1. «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № бұйрығына 5-қосымша
«Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 09.10.2019 жылғы № 763 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтінімінің электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаны куәләндыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы куәлікті және Пайдаланушыға сертификатын, орындағы шу бойынша сертификатын, радиостанция сертификатын қызмет көрсетуші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік информациялық жүйелерден алады.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде қызметті алушы, қызмет көрсету нәтижесін алу кезінде әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің түпнұсқасын ұсынуы қажет.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері:
1) Әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес болмағанда;
2) Қызмет алушының жіберген құжаттарының (немесе) деректерінің (ақпараттарының) сенімсіздік тудырған жағдайда;
3) Қызмет алушының және (немесе) жіберген қажеттi мәлiметтердi, деректердiң берілген ақпаратқа сәйкес келмеуі;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сүлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 74-48-02.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтаманы Министрліктің интернет-ресурсында көрестілген www.mіid.gov.kz қызмет берушінің телефондары арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы алуға болады.
«Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Нысан
Өтінім
I. Мемлекеттiк тiзiлiмге 20 ___ жылғы. «___» ________ №____ енгiзiлген әуе кемесiне арнайы ұшуды орындауға рұқсат (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификатын) берудi сұраймын: 1. Ұшу мақсаты және маршруты __________________________________ 2. Әуе кемесi туралы мәлiметтер: 1) Әуе кемесiнiң типі _______________________________________________ 2) Әуе кемесiнiң сериялық (зауыт) нөмiрi ____________________________ 3) Мемлекеттiк және тiркеу айырым белгiлерi _________________________ 4) Әуе кемесiнің жасалған күні ______________________________________ 5) Әуе кемесiнiң мақсаты ____________________________________________ 6) Орналасқан жері __________________________________________________ 3. Пайдаланушығаның атауы және мекенжайы ________________________ Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушыға: ____________________________ (Тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда) ІІ. Әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау АКТIСI
1. Әуе кемесi туралы мәлiметтер
ӘК-нің зауыттан шығарылған күнi |
|
Тағайындалған ресурс |
_____ (сағат) ____ (қону) __________ (жыл) |
Пайдалануға берілгеннен бастап ұшуы |
_____ (сағат) ____( қону) __________( жыл) |
Жүргiзілген жөндеу саны |
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi және орны |
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы |
_____ (сағат) ____( қону) __________ (жыл) |
Жөндеу жүргiзгенге дейiнгi ресурс қалдығы |
_____( сағат) ____ (қону) __________ (жыл) |
Жөндеу аралық ресурс |
_____ (сағат) ____ (қону) __________( жыл) |
3. Әуе кемесiнiң ресурсын ұзарту негiзi _______________________
4. Қозғалтқыштың ресурсын ұзарту негiзi _______________________
5. Қозғалтқыш және әуе бұрандалары туралы мәлiметтер:
Қозғалтқыш/әуе бұрандасы |
1- ші |
2-шi |
3-шi |
4-шi |
Қосалқы күштiк қондырғы/бас редуктор |
Типі |
|
|
|
|
|
Зауыт нөмiрi |
|
|
|
|
|
Пайдалана басталғаннан бастап ұшуы (сағат) |
|
|
|
|
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi |
|
|
|
|
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы (сағат) |
|
|
|
|
|
Жөндеу жүргізілгенге дейінгі ресурс қалдығы (сағат) |
|
|
|
|
|
Жүргiзiлген жөндеу саны |
|
|
|
|
|
6. Әуе кемесi _____________________________ көлемде тексерiлдi, (кезеңдiк техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу нысаны) бұл туралы формулярға жазба жасалынды __________________ (күнi) 7. Әуе кемесiнiң жабдықталуы __________________________________ 8. Әуедегi қақтығысты ескертетiн борттық жүйенiң болуы _________________________________________________________________ 9. Осы әуе кемесiнің типі осы актiнi жасау күнiне дейiнгi орындалуға мiндеттi барлық жөндеу жұмыстары орындалды; бекiтiлген құжаттамада көзделмеген тип конструкциясында өзгерiстер жоқ. 10. Ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы өзгерістерді бекiткен ұйым, бекiтілген күнi ______________________________________ 11. Комиссияның азаматтық әуе кемесiнiң техникалық жай-күйi, ұшуға жарамдылық және ұшуға жарамдылығы сертификатын (қолдану мерзiмiн ұзарту) беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы _________________ 12. Пайдаланушығаның инженерлiк-авиациялық қызмет бастығының* азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы (оның iшiнде қажеттi жабдығы болған жағдайда халықаралық трассалар бойынша ұшу) туралы қорытындысы. ІІІ. Әуе кемесінің пайдалану шектеулері мен сәйкессіздігі туралы мәліметтерді қамтитын анықтама _________ 1. Сәйкессіздіктің себептері:_________ 2. Пайдалану шектеулері:_________ 3. Сәйкессіздікті жою әдістері: _________ 4. Сәйкессіздікті жою мерзімдері: _________ Қорытынды: «Ұшақ (тiкұшақ) техникалық ақаусыз және пайдалануға Жарамды» немесе «Ұшақ (тiкұшақ) техникалық ақаулы және пайдалануға Жарамсыз». Комиссия құрамында: Төраға____________________________________________________ (қолы, күні, Тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда) Комиссия мүшелері__________________________________________ (қолы, күні, Тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда) 20__ жылғы. «___»___________________ техникалық байқау жүргізді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |