға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, инвестордың 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін, бірақ инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 айдан ерте емес мерзімде инвестициялық жоба шеңберінде техниканы немесе жабдықты сатып алуға кеткен шығындар инвестициялық жоба субсидиялауға жатады.
Егер инвестициялық жоба тек жабдық және (немесе) техниканы сатып алуды болжайтын болса, субсидиялауға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алынған жабдық және (немесе) техника жатады.
Бұл ретте, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бірінші топтың бағыттары (секторлары) бойынша инвестициялық субсидиялар беруге арналған инвесторлардың өтініштері тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады және қаралады. Бірінші топ ішінде бірінші кезекте басымдылық тәртібімен осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген кезектілік бойынша инвесторлардың өтініштері қаралады.
Тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кейін бірінші және екінші топтың бағыттары бойынша инвесторлардың өтініштері қабылданады және қаралады. Бұл ретте, бірінші топтағы инвесторларының өтініштері, өтініш беру күніне қарамастан, осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген кезектілік тәртібімен қаралады. Екінші топтың өтініштері олардың келіп түскен күніне сәйкес кезектілік бойынша қарастырылады.
Комиссия отырысында осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген кезектілік тәртібімен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өтініштері басым тәртіппен қарастырылады.
Инвесторлардың өткен қаржы жылында қабылданған, бірақ қанағаттандырылмаған өтініштерін комиссия ағымдағы қаржы жылында қабылданған инвесторлар өтініштерін қарастыру басталғанға дейін қарастыруы және/немесе қанағаттандыруы тиіс.
Комиссияның инвесторлардың өтініштерін қабылдауды тоқтату туралы шешiмдер қабылдауға құқығы жоқ.
Субсидиялау инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша жүзеге асырылады.
5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, инвестициялық паспорттарда көрсетілген тізбесінде негізгі қаражатқа, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге инвестициялық салымдардың бір бөлігі өтеуге жатады.
1
6. Инвестициялық субсидияларды есептеу нақты салынған инвестициялар бойынша жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу пайызы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көзделген өтеу үлесіне сәйкес белгіленеді. Өтеу үлесі өзгертуге жатпайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (07.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Инвестициялық субсидия мөлшері мына әдістердің бірімен анықталады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген, субсидиялауға жататын инвестициялық паспорттар тізбесіне сәйкес, әр инвестициялық жоба бойынша инвестициялық салымдарды өтеудің белгіленген, бірақ бір қуат бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін бекітілген барынша рұқсат етілген құннан аспайтын үлесіне сәйкес;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген, субсидиялауға жататын инвестициялық паспорттар тізбесіне сәйкес, әр инвестициялық жоба бойынша инвестициялық салымдарды өтеудің белгіленген, бірақ жабдықтар мен техниканың бір бірлігіне арналған субсидияларды есептеу үшін бекітілген барынша рұқсат етілген құннан аспайтын үлесіне сәйкес;