1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 499 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 09.10.2019 жылғы № 763 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанына жібереді.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
1) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
2) азаматтық әуе кемелерін қайта тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда сондай-ақ электрондық үкімет төдем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы өтінімінің электрондық көшiрмесi;
2) құрылтайшылық құжаттың (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың электрондық көшiрмесi (шетелдік жеке тұлғалар үшін);
жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда құжаттар электрондық көшірмесі нотариалды куәландырылған түрде ұсынылады;
3) сату-сатып алу шартының электрондық көшірмесі нотариалды куәландырылған түрде, немесе меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) жалдау, лизинг, мүлiктiк жалдау шартының электрондық көшiрмесi нотариалды куәландырылған түрде, әуе кемесiн пайдалану құқығын растайтын өзге де құжатты;
5) азаматтық әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсінің электрондық көшiрмесi;
6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемелерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру актiсінің электрондық көшiрмесi;
7) азаматтық әуе кемесiн жасап шығарушымен берілген, оның ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын үлгі сертификаты немесе оның балама құжатының электрондық көшiрмесi.
Келесі құжаттар болған жағдайда ұсынылады:
1) азаматтық әуе кемесiнiң мемлекеттiк авиация тiзiлiмiнен немесе шет мемлекеттiң азаматтың әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шыққанын растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
2) ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатының электрондық көшiрмесi;
3) әуе кемесiн қайта жабдықтау туралы құжатардың электрондық көшірмесі;
4) өндiрушi-зауытпен берiлген әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы уақытша куәлiгiінің электрондық көшірмесі.
Құжаттамасын тексеру және әуе кемесін қарап тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін (бұдан әрі – бағалау актісі) құрастырады.
10. Азаматтық әуе кемесiн мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін корсетілген қызметті алушы (бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен кезде, иеленуші ауысқан кезде, әуе кемесінің тағайындауы өзгенрген кезде, азаматтық әуе кемесінің Пайдаланушығасы өзгерген кезде) осы мемлекеттiк қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтiнiм бередi.
11. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің Мемлекеттік тізіліміннен шығарылған кезде, қызмет алушы осы мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында өтініш береді.
12. Қызмет алушы жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық электрондық көшірмелерін портал арқылы «жеке кабинетке» жіберген кезде, қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтің нәтижесін алудың күнін және уақытын қабылданғаны мәртебе туралы жібереді.
Жеке тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, Пайдаланушыға сертификаты, орындағы шуыл бойынша сертификаты, радиостанция сертификаты көрсетіледі қызмет беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарараттық жүйелерден алады.
Қызмет алушы осы стандартта тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілген қызмет беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме:
1) Әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес болмағанда;
2) Қызмет алушының жіберген құжаттарының (немесе) деректерінің (ақпараттарының) сенімсіздік тудырған жағдайда;
3) Қызмет алушының және (немесе) жіберген қажеттi мәлiметтердi, деректердiң берілген ақпаратқа сәйкес келмеуі;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
15. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
17. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сүлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.
18. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтаманы Министрліктің интернет-ресурсында көрестілген www.mіid.gov.kz қызмет берушінің телефондары арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы алуға болады.
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
_____________________________________ уәкiлеттi органның атауы ___________________________________ өтініш берушінің А.Ә. Т (болған жағдайда) _____________________________________ Жеке куәліктің (паспорттың) № _____________________________________ Заңды тұлға ұйымының атауы _______________________________ (БИН/ЖCН) _____________________________ А.Ә.Т (болған жағдайда)
Әуе кемесін мемлекеттік тіркеу үшін өтінім
1 |
_______________(ӘК түрі) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу жүргізуді сұраймын: Беру Өзгерістер енгізу меншік иесіне пайдаланушыға тиесілі азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік |
|||
2. |
Әуе кемесі туралы мәлімет: |
|||
2.1 |
Азаматтық әуе кемесін бұрынғы тіркеген мемлекет: |
__________________________________ (Бұрын тіркелген мемлекеттің және айырым белгісінің атауы) |
||
2.3 |
Тану белгісі: |
__________________________________ |
||
2.4 |
Сериялық (зауыттық) нөмірі: |
__________ |
||
2.5 |
Зауыттан шығарылған күні: (күні, айы, жылы) |
__________________ |
||
2.6 |
Дайындаушы (зауыт, мемлекет): |
__________________ |
||
2.7 |
Азаматтық әуе кемесінің мақсаты |
|
||
2.8 |
Азаматтық әуе кемесінің сыныбы |
|
||
2.9 |
Қозғалтқыш қуаты |
|
||
3.0 |
Ең жоғарғы ұшып көтерілу массасы |
|
||
3.1 |
Соңғы жөндеу жүргізілген күні мен орны |
|
||
3.2 |
Техникалық байқау немесе ұшу сынағын кім және қашан жүргізді |
|
||
3.3 |
Жөндеуге дейінгі әуе кемесі ресурсының қалдығы (сағаттарда, қонуларда, жылдарда) |
|
||
3.4 |
Әуе кемесінің тұрақты орналасқан жері |
|
||
3.5 |
Әуе кемелеріне құқықтың түрі (қажеттісінің астын сызу): |
1) меншік құқығы; 2) Пайдаланушыға құқығы; 3) жедел басқару құқығы; 4) шаруашылық басқару құқығы |
||
4. |
Шарттың нөмірі және сатып алу күні: |
|||
Меншік иесінің |
20__ жылғы «__»__________ №________ |
|||
Пайдаланушығаның |
20__ жылғы «__»__________ №________ |
|||
|
Меншік иесінің санаты (астын сызу): |
1) жеке тұлға; 2) заңды тұлға. |
||
5. |
Меншік иесінің құжат санаты (заңды тұлға үшін): |
|||
Заңды тұлғаның атауы: |
|
|||
Заңды тұлғаның БСН: |
|
|||
Меншік иесінің заңды мекенжайы, (облыс, аудан, тұрғылықты жері, көше, үйдің нөмірі, пәтер) |
|
|||
Меншік иесінің телефон нөмірі, факсы және e-mail |
|
|||
6. |
Меншік иесінің құжат санаты (жеке тұлға үшін): |
|||
|
Құжаттың сериясы және берілген күні |
20__ жылғы «__»__________ №________ |
||
|
Т.А.Ә. (болған жағдайда), туылған күні |
20__ жылғы «__»__________ |
||
|
ЖСН |
|
||
|
мекенжайы (облыс, аудан, тұрғылықты жер, көше, үйдің нөмірі, пәтер) |
|
||
|
телефон нөмірі, факсы және e-mail |
|
||
7. |
Пайдаланушығаның құжат санаты (заңды тұлға үшін) |
|||
|
Заңды тұлғаның атауы |
|
||
Заңды тұлғаның БСН |
|
|||
Пайдаланушығаның заңды мекенжайы (облыс, аудан, тұрғылықты жер, көше, үйдің нөмірі, пәтер) |
|
|||
|
Пайдаланушығаның телефон нөмірі, факсы және e-mail |
|
||
8. |
Пайдаланушығаның құжат санаты (жеке тұлға үшін): |
|||
|
Заңды тұлғаның атауы |
20__ жылғы «__»__________ |
||
Т.А.Ә. (болған жағдайда), туылған күні |
20__ жылғы «__»__________ |
|||
ЖСН |
_____________ |
|||
мекенжайы (облыс, аудан, тұрғылықты жер, көше, үйдің нөмірі, пәтер) |
___________ |
|||
телефон нөмірі, факсы және e-mail |
______ |
|||
9. |
Төлемнің көлемі, нөмірі және күні: |
20__ жылғы «__»__________ _________ тенге. |
||
10. |
Байланысатын адам (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қызметі, телефон нөмірі, факсы, мекенжайы және e-mail |
___________ |
||
11. |
Қосымша қызметтерді алған жағдайда (Шуыл жөніндегі, Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалану жөніндегі сертификат) Деректерді төмендегі кестелерді толтырыңыз |
|||
12. |
Нөмірі, күні және алым сомасы: № ____ "__" ______ 20___ жыл ____ теңге. |
|||
Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын алу үшін |
+/- |
Сипаттаңыз |
||
Ұшақ |
|
|
||
Тікұшақ |
|
|
||
Басқалар |
|
|
||
Әуе бұрандасы туралы деректер (болған жағдайда) |
|
|
||
Әуе кемесiнiң ең жоғарғы ұшу массасы |
|
|
||
Әуе кемесiнiң ең жоғарғы қону массасы |
|
|
||
Шуыл бойынша сертификаттау стандарты |
|
|
||
Қолданылатын шуыл бойынша сертификаттау стандартына сәйкес келтiру мақсатында енгiзiлген қосымша түрлендіру |
|
|
||
ҰҚЖ-дан шеткері шуыл деңгейi/толық қуаттағы режимде |
|
|
||
Қонуға кіру кезiндегi шуыл деңгейi |
|
|
||
Ұшып өту кезiндегi шуыл деңгейi |
|
|
||
Ұшу кезiндегi шуыл деңгейi |
|
|
||
Ұшып көтерілген кездегi шуыл деңгейi |
|
|
||
Азаматтық әуе кемелерінде орналасқан Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат алу |
|
|
||
Ұшақ |
|
|
||
Тікұшақ |
|
|
||
басқалар |
|
|
||
Авиациялық радиожиілік аумағында жұмыс жасайтын радиоберу құрылғыларының тізбесі: |
|
|
||
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін (Меншік иесі/ Пайдаланушыға) |
||||
Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін) |
Азаматтық әуе кемесінің пайдаланушығасы (заңды тұлға үшін) |
|||
Мөр орны (болған жағдайда) 20__жылғы «___» ___________ (жеке тұлға үшін): _____________________________________ Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) қолы 20__жылғы «___» ___________ |
Ескерту: аббреватураның толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
«БЕКIТЕМIН» Ұйымның бірінші басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) ___________ ___________ қолы Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) 20__ жылғы "__" _______
Әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру актісі
Мынадай құрамдағы комиссия: Төраға _______________________________________________________, лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) Комиссия мүшелерi _____________________________________________ ________________________________________________________________ лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) 20 ___ жылғы __________ ______________ техникалық тексеру жүргiздi. ________________________________________________________________ (азаматтық әуе кемесiнiң типі және тағайындалуы) мемлекеттiк және тiркеу айырымдық белгiлерi _________________________ _________________________________________________________________ сериялық (зауыт) нөмiрi: 1. Әуе кемесi туралы мәлiметтер:
Зауыттан шығарылған күнi |
|
Тағайындалған ресурс |
__ сағат ____ қону _______ жыл |
Пайдалана басталғаннан бастап ұшуы |
__ сағат ____ қону _______ жыл |
Жүргiзілген жөндеу саны |
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi және орны |
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы |
__ сағат ____ қону _______ жыл |
Жөндеу жүргiзгенге дейiнгi ресурс қалдығы |
__ сағат ____ қону _______ жыл |
Жөндеу аралық ресурс |
__ сағат ____ қону _______ жыл |
2. Әуе кемесiнiң ресурсын ұзарту негiзi _______________________
3. Қозғалтқыштың ресурсын ұзарту негiзi _______________________
4. Қозғалтқыш және әуе бұрандалары туралы мәлiметтер:
Қозғалтқыш/әуе бұрандасы |
1- ші |
2-шi |
3-шi |
4-шi |
Қосалқы күштiк қондырғы/бас редуктор |
Үлгісі |
|
|
|
|
|
Зауыттық нөмірі |
|
|
|
|
|
Пайдалана басталғаннан бергі ұшуы (сағат) |
|
|
|
|
|
Соңғы жөндеу жүргізілген күні |
|
|
|
|
|
Соңғы жөндеу жүргізілгеннен кейінгі ұшуы (сағат) |
|
|
|
|
|
Келесі жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы |
|
|
|
|
|
Жүргізілген жөндеу саны |
|
|
|
|
|
5. Әуе кемесi _____________________________ көлемде тексерiлдi, (кезеңдiк техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу нысаны)
бұл туралы формулярға жазба жасалынды __________________ (күнi)
6. Әуе кемесiнiң жабдықталуы __________________________________
7. Әуедегi қақтығысты ескертетiн борттық жүйенiң болуы
_________________________________________________________________
8. Осы әуе кемесiнің типі осы актiнi жасау күнiне дейiнгi орындалуға мiндеттi барлық жөндеу жұмыстары орындалды; бекiтiлген құжаттамада көзделмеген тип конструкциясында өзгерiстер жоқ.
9. Ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы өзгерістерді бекiткен ұйым, бекiтілген күнi ______________________________________
10. Комиссияның азаматтық әуе кемесiнiң техникалық жай-күйi, ұшуға жарамдылық және ұшуға жарамдылығы сертификатын (қолдану мерзiмiн ұзарту) беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы _________________
11. Пайдаланушығаның инженерлiк-авиациялық қызмет басшысының* азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы (оның iшiнде қажеттi жабдығы болған жағдайда халықаралық трассалар бойынша ұшу) туралы қорытындысы. _____________________________
Төраға: _______________________________________________________ қолы, күнi, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) Комиссия мүшелерi: _________________________________________________ қолы, күнi, Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)
* 11- тармақта Инженерлiк-авиациялық қызмет басшысы мынадай қорытынды жасайды:
«Ұшақ (тiкұшақ) техникалық жарамды және пайдалануға жарамды»
немесе
«Ұшақ (тiкұшақ) техникалық жарамсыз және пайдалануға
жарамсыз».
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсi
_______________________________________________________________ (мекеме атауы немесе жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)) 20 __ жылғы «__» ________ шығ.№ ___ тізілім бойынша авиациялық инспекторы______________________________________________ Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы әуе кемелерiне бағалау жүргiздi _____________________________ (ӘК үлгісі, сериялық (зауыт) нөмірі, ӘК тағайындалуы) Әуе кемесi туралы мәлiметтер:
Зауыттан шығарылған күнi |
|
Тағайындалған ресурс |
_____ сағат ____ қону _________ жыл |
Пайдалана басталғаннан бастап ұшуы |
_____ сағат ____ қону _________ жыл |
Жүргiзілген жөндеу саны |
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi және орны |
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы |
_____ сағат ____ қону _________ жыл |
Жөндеу жүргiзгенге дейiнгi ресурс қалдығы |
_____ сағат ____ қону _________ жыл |
Жөндеу аралық ресурс |
_____ сағат ____ қону _________ жыл |
Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң мәтіні
Қорытынды: Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң мәтіні
Тізілім бойынша авиациялық инспектор: _______________________________ Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) Актінің жасалған күні Сараптама актiсімен таныстым: Өтініш беруші (өтініш берушінің өкілі)______________________________ Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы) Актімен танысқан күні
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
Нысан
____________________________ уәкілетті ұйымның атауы _______________________ - дан өтініш берушінің Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________ Жеке куәлігінің (паспортының) № ____________________________ Заңды тұлға ұйымның атауы ____________________________ мекенжайы, байланыс телефоны ____________________________ (ЖСН/БСН) ____________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Өтінім
Меншік иесі _____________________________________________________ Пайдаланушы _____________________________________________________ тиесілі __________________________________________________________ әуе (әуе кемесінің үлгісі) кемесін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің Мемлекеттік тізілімінен шығаруыңызды және шығуы туралы куәлігін беруіңізді өтінемін. Әуе кемесін шығарылу себебі ______________________________________ Әуе кемесі туралы деректер: 1. Азаматтық әуе кемесінің үлгісі ________________________________ 2. Айырым белгісі ________________________________________________ 3. Сериялық (зауыттық) нөмірі _____________________________________ 4. Зауыттан шығарылған күні (күні, айы, жылы) _______________________ 5. Шығарушы (зауыт, мемлекет) ___________________________________ 6. Азаматтық әуе кемесінің тағайындалуы ____________________________ 7. Қозғалтқыш қуаты (кВт) _______________________________________ 8. Барынша ұшу массасы ___________________________________________ 9. Әуе кемесінің жөндеуге дейінгі қалдық ресурсы (сағат, қону, жыл) ___________________________________________ 10. Кім және қашан техникалық тексеруді немесе ұшу сынағын жүргізді _________________________________________________________________ 11. Әуе кемесінен айырым белгілерін алып тастау күні: _______________ 12. 24 биттік кодтың жойылу датасы: ________________________________ 13. Әуе кемесін Пайдаланушы сертификатының (Авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің) қосымшасынан шығару датасы ____________ 14. ӘК кепілұстаушының келісімінің датасы ___________________________ 15. ӘК есептен шығарылу күні ______________________________________ 16. Әуе кемесінің орналасу орны ____________________________________ 17. Әуе кемесі экспортталған мемлекет _______________________________ 18. Меншік иесінің құжатының санаты (заңды тұлға үшін): 1) заңды тұлғаның атауы: __________________________________________ 2) заңды тұлғаның БИН-і: ___________________________________________ 3) меншік иесінің заңды мекенжайы (облысы, ауданы, елді мекені, көшесі, үйдің нөмірі, пәтері) _________________________________________ 4) меншік иесінің телефон нөмірі, факсы и e-maіl мекенжайы: _________________________________________________________________ Меншік иесінің құжатының санаты (жеке тұлға үшін): 1) құжаттың сериясы және берілген датасы № ___ 20 ___ жылғы "__" ___ 2) Т.А.Ә. (болған жағдайда), туған күні: __________ 20 ___ жылғы "__" ______ , ИИН ____________________________________. 3) мекенжайы (облысы, ауданы, елді мекені, көшесі, үйдің нөмірі, пәтері) _________________________________________________________________ 6) телефон нөмірі, факсы и e-maіl мекенжайы: _________________________________________________________________ 19. Пайдаланушының құжатының санаты (заңды тұлға үшін): 1) заңды тұлғаның атауы: ____________________________________ 2) заңды тұлғаның БИН-і: ____________________________________ 3) пайдаланушының заңды мекенжайы (облысы, ауданы, елді мекені, көшесі, үйдің нөмірі, пәтері) _________________________________________ 4) пайдаланушының телефон нөмірі, факсы и e-maіl мекенжайы: _________________________________________________________________ Пайдаланушының құжатының санаты (жеке тұлға үшін): 1) құжаттың сериясы және берілген датасы № ___ 20 ___ жылғы "__" ___ 2) Т.А.Ә. (болған жағдайда), туған күні: ______ 20 ___ жылғы "__"______ , ИИН ____________________________________. 3) мекенжайы (облысы, ауданы, елді мекені, көшесі, үйдің нөмірі, пәтері) _________________________________________________________________ 6) телефон нөмірі, факсы и e-maіl мекенжайы: _________________________________________________________________ 20. Байланыс тұлғасы (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы, телефон нөмірі, факсі и e-maіl мекенжайы):___________________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін): ___________________________________ басшының қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _________ (жеке тұлға үшін): _____________________________ Қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _________ Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы (заңды тұлға үшін): ___________________________________ басшының қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _________ (жеке тұлға үшін): _____________________________ Қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) 20__ жылғы "___" _________
Ескерту: аббреватураның толық жазылуы:
Т.А.Ә. – Тегі Аты Әкесінің аты;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |