• Мое избранное
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру
Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № бұйрығына 8-қосымша

  • 1
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.01.2018 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 09.10.2019 жылғы № 763 Бұйрығына сәйкес (16.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 08.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік куәлігіне алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестік куәлігін беру үшін санатына байланысты алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
1) ұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
2) тікұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 20 АЕК;
3) басқа ұшу аппараттары үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 5 АЕК.
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін сертификаттау бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді:
2) әуе кемесі данасының пайдалану құжаттамасы жинағының электрондық көшiрмесi;
3) қысқаша техникалық сипаттаманы, жүйелердің басты схемаларын, негізгі сипаттамаларды, сондай-ақ ауқымында ӘК данасы сертификатталатын пайдаланудың күтілетін жағдайлары мен шектеулерін қамтуға тиіс әуе кемесі данасының ерекшелігінің электрондық көшiрмесi;
4) әуе кемесінің үш проекциядағы түрлері немесе әр түрлі кескіндердегі суреттеріінің электрондық көшiрмесi: алдынан, бүйірінен, артынан;
5) әуе кемесі немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, қалақты, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттарының электрондық көшiрмесi;
6) осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығын және техникалық жай-күйін анықтайтын актінің электрондық көшiрмесi;
7) осы стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер карталарының электрондық көшiрмесi;
8) азаматтық әуе кемесі данасының ұшу-техникалық тексеру актісінің электрондық көшiрмесi;
9) азаматтық әуе кемесі данасының техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламенті) электрондық көшiрмесi
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Қызмет алушысы осы стандарттағы тізімге сәйкес және (немесе) мерзімі өткен құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет көрестуші өтінішті қабылдамайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мынадай негіздер:
1) Әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес болмағанда;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларымен белгіленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы номаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сүлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 74-48-02
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтаманы Министрліктің интернет-ресурсында көрестілген www.mіid.gov.kz қызмет берушінің телефондары арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы алуға болады.
«Азаматтық әуе кемесі
данасының ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігі куәлігін
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауға арналған өтінім
Азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді
________________________________________________________________ 
(Азаматтық әуе кемесін Пайдаланушығасының атауы) ___________ өтінемін,
ол ______________________________________________________________
(Азаматтық әуе кемесін Пайдаланушығасының иесі) тиесілі. 
Мекенжайы және телефоны _________________________________________ 
Әуе кемесі туралы негізгі мәліметтерді хабарлаймын: Әуе кемесінің типі
 _________________________________________________________________ 
(ұшақ, тікұшақ, планер, аэростатикалық әуе кемесі және тағы басқа)
Пайдаланылған конструкторлық құжаттама _________________________________________________________________ 
(жеке жоба, прототипі бар, дайын конструкторлық құжат, қалпына келтірілген әуе кемесі және тағы басқа)
Мына жағдайларда жасалған ________________________________________________________________
(жеке, техникалық клубта, зауытта және тағы басқа) Азаматтық әуе кемесін 
Пайдаланушығаның мақсаты _________________________________________________________________ 
Пайдаланудың күтілетін шарттары _________________________________________________________________ 
Мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауап беремін. Сараптамаға мәлімденген әуе кемесінің оған қойылатын талаптарға сәйкес еместігін куәландыратын фактілер маған белгілі емес. 
Өтініш беруші __________ /________________/ 
Мөр орны (болғанжағдайда) қолы тегі, аты-жөні 20___ жылғы. «___» ___________
«Азаматтық әуе кемесі
данасының ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігі куәлігін
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау мен ұшуға жарамдылығын анықтау актісі
 200 __жылғы. «____» ______________ №__________ бұйрығына сәйкес
 ________________________________________________________ 
комиссияның құрамында Төраға: ___________________________________________________________ 
(Тегі Аты Әкесінің аты қолы, лауазымы) Комиссия мүшелері:
 _______________________________________________ 
(Тегі Аты Әкесінің аты қолы, лауазымы)
 _________________________________________________________________ 
(Тегі Аты Әкесінің аты қолы, лауазымы) Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша 
_________________________________________________________________ ____________________________________________ 
бағалау жүргізді. (ұйымның атауы) Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығын бағалау актісінің мәтіні.
 Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, әуе кемесі мен оның жабдығының азаматтық әуе кемесінің данасына белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, мәлімделетін ұшу түрлеріне сәйкестігі (сәйкессіздігі) көрсетіледі. Төраға: ____________________________ ______________________________ (Тегі Аты Әкесінің аты қолы) (қолы) Комиссия мүшелері: ____________________________ ___________________ 
(Тегі Аты Әкесінің аты қолы) (қолы) 
______________________________________________ ___________________ 
(Тегі Аты Әкесінің аты қолы) (қолы) 
Актімен таныстым: Ұйымның басшысы ________________________________ ______________ 
(Тегі Аты Әкесінің аты қолы) (қолы)
«Азаматтық әуе кемесі
данасының ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігі куәлігін
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
ДЕРЕКТЕР КАРТАСЫ 
(Аэростатикалық әуе кемесінің жеке данасына және азаматтық әуе кемесінің данасы үшін)
 Осы деректер картасы № _____ сәйкестік куәлігінің ажырамас бөлігі болып табылады
_________________________________________________ және
(ұшақ, тікұшақ, автожир және т.б., оның атауы)
азаматтық әуе кемесінің данасын негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын қамтиды
1. Қозғалтқыш (қозғалтқыштар) _______________________________________________________________ 
1) қуаты, л.с._______________________________________________________
2) ең жоғары айналымдары, айн/мин___________________________________ 
2. Әуе винті________________________________________________________
3.Отын ___________________________________________________________
4. ӘК-нің ең жоғары ұшу салмағы, кг _________________________________
5. Теңдестіру: 1) ең шекті-алдыңғы, %______________________________________________
2) ең шекті-артқы, %________________________________________________ 
6. Жүк көтергіштігі, кг______________________________________________ 
7. Жылдамдық бойынша шектеулер: 
1) ең жоғары рұқсат етілген, км/с____________________________________
2) ең төменгі рұқсат етілген, км/с___________________________________ 
3) ұшып көтерілу кезіндегі ажырау жылдамдығы, км/с___________________ 
4) қону кезіндегі түсу жылдамдығы, км/с______________________________ 
8. экипаж құрамы, адам______________________________________________ 
9. ұшуды орындау үшін метеожағдайлар: 
1) бұлттардың биіктігі, м____________________________________________
2) көлденең көріну, м_______________________________________________ 
3) жел, м/с________________________________________________________: 
4) ұшуға көтерілгендегі, м/с________________________________________: 
5) қарсы жел, м/с___________________________________________________ 
6) жолай жел, м/с__________________________________________________ 
7) 90 градустағы, м/с_______________________________________________ 
8) қону кездегі, м/с________________________________________________:
 9) қарсы жел, м/с___________________________________________________ 
10) жолай жел, м/с_________________________________________________ 
11) 90 градустағы, м/с______________________________________________ 
12) қоршаған ауаның температурасы, град. 0С__________________________ 
10. Тыйым салынған: _______________________________________________ 
АӘКД тексеруді жүргізген ұйымның басшысы
_________/_________________/
Қолы тегі, аты-жөні Мөр орны (болған жағдайда) 20__ жылғы. «___» ___________