1. «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № бұйрығына 9-қосымша
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 09.10.2019 жылғы № 763 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:
азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру – күнтізбелік 20 (жиырма) жұмыс күні.
Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнге дейін ұзартылады;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дайындығы туралы хабарлама алады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санаты және салмағына байланысты мыналарды құрайды:
1) ұшақтың ұшу жарамдылығы үшін:
136 000 килограмнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 450 айлық есептік көрсеткіш;
75 000 килограмнан астам 136 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;
3 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;
4 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 401 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 10 000 килограмнан астам 30 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 291 айлық есептік көрсеткіш;
3 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, қоса алғанда 30 000 килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;
4 қозғалтқышы бар 10 000 килограмнан астам 30 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;
5 700 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
2 250 килограмнан астам 5 700 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
750 килограмнан астам 2 250 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 36 айлық есептік көрсеткіш;
2) тікұшақтың ұшуға жарамдылығы үшін:
10 000 килограмнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
1 қозғалтқышы бар 5 000 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 91 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 5 000 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 127 айлық есептік көрсеткіш;
1 қозғалтқышы бар 3 180 килограмнан астам 5 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 3 180 килограмнан астам 5 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 72 айлық есептік көрсеткіш;
1 қозғалтқышы бар 2 250 килограмнан астам 3 180 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 2 250 килограмнан астам 3 180 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 72 айлық есептік көрсеткіш;
1 қозғалтқышы бар 2 000 килограмнан астам 2 250 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 2 000 килограмнан астам 2 250 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 72 айлық есептік көрсеткіш;
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Мыналардың жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету сағат 9:00-ден 13:00-га дейін.
Мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру сағат 15:00-ден 18:00-га дейін.
Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталдың-тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының сертификатын алғаш алуы үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
3) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға алу туралы шарттардың және қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмелері;
4) қолданылатын түрлендірулер көрсетілген үлгі сертификатының көшірмесі немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын балама құжаттың көшірмесі;
5) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) көшірмесі;
7) әуе кемесін қайта жабдықтау (қайта жабдықтау кезінде) бойынша ақпараттың көшірмесі;
8) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын жасап шығарушы зауыттың сертификатының көшірмесі;
9) уәкілетті орган бекіткен бұрынғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасын техникалық қызмет көрсетудің жаңа бағдарламасына ауыстыру бойынша қосымша жұмыс көлемі туралы деректердің көшірмесі;
10) орталықтандыру және жүктеме деректері көрсетілген қолданыстағы құрамдағы әуе кемесін өлшеу бойынша деректер;
11) тип конструкциясы үшін жауапты ұйым құрастырған негізгі минималды жабдықтау тізбесі болған кезде пайдаланушы әзірлеген бекітілген минималды жабдықтау тізбесінің көшірмесі;
12) Ұшуды пайдалану бойынша нұсқаулықтардың;
13) ұшу жарамдылығы директиваларының, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған түрлендірулердің мәртебелері.
14) ұшу сынақтарының нәтижесі бойынша баяндама;
18) егер қолданылатын болса, әуе кемесінің RNAV, MNPS, Cat. III және басқаларына рұқсат етілген құжаттың электрондық көшірмесі;
19) соңғы техникалық қызмет көрсетудің орындалу формалары;
Осы тармақтың 2), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өтініш көрсетілетін қызметті берушіде тіркелген күнге дейін күнтізбелік 22 жұмыс күн мерзімнен аспауы тиіс.
Құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мөрімен куәландырылады.
Бұрын ұшуға жарамдылығы сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін:
1) сертификатты алу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;
3) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға алу туралы шарттардың және қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмелері;
4) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) ұшу жарамдылығы директиваларының, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған түрлендірулердің мәртебелері.
Құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мөрімен куәландырылады.
Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беруге арналған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) сертификатты алу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын белгілеу актісі;
3) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға алу туралы шарттардың және қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмелері;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі;
5) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат көшірмесі;
6) қолданылатын түрлендіру көрсетілген дана сертификатының көшірмесі;
7) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) (алғашқы сертификат беру);
8) Ұшуға пайдалану нұсқаулығында негізгі ең төменгі жабдықтау тізбесі болғанда пайдаланушы әзірлеген бекітілген ең төменгі жабдықтау тізбесінің (алғашқы беру кезінде) көшірмесі.
Құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және мөрімен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінішті және көрсетілетін қызметті алушы жүргізген қызметтік тексеру материалдарын береді.
Жеке тұлғаны куәләндыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, пайдаланушы сертификатын, орындағы шу бойынша сертификатын, радиостанция сертификатын қызмет көрсетуші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік информациялық жүйелерден алады.
ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысан бойынша өтінімі;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты беруге өтінімінің электрондық көшiрмесi;
3) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмелері;
4) азаматтық әуе кемесiн жасап шығарушымен берілген, оның ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын үлгі сертификаты немесе оның балама құжатының электрондық көшiрмесi;
5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті)электрондық көшiрмесi;
6) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентінен) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бекіткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшу жөніндегі қосымша жұмыстар көлемі туралы деректер электрондық көшiрмесi;
7) орталық және жүктеме деректерді көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесінің салмағын өлшеу жөніндегі деректерінің электрондық көшiрмесi;
8) үлгілік конструкцияға жауап беретін ұйым құрастырған ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі бар болған жағдайда пайдаланушы құрастырған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесінің электрондық көшiрмесi;
9) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауының электрондық көшiрмесi;
10) ұшу жарамдылығы директиваларының, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған түрлендірулердің мәртебелеріінің электрондық көшiрмесi;
11) ұшу сынақтарының нәтижелері туралы баяндаманың электрондық көшiрмесi;
12) барлық борттық тұтынушыларды есепке ала отырып, электрмен жабдықтау жүйесінде жүктемелерді талдау материалдарының электрондық көшiрмесi.
Келесі құжаттар болған жағдайда ұсынылады:
1) әуе кемесінің қайта жабдықталғаны жөніндегі құжатының электрондық көшiрмесi;
2) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын өндіруші зауыттың сертификатының электрондық көшiрмесi;
3) RNAV, MNPS және Cat. III бойынша әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілгендігін растайтын құжаттарының электрондық көшiрмесi.
Құжаттамасын тексеру және әуе кемесін қарап тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін (бұдан әрі – бағалау актісі) құрастырады.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Қызмет алушысы осы стандарттағы тізімге сәйкес және (немесе) мерзімі өткен құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет көрестуші өтінішті қабылдамайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері:
1) Әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес болмағанда;
2) Қызмет алушының жіберген құжаттарының (немесе) деректерінің (ақпараттарының) сенімсіздік тудырған жағдайда;
3) Қызмет алушының және (немесе) жіберген қажеттi мәлiметтердi, деректердiң берілген ақпаратқа сәйкес келмеуі;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сүлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 74-48-02.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтаманы Министрліктің интернет-ресурсында көрестілген www.mіid.gov.kz қызмет берушінің телефондары арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы алуға болады.
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Өтінім
1. Мемлекеттік тізілімге ______ жылғы. «___» __________ № _______ болып енгізілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді және сертификат беруді сұраймын. Үлгісі, борттық №______________________________________________ Әуе кемесінің мақсаты _________________________________________ Әуе кемесінің сериялық (зауыт) нөмірі _____________________ Әуе кемесінің жасалған күні ___________________________________ Дайындаушының атауы _______________________________________ Дайындаушы мемлекет _______________________________________ Үлгі сертификаты (немесе балама құжат):__ № ___ берілген күні __ 2. Өтініш беруші туралы мәліметтер: Мекенжайы _______________________________________________________ Телефон: ___________________ Факс: _______________________________ Электрондық поштаның мекенжайы (бар болса) _______________________ Егер ӘК Пайдаланушыға жеке тұлға болса: Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________ Егер ӘК Пайдаланушыға заңды тұлға болса: Ұйымның толық атауы _____________________________________________ Басшының тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________ Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, телефоны _________________________________________ 3. ӘК данасының орналасқан жері _______________________________ 4. ӘК данасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымының атауы, мекенжайы _________________________________________________________________ Әуе кемесінің ұшуы ______________________________________________ - пайдалана басталғаннан бастап: _____ сағ._____ қонуы ____ жыл - соңғы жөндеуден кейін: _____ сағ._____ қонуы ____________ жыл 6. Жөндеуге дейін ресурстың қалдығы: ___ сағат ___ соңғы __ жыл 7. Массасы, кг ________________ Орталықтандыру, % САХ _________ 8. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға жіберу туралы ақпарат:____ 9. Әуе кемесі ИКАО ______________________ санаты бойынша ұшуға рұқсат берілген. 10. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша деректері. 11. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS)рұқсаты бойынша деректер.
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
«Бекiтемiн» Ұйымның бiрiншi басшысы _____________________ __ (Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) (қолы)
Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі
Мынадай құрамдағы комиссия: Төраға ________________________________________________________ (лауазымы, (Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Комиссия мүшелері _____________________________________________ _________________________________________________________________ (лауазымы, (Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) 20__жылғы. «___» __________________________ техникалық қарап-тексеру жүргізді (әуе кемесінің типі және мақсаты) мемлекеттік және тіркеу белгілері __________________________ сериялық (зауыт) нөмірі _______________ 1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:
ӘК-нің зауыттан шығарылған күні |
|
Белгіленген ресурс |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Пайдалана басталғаннан бастап ұшуы |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Жөндеу саны |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Соңғы жөндеу жүргізілген күн мен орын, АЖЗ |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшуы |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
Жөндеу аралық ресурс |
____ сағ. ______ қонуы _____ жыл |
2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшін негіздеме _____________________
3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіздеме __________________
4. Қозғалтқыштар мен әуе бұрандалары туралы мәліметтер: _______
Қозғалтқыш/әуе бұрандасы |
1- ші |
2-шi |
3-шi |
4-шi |
Қосалқы күштiк қондырғы/бас редуктор |
Типі |
|
|
|
|
|
Зауыт нөмiрi |
|
|
|
|
|
Пайдалана басталғаннан бастап ұшуы (сағат) |
|
|
|
|
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi |
|
|
|
|
|
Соңғы жөндеу жүргiзiлгеннен кейiнгi ұшуы (сағат) |
|
|
|
|
|
Жөндеу жүргізілгенге дейінгі ресурс қалдығы (сағат) |
|
|
|
|
|
Жүргiзiлген жөндеу саны |
|
|
|
|
|
5. Әуе кемесі _____________________________ көлемінде қаралған, (ТҚ немесе жөндеу кезеңділігінің нысаны) ол туралы __________ формулярына жазу енгізілген ____________________ (күні) 6. Әуе кемесінің жасақталуы ___________________________________ 7. Әуеде соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесінің болуы ____ 8. Осы акті жасалған күні орындауға міндетті осы типтегі әуе кемесінің барлық жөндеу жұмыстарыы орындалды; бекітілген құжаттамада көзделмеген тип конструкциясының өзгерістері жоқ. 9. ҰПЖ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні ____________ 10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға жарамдылығы және ұшуға жарамдылық сертификатын беру (қолданылу мерзімін ұзарту) мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы _____________ Төраға: _______________________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Комиссия мүшелері: ____________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) 11. Пайдаланушығаның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның ішінде қажетті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар бойынша ұшуға) Қорытынды: «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы жоқ және ол пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы бар және ол пайдалануға жарамсыз». Төраға: _______________________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Комиссия мүшелері: ____________________________________________ (қолы, күні, Тегі Аты Әкесінің аты) (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда) 12. Актінің қолданылу мерзімі – бекітілген күнінен бастап бір ай.
«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі
_______________________________________________________ (уәкілетті орган) 20 ___ жылғы «___» ________ № ____________ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы ұшуға жарамдылық басқармасының инспекторы: Инспектор:_____________________________________________________ (Тегі Аты Әкесінің аты, лауазымы) Ұшуға жарамдылықты сертификаттау бағдарламасы бойынша _________________________________________________ бағалау жүргізді. (ұйымның атауы) Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінің мәтіні Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) талаптарына, сонымен бірге әуе кемесінің және оның құрал-жабдықтарының көрсетілген ұшу түрлеріне (халықаралық, ішкі), әуе тасымалдау түрлеріне және/немесе авиациялық жұмыстарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) көрсетіледі. Төраға: ____________________________ __________________________ (Тегі Аты Әкесінің аты) (қолы) Комиссия мүшелері: ________________ ___________________________ (Тегі Аты Әкесінің аты) (қолы) ________________ ___________________________ (Тегі Аты Әкесінің аты) (қолы) Актімен таныстым: Ұйымның басшысы ___________________ ________________________ (Тегі Аты Әкесінің аты) (қолы)
"Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
Нысан
Электрондық құжат нысанындағы өтініш
1. ЖСН ________________________________________________________ 2. ЖК/ЖТ/ЗТ атауы _____________________________________________ 3. Әуе кемесінің тiзiлiмдегі нөмiрі ___________________________ 4. Тiзiлiмге әуе кемесін енгiзу күнi __________________________ (күні/айы/жылы) 5. Әуе кемесінің типі _________________________________________ 6. Әуе кемесінің мақсаты: 1. Жолаушылар 2. Көлік 3. Ауысымды 4. Жүк-жолаушылар 5. Арнайы мақсаттағы 6. Санитарлық 7. Оқу 7. Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмiрі ___________________ 8. Әуе кемесінің жасалған күнi ________________________________ (күні/айы/жылы) 9. Жасап шығарушының атауы ____________________________________ 10. Жасап шығарушы – мемлекет _________________________________ 11. Тип сертификатының (немесе балама құжаттың) нөмiрi ________ 12. Тип сертификатының берілген күні __________________________ (күні/айы/жылы) 13. ӘК данасының орналасқан жері ______________________________ 14. ӘК данасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізген қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның атауы _________________ ____________________________________________________________________ 15. ӘК данасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізген техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның мекенжайы ____________________________________________________________________ 16. Пайдалану басталғаннан бергі әуе кемесінің ұшуы ___________ сағ._________________ қонуы _____________________________________ жыл Әуе кемесінің соңғы жөндеуден кейiнгі ұшуы _______________ сағ. _________________ қонуы _________________________________________ жыл 17. Жөндеуге дейiн ресурстың қалдығы _____________________ сағ. _________________ қонуы _________________________________________ жыл 18. Массасы, кг _______________________________________________ 19.Орталықтандыру, % САХ _____________________________________, ____________________________________________________________________ 20. Пайдаланушының техникалық жай-күйін тексеру актiсiн бекiткен күн ____________________________________________________________________ (күні/айы/жылы 21. Техникалық тексеруді кім жүргізді _________________________ 22. Әуе кемесін жетілдіруді, өзгертуді орындаған ұйым _________ ____________________________________________________________________ 23. Орындаған күнi ____________________________________________ (күні/айы/жылы) 24. Ұшуға пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа енгізілген өзгерiстер (егер болса) _______________________________________________________ ____________________________________________________________________ 25. Техникалық пайдалану нұсқаулығына енгізілген өзгерiстер (егер болса) _______________________________________________________ ____________________________________________________________________ 26. Техникалық қызмет көрсету регламентіне енгізілген өзгерiстер (егер болса) _____________________________________________ ____________________________________________________________________ 27. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға рұқсаты туралы ақпарат көзделмеген/рұқсат етілген 28. Әуе кемесіне ИКАО санаты бойынша ұшуға рұқсат етілген I, II, III, санаты жоқ 29. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша деректер ________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 30. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS) рұқсаты бойынша деректер Көзделмеген/рұқсат етілген 31. Электрондық поштаның мекенжайы (ол болған жағдайда) __________ 32. Тегі, аты, әкесінің аты (егер ӘК пайдаланушы жеке тұлға болса) ______________________________________________________ 33. Ұйымның толық атауы (егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса) ________________________________ 34. Басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса)_______________________ ____________________________________________________________ 35. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса) _________________________________________________________________ 36. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің телефоны (егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса) _______________________________________________________________ 37. Тіркелген құжаттар: 1. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң сканерлік көшiрмесi (бар, жоқ) 2. ӘК техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актiсiнiң сканерлік көшiрмесi (бар, жоқ) 3. Әуе кемесiн жалға алу туралы шартының сканерлік көшiрмесi (бар, жоқ) 4. Әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсінiң сканерлік көшiрмесi (бар, жоқ) Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________________ 20 __ жылғы "___" _____________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |