1. «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № бұйрығына 2-қосымша
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 09.10.2019 жылғы № 763 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы берген кезде – 5 (бес) жұмыс күн.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мыналардың жұмыс кестесі – порталдың-тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы өтінім;
2) шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының электрондық көшірмесі;
3) осы мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісінің электрондық көшірмесі.
10. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне»мемлекеттік қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Жеке тұлғаны куәләндыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (ұайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы куәлікті және Пайдаланушыға сертификатын, орындағы шу бойынша сертификатын, радиостанция сертификатын қызмет көрсетуші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік информациялық жүйелерден алады.
Қызмет алушысы осы стандарттағы тізімге сәйкес және (немесе) мерзімі өткен құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет көрестуші өтінішті қабылдамайды.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері:
1) Әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес болмағанда;
2) Қызмет алушының жіберген құжаттарының (немесе) деректерінің (ақпараттарының) сенімсіздік тудырған жағдайда;
3) Қызмет алушының және (немесе) жіберген қажеттi мәлiметтердi, деректердiң берілген ақпаратқа сәйкес келмеуі;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында сай беріледі.
Шағым пошта арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
Жеке тұлғаның – тегі, аты, сонымен қатар қалауынша әкесінің аты, пошталық адресі көрсетіледі.
Заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
13. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сүлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 74-48-02.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтаманы Министрліктің интернет-ресурсында көрестілген www.mіid.gov.kz қызмет берушінің телефондары арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы алуға болады.
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Шетел мемлекеті берген азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану үшін өтінім
_____________________________________________________________ тиесiлi ______________________________________________________ тiзiлiмiне (мемлекет атауы) _________ жылғы. «___» _____________ № _____________________ енгiзiлген ________________________________________________________ әуе кемесіне (әуе кемесінің типі, айырым белгісі) № _____________________ ұшуға жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешiм берудi сұраймын. Әуе кемесi туралы деректер: 1. Тип сертификаты немесе балама құжат және оның нөмiрi 1) әуе кемесi _________________________________________________ 2) қозғалтқыштар ______________________________________________ 3) әуе бұрандалары ____________________________________________ 2. Мемлекеттiк және тiркеу белгiлерi ________________________________ 3. Әуе кемесiнiң типі және мақсаты __________________________________ 4. Әуe кемесiнiң жасалған күнi және сериялық нөмiрi _________________ 5. Соңғы жүргiзiлген жөндеудiң күнi мен орны ________________________ 6. Әуе кемесiнiң ұшуы 1) пайдалана басталғаннан бастап:_____ сағат ____ қонуы ____ жыл 2) соңғы жөндеуден кейiн: __________ сағат __ қонуы _______ жыл 7. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы:___ сағат ____ қонуы ___ жыл 8. Қозғалтқыштардың типі және саны ______________________________ 9. Әуе бұрандаларының түрi _______________________________________ 10. Мыналардың: а) ұшып көтерiлудiң ________ б) қонудың _____________ ең жоғары массасы 11. Орындар саны: а) жолаушылар ____________ б) экипаж ______________ 12. Жергілікті жердегі шуыл жөнiндегi куәлiк ________________________ 13. Әуе кемесiнiң Меншік иесіне және оның мекенжайы _______________ 14. Әуе кемесiн Пайдаланушыға, Пайдаланушыға куәлiгiнiң нөмiрi және оның заңды мекенжайы _________________________________________ 15. Әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi ұйымның атауы _______________________________________________________________
Мөр орны (болған жағдайда)________________________________________ (лауазымы) 20_____ жылғы. «____» _____________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) (болған жағдайда) Авиакомпанияның инженерлiк-авиациялық қызметi басшысының әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы ______________________ Мөр орны (болған жағдайда)________________________________________ (лауазымы) 20______жылғы. «____» ____________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) (болған жағдайда) Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________ 20______жылғы. «____» ____________________________________
«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
«Бекiтемiн» Ұйымның бiрiншi басшысы _____________________ ________ (Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолы)
Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі
Мынадай құрамдағы комиссия: Төраға ________________________________________________________ (лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Комиссия мүшелері _____________________________________________ _________________________________________________________________ (лауазымы, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) 20__жылғы. «___» __________________________ техникалық қарап-тексеру жүргізді (әуе кемесінің типі және мақсаты) мемлекеттік және тіркеу белгілері __________________________ сериялық (зауыт) нөмірі _______________ 1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:
ӘК-нің зауыттан шығарылған күні |
|
Белгіленген ресурс |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Пайдалана басталғаннан бастап ұшуы |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Жөндеу саны |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Соңғы жөндеу жүргізілген күн мен орын, АЖЗ |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшуы |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Жөндеу аралық ресурс |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшін негіздеме _____________________
3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіздеме __________________
4. Қозғалтқыштар мен әуе бұрандалары туралы мәліметтер: _______
Қозғалтқыш/әуе бұрандасы |
1- ші |
2-шi |
3-шi |
4-шi |
Қосалқы күштiк қондырғы/бас редуктор |
Типі |
|
|
|
|
|
Зауыт нөмiрi |
|
|
|
|
|
Пайдалана басталғаннан бастап ұшуы (сағат) |
|
|
|
|
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi |
|
|
|
|
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы (сағат) |
|
|
|
|
|
Жөндеу жүргізілгенге дейінгі ресурс қалдығы (сағат) |
|
|
|
|
|
Жүргiзiлген жөндеу саны |
|
|
|
|
|
5. Әуе кемесі _____________________________ көлемінде қаралған, (ТҚ немесе жөндеу кезеңділігінің нысаны) ол туралы __________ формулярына жазу енгізілген ____________________ (күні) 6. Әуе кемесінің жасақталуы ___________________________________ 7. Әуеде соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесінің болуы ____ 8. Осы акті жасалған күні орындауға міндетті осы типтегі әуе кемесінің барлық жөндеу жұмыстарыы орындалды; бекітілген құжаттамада көзделмеген тип конструкциясының өзгерістері жоқ. 9. ҰПЖ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні ____________ 10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға жарамдылығы және ұшуға жарамдылық сертификатын беру (қолданылу мерзімін ұзарту) мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы _____________ Төраға: _______________________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Комиссия мүшелері: ____________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) 11. Пайдаланушығаның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның ішінде қажетті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар бойынша ұшуға) Қорытынды: «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы жоқ және ол пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы бар және ол пайдалануға жарамсыз». Төраға: _______________________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Комиссия мүшелері: ____________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |