1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 499 бұйрығына 11-қосымша
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 09.10.2019 жылғы № 763 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы тапсырған сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері оны қолдану саласы және штат санына байланысты мыналарды құрайды:
жекелеген типтегі әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету, оның ішінде ағымдағы жөндеу, ақауларды жою, агрегаттар мен жиынтықтаушы бұйымдарды ауыстыру:
10 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 346 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 400 айлық көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық көрсеткіш;
201 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 455 айлық көрсеткіш;
2) жекелеген типтегі әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету, оның ішінде авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарын ауыстыру, оларды ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы қызмет көрсету, авиациялық техниканы сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету:
10 адамға дейін – алым төленетін күні 418 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 436 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 454 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 472 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 491 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 509 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 527 айлық есептік көрсеткіш;
3) зертханалар жағдайында әуе кемелерінің агрегаттары мен жиынтықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету – алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
4) әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жиынтықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұзбай бақылау әдісін қолдану – алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
5) күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жиынтықтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):
10 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 47 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 69 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 272 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 290 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 327 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 345 айлық есептік көрсеткіш;
6) әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау) – алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
7) әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау – алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
8) әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жиынтықтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу:
10 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 528 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 546 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 564 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 582 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 601 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 619 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 637 айлық есептік көрсеткіш.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетілген алым бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда және портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтінішінің электрондық көшірмесі;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым қызметі жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамы туралы мәліметтер және білімі туралы тиісті құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) ұйым қызметінің түрлерін көрсете отырып, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның жарғысының үзіндісінің электрондық көшірмелері.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Қызмет алушысы осы стандарттағы тізімге сәйкес және (немесе) мерзімі өткен құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет көрестуші өтінішті қабылдамайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері:
1) Әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес болмағанда;
2) Қызмет алушының жіберген құжаттарының (немесе) деректерінің (ақпараттарының) сенімсіздік тудырған жағдайда;
3) Қызмет алушының және (немесе) жіберген қажеттi мәлiметтердi, деректердiң берілген ақпаратқа сәйкес келмеуі;
4) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы не жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сүлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 74-48-02.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтаманы Министрліктің интернет-ресурсында көрестілген www.mіid.gov.kz қызмет берушінің телефондары арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы алуға болады.
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететiн және жөндеу (АТ және ТҚЖ) жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған өтiнiмнiң үлгi нысаны
1. АТ және ТҚЖ жөнiндегi ұйымның атауы____________________________ 2. Ұйымның тiркелген жері және тiркеу нөмiрi (шифры) __________ 3. Өндiрiстiк базаның орналасқан жерi: ________________________ 4. Пошталық мекенжайы _________________________________________ 5. Телефон ____________________________________________________ 6. Телеграф ___________________________________________________ 7. Факс _______________________________________________________ 8. Есепшоты ___________________________________________________ 9. Бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН) __________________________ 10. Электрондық мекенжайы _____________________________________ 11. Өтiнiм беру себебi (қажеттісінің астын сызыңыз): 1) АТ және ТҚЖ жөнiндегi ұйымның сертификатын алуға арналған алғашқы өтiнiм; 2) АТ және ТҚЖ бойынша жұмыс түрлерiнiң (кешендерiнiң) тiзбесiн толықтыру; 3) авиациялық техника типтерінің тiзбесiн толықтыру; 4) кезектi мерзiмге арналған сертификаттау; 5) АТ және ТҚЖ жөнiндегi ұйымның сертификатын керi қайтарып алғаннан/күшiн жойғаннан кейiнгi сертификаттау; 6) АТ және ТҚЖ жөнiндегi ұйымның негiзгi деректерiн өзгерту; 7) басқа себептер (көрсету). 12. Өтiнiмнiң мазмұны Мен, төменде қол қойған, ______________________________________ (ұйым басшысының Т.А.Ә.) _______________(күнi)__________________ бекiтiлген (тiркелген)
Жарғының (Ереженiң) негiзiнде әрекет ететiн техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi ұйымды мынадай авиациялық техникада төменде көрсетiлген қызмет түрiн орындау құқығына сертификаттау жүргiзудi сұраймын:
ӘК, қозғалтқыштың,АТ бұйымының типі |
Қызмет нысаны |
||
ТҚ жедел түрлерi (көрсету) |
ТҚ кезеңдік түрлерi (көрсету) |
Жұмыстардың басқа түрлерi (көрсету) |
|
|
|
|
|
13. Өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi саласындағы заңнаманың талаптарын мойындайды және оларды орындауға мiндеттенедi.
14. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету үшiн жауапты басшылық құрам:
Лауазымы |
Т.А.Ә. |
Қолы |
АТ және ТҚЖ жөнiндегi ұйымның басшысы |
|
|
Сапаны бақылау (кепiлдiк) жөнiндегi бөлiмшенiң басшысы |
|
|
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________________
20 __ жылғы «___» _____________
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымының қызметі бойынша нұсқау
1. Кіріспе
1) Мазмұны;
2) Мәні және саласы;
3) Қолданыстағы парақ тізбесі;
4) Ревизиялар/толықтырулар тізбесі;
5) Тарату парағы;
6) Пайдаланылатын қысқартулар.
2. Басқару
1) Жауапты басшының өтініші;
2) Қауіпсіздік және сапа саясаты;
3) Басқару персоналы;
4) Басқару персоналының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері;
5) Ұйымды басқару құрылымы;
6) Рұқсат ететін персонал тізілімі;
7) Ұйым жұмысшылары құрамының сипаты;
8) Сертификатта көрсетілген ұйымдар мекенжайларының әрқайсысында орналасқан өндірістік қуаттардың жалпы сипаты;
9) Техникалық қызмет көрсету бойынша (әуе кемелеріне және құрауыштарына) орындалатын жұмыс көлемі;
10) Ұйымдағы өзгерістер туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы хабардар ету рәсімі;
11) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімдері.
3. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі рәсімдер
1) Өнім берушілерді бағалау және қосалқы мердігерді қадағалау рәсімдері;
2) Сыртқы өнім берушілерден әкелінетін ӘК құрауыштары мен материалдарын қабылдау және тексеру;
3) АТ техникалық қызмет көрсетуге арналған құрауыштар мен материалдарды сақтау, таңбалау және беру;
4) Құралдар мен жабдықтарды қабылдау;
5) Құралдар мен жабдықтарды калибрлеу;
6) Персоналдың баламалы құралдар мен жабдықтарды қоса алғанда, құралдар мен жабдықтарды пайдалануы;
7) Техникалық қызмет көрсету объектілерінде тазалық сақтау нормалары;
8) Техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар және олардың ӘК/ӘК құрауыштарын Дайындаушылардың нұсқаулықтарына сәйкестігі, жаңартылуын және техникалық персонал үшін олардың болуын қоса алғанда;
9) Жөндеу бойынша рәсімдер;
10) Пайдаланушығаның ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға сәйкес келуі;
11) Ұшуға жарамдылық директиваларын орындау рәсімдері;
12) Міндетті емес түрлендіруді орындау рәсімі;
13) Техникалық қызмет көрсету бойынша пайдаланылатын құжаттар және оларды толтыру;
14) Техникалық қызмет көрсету жазбаларын бақылау (деректерді есепке алу);
15) Базалық техникалық қызмет көрсетуді жүргізу барысында анықталған ақауларды жою;
16) Техникалық қызмет көрсетуден кейін пайдалануға қайта енгізу рәсімі;
17) Пайдаланушығаның құжаттамасындағы жазбалар;
18) Ақаулар жөнінде құзыретті Пайдаланушығаға/үлгі сертификатын ұстаушыға хабарлау;
19) ӘК жарамсыз құрауыштарын қоймаға қайтару;
20) Сыртқы өнім берушілердің ақаулы құрауыштары бойынша іс-қимыл;
21) Электронды түрде сақталатын есептік деректерді бақылау;
22) Техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарланған жұмысқа қарасты адам-сағатты жоспарлауды бақылау;
23) Техникалық қызмет көрсетудегі қиын жұмыстарды бақылау;
24) Техникалық қызмет көрсету жөніндегі ерекше жұмыстарды жүргізу жөніндегі рәсім бойынша мынадай ақпарат:
қозғалтқыштарды сынау рәсімдері;
ӘК герметикасын тексеру рәсімдері;
ӘК сүйрету рәсімдері;
ӘК рульдеу бойынша рәсімдер;
құрауыштар мен материалдарды кәдеге жарату;
25) Техникалық қызмет көрсету барысында жіберілген қателерді табу және түзету рәсімдері;
26) Ауысым арасындағы жұмыстарды тапсыру рәсімдері;
27) Үлгі сертификатын ұстаушыға техникалық қызмет көрсету барысындағы нақты емес және екіұшты деректер жөнінде ақпарат беру рәсімдері;
28) Өндірісті жоспарлау рәсімдері.
4. Жедел техникалық қызмет көрсету бойынша қосымша рәсімдер
1) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі құрал-саймандарды, ӘК құрауыштарын бақылау;
2) Жерүсті қызмет көрсетуге, отын құюға, мұздануға қарсы арнайы сұйықтықтардың шөгінділерінен тазартылуын тексеруді қоса алғанда, мұздануға қарсы жұмыстарға байланысты жедел техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөніндегі рәсімдер;
3) Жедел техникалық қызмет көрсету барысында кемшіліктерді және қайталанатын ақауларды бақылау;
4) Жедел техникалық қызмет көрсету кезінде борттық журналды толтыру рәсімі;
5) Жедел техникалық қызмет көрсету кезінде келісілген және қарызға алынған қосалқы бөлшектерді жеткізу рәсімі;
6) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі әуе кемесінен алынған ақаулы қосалқы бөлшектерді қайтару рәсімі;
7) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі күрделі міндеттерді бақылау рәсімі.
5. Сапа жүйесінің рәсімдері
1) Техникалық қызмет көрсету аудитін ұйымдастыру рәсімдері;
2) ӘК және құрауыштарының аудиті;
3) Аудит кезінде анықталған кемшіліктерді (ақауларды) жою рәсімі;
4) Техникалық қызмет көрсету жөнінде куәлік беретін персоналға біліктілік беру және оны оқыту рәсімдері;
5) Техникалық қызмет көрсету жөнінде куәлік беретін персонал бойынша есептік деректер;
6) Сапа жүйесінің аудиторлары;
7) Инспекторлардың (қосалқы тексеруді қажет ететін жұмыстарды тексеретін) біліктілігін бақылау;
8) Техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманының біліктілігін бақылау;
9) Техникалық қызмет көрсету бойынша көзделген техникалық қызмет көрсету көлемінен ауытқу процесін басқару;
10) Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру рәсімдерінен ауытқу рұқсаттарын бақылау;
11) Дәнекерлеу сияқты мамандандырылған жұмыстарға арналған біліктілік рәсімі, ыдыратпайтын бақылау;
12) Жасап Дайындаушы зауыттың және басқа да сыртқы орындаушылардың техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыс топтарының жұмысын бақылау;
13) Адами фактор бойынша оқыту рәсімі;
14) Персоналдың құзыреттілігін бағалау.
6. Техникалық қызмет көрсетудің орындалуы
1) Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету орындалатын Пайдаланушығалар тізбесі;
2) Пайдаланушығаның рәсімі және оның құжаттарымен жұмыс;
3) Пайдаланушығаның техникалық құжаттамасын толтыру.
7. Қосымша мәліметтер
1) Құжаттардың үлгілері;
2) Қосалқы мердігерлердің тізімі;
3) Жедел техникалық қызмет көрсету станцияларының тізімі;
4) Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету орындалатын Пайдаланушығалар тізімі.
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтер
1. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның бағаны Басқару персоналын көрсету:
Уәкілетті ұйым тұлғасына арналған баған: Уәкілетті ұйымның қызметкерінің Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның:
|
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |